Сабақтың тақырыбы Мен және менің Отаным Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет20/35
Дата11.09.2023
өлшемі152,56 Kb.
#180710
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
1-сынып 1-2-3-4 тоқсан 472б

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

(МК.Ұ.ОТ)
1-тапсырма. Талдау.

  1. Мұғалім сабақтың басында оқушыларға Әбділда Тәжібаевтың «Жайлау» өлеңінің үзіндісін мәнерлеп оқып береді.

Шыжыған ыстық айларда,
Не жетсін тауда жайлауға!
Жайылған малға қосылып,
Жатады бұлттар сайларда.
Теңіздей майса толқиды,
Желпіп жел, жауын шайғанда.
Жазығы жайған кілемдей
Жарысып құлын ойнауға.
(М) Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет береді. Ол – көрнекті ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Көптеген өлеңдерінде Отанын, туған жерін, табиғат пен жан-жануарларды, өмір мен жақсы адамдарды жырлаған. Балаларға арналған өлеңдер де жазған.
(О) Тапсырма мен сұрақтар:
- Сыныппен бирге «Асы жайлауы» деген бейнетаспаны тамашала. Есте қалған көріністерді әңгімелеп айт.
-Бейнетаспада қай жыл мезгілі көрсетілген?
-Адамдар қандай тіршілік жасап жүр?
-Тігілген киіз үй бар ма?

Ә.Тәжібаевтың «Жайлау» деген өлеңін тыңдайды, бейнетаспа көреді. Сыныппен бірге тақырыпқа байланысты талдауға қатысып, өз пікірін айтады.




«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы,
Фоно - хрестоматия.

Жайлау әні



Ортасы

(МК.Ұ.ОТ)
2-тапсырма. Тыңдау. Талдау.
Жайлауда. (Мағауия Хамзиннің күйі)
(М) Оқушыларға күй және автор туралы мәліметті музыка тыңдау әдістемесі бойынша береді.
Бейнетаспа қойып, оқушыларға күй тыңдатады. Мазмұны бойынша әңгімелеседі, өз түсінігін айтып, тағы бір рет тыңдатады.
М.Хамзин (1927-2000) домбырашы, күйші-композитор, шертпе күй шебер орындаушылардың бірі. Қазақстанның халық әртісі.
(О) Тапсырма мен сұрақтар:
-Күйді зер салып тыңда.
-Күй қандай көңіл күйде орындалады?
-Қай түстер шығарманың көңіл күйін сипаттайды?
(М.О)
«Шағын концерт»
«Саяхат» тақырыбының соңғы сабағы болғандықтан, барлық үйренген әндер шағын концерт түрінде қайталанады.
Концерт талаптары:
-Әндерді көркем, әндетіп, әдемі әрі анық айту.
-Ұжыммен бірге ән айтқанда бір-бірін тыңдап, мұғалімнің дирижерлік қимылдары бойынша орындау қажет.

М.Хамзиннің «Жайлау» күйін тыңдайды, берілген сұрақтарға жауап береді.

Сыныппен бірге дайындаған концертке қатысады, бесінші тақырып бойынша әндерді орындау өнерін көрсетеді.






«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно – хрестоматия
Маауия Хамзин
Үлестірмелі қағаздар, музыкалық шулы аспаптар, үнтаспа

Соңы

Сабақ соңында оқушылар өздерінің іс-әрекетін рефлексия негізінде бағалайды.
(О) Бағалау. Рефлексия.
-Бүгінгі сабақта мен не білдім?
-Бүгінгі сабақта нені үйрендім?
-М.Хамзинның «Жайлау» күйін тыңдағанда қандай әсер алдым?
-Орындағанда қандай қиындықтар болды?

Рефлексия. «Бағдаршам»:


Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.

Қойылған сұрақтарға өз ойларын айтады.







Оқу ісінің меңгерушісі. Оразымбетов Б.

Бөлім: музыка

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Педагогтің аты- жөні

Мамырова Аширкул Кузеновна.

Күні

18.02.2022ж.

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет