Жылдық оқу-тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы:
Кіріспе – өткен оқу жылындағы мектеп жұмысына қысқаша талдау жасау, негізгі жетістіктерді, себептерін көрсету.
Жаңа оқу жылына қойылатын міндеттерді өткен оқу жылының нәтижелеріне сәйкес анықтау.
Жоспардың негізгі бөлімдері, олардың мазмұны.
Зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда мектеп жұмысының жалпы жоспары әр түрлі бөлімдерден тұрады. Мұны Г.И.Горская мен Р.Г.Чуракованың, Т.М.Куриленконың және П.В.Худоминскийдің жұмыстарынан көруге болады. Егер логикалық бірізділік принципі тұрғысынан қарастырсақ, онда мектептің жылдық оқу-тәрбие жұмысының жоспары мынадай бөлімдерден құрастырылған дұрыс:
Оқу жұмысы;
Тәрбие жұмысы;
Мектеп пен отбасының бірлестігі;
Педагогикалық кадрлармен жұмыс;
Қаржы және шаруашылық жұмыстары;
Педагогикалық кеңестің жұмыстары.
Мектептің ғылыми педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырудың негізгі белгісі – мектептің жылдық жоспары.
Ал білім беру мекемесінің іс – әрекетін , құрылымын анықтайтын ережелер жиынтығы – жарғы.
Достарыңызбен бөлісу: |