Пән:Қазақ тілі /1-2 сабақ
Сынып:8
|
Күні:
Қатыспаған оқушылар саны Қатысқан оқшылар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мен армандайтын мектеп
|
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.1.1.1 - Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;
8.2.1.1.-тұрақты тіркестер мен көркемдеуіш құралдарды қолданып,ауызша мәтіндер құрау;
8.5.1.1.-болжалдық сан есімдерді жазба,ауызша жұмыстарды орынды қолдану;
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы:тірек сөздер,иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжайды;
Оқушылардың көпшілігі:тұрақты тіркестер мен көркемдеуіш құралдарды қолданып,мәтін құрайды;
Оқушылардың кейбірі:болжалдық сан есімдерді қолданады;
|
Бағалау критерийлері
|
Т.Сұлтанбековтың «Ғажайып планета» шығармасы жайлы ақпарат береді,мәтін құрайды,көтерілетін мәселені болжайды,өз ойын айтады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге деген лексика мен терминология:артықшылық,талап,өзекті,білімпаз,мәтін құрайды.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:арманым,мектебім,жаңашыл
|
Бастапқы білім
|
7-сыныпта өткен тақырыптарды қайталату,ой шақыру сұрақтар қою.Кемшіліктерді анықтайды,түзейді.
|
Жоспары
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Мадақтар бұрқасыны» тәсілі.Оқушылар 1 минутта бір парақ қағазға ұстазына естігісі келетін мадақтарды жазады, көршісімен алмасып,бір-бірінің жазғандарын оқып береді.
Қызығушылықты ояту.Оқушыларға тірек сөздердің қиындыларын береді.Оқушылар әріптерден арман ,бақыт,қуаныш сөз құрайды,құралған тірек сөздерге қатысты өз ойларын айтады,кластер құрайды.
|