Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Сабақтың мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі39,75 Kb.
#5438
түріСабақ
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

министрлігі
63 негізгі орта мектеп


2б сынып жетекшісі: Н. Молдабекова

Шымкент
Сабақтың тақырыбы: Мәтін.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: оқушыларды логикалық мағынасын бұзбай мәтін құрастыруға, мазмұнына лайық ат қоюға үйрету, мәтін түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, мәтін туралы білімдерін кеңейту.

ә) Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға баулу.

б) Тәрбиелік; қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы, туған жерінің табиғатын сүйе білуге және қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі; Бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, үлгі кесте, суреттеу

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: магнитті тақта, табиғат суреті, үлгі кесте, қима қағаз.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.

Мәтінге ат қоюға болады.



  1. Топтастыру стратегиясы:

пайымдау мәтіннің тақырыбы




Мәтін

сипаттау мәтіндегі негізгі ой

әңгімелеу
-Оқушыларды 2 тілде 3-ке дейін санату арқылы топқа бөлу.

-Үй тапсырмасын тексеру, оқыту. (95-жаттығу). Берілген сөзде астындағы сұрақтардың ретімен орналастырған сөйлемдерін оқытып, пысықтау.

1. Әсел дүкенге барды.

2. Ала бұзау мөңіреді.

3. Он бала сабаққа келді.
ІІІ. Жаңа сабақ.

-Жаңа сабақтың мақсаты хабарлау.

-Оқулықпен жұмыс.

97-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыту. Мәтінде не туралы айтылған? Мәтінге ат қой. «Бал арасы».

-Дәптермен жұмыс.

Дәптерлеріне күн ретін, сабақтың тақырыбын жаздыру.



98-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Жатқа жаз. Бұл жұмбақ мәтіннің қай түріне жатады? Әңгімелеу мәтіні ме, әлде сипаттау мәтіні ме?

Ат басты, Таусылмайтын әні бар.

Бөкен саны бар, Не мақұлық?

Секіреді қояндай, Танып ал.

Шешуі: Шегіртке

-Жұмбақ сипаттау мәтіні.


99-жаттығу. Аталған тақырып пен тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрау.

Тақырып: «Аурудан аяған күштірек».

Тірек сөздер: Сейіт, арба, соғып кету, аяғының сынуы, жыламау, сынықшы, таңдану, шешесі, жаны ашу.

І топ: Мәтінді оқыту

ІІ топ: Мәтіннің қай түріне жататынын анықтау

ІІІ топ: Балаға мінездеме беру.
-Сергіту сәті:

100-жаттығу. Төмендегі сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр.




Оқиғаның басталуы

Оқиғаның аяқталуы

Оқиғаның одан әрі қарай дамуы


-Суретпен жұмыс:

Күз айы еді. Сәкен аула жапырақтарын тазартып жүрген. Бір кезде ағаш басындағы алмаға көзі түсті. Ол ағашқа шықты. Бұтақ сынып кетті. Сәкен ағаш түбіне құлап түсті. Үзіліп түскен алма кірпінің үстінде кетті. Сәкен таңырқай қарап қалды.


-Үнтаспамен жұмыс.

Үнтаспадан аңдардың немесе төрт-түлік малдың дауысы тыңдатылды. Қай аңның дауысы екенін анықтап, әр топ өзі қалаған аңдардың бірін сипаттап жазады.



ІҮ. Ой толғаныс:

Бүгінгі біздің орындаған тапсырмаларымыз не туралы деп ойлайсыңдар?-Табиғат.



І топ: Табиғат жайлы мақал-мәтелдер айту, құрастыру.

ІІ топ: Табиғат туралы шағын әңгіме құрау.

ІІІ топ: Табиғат туралы өлең құрастыру.

Ү. Үйге тапсырма: 101-жаттығу

ҮІ. Оқушыларды бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 021c
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
021c -> Ахмет Байтұрсынұлы
021c -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Негізгі ұғым дар
021c -> Менің оқушыларымның шығармашылық жұмыстары Алғы сөз
021c -> 3. 1 Паскаль программалау тiлi


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет