1. Әкімшілдік стиль (өктемдік стиль) – бұл әкімдікке құмар, шексіз билеуге, құрғақ беделге ие болу, басшының рөлін көтеру, ұжымның мүмкіндіктерін бағаламау. Мұндай басшы қарамағындағы қызметкерлермен құрғақ ресми сөйлеседі, сынды көтермейді, өз пікірін зорлап міндеттейді.
Ұжымда қолайсыз психологиялық жағдай туғызатын басқару стилі - әкімшілдік.
2. Демократиялық стиль – бұл стильмен өз жұмысын басқаратын мектеп директоры басқару міндеттерін өзара орынбасарларымен бөліседі, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне жағдай жасайды, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің негізгі жолдарын іздестіреді, жұмысты нақты жоспар бойынша істеп, ұжым мүшелерінің қатысуымен мәселелерді шешу үшін дәлеледі шешімдер қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |