Сабақтың тақырыбы: «Құмырадағы гүл»



Дата05.06.2017
өлшемі46.99 Kb.
түріСабақ
Күні: 26.02.2016

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: «Құмырадағы гүл»

I.Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: Оқушылардың бисер мен моншақ жапсырмалаудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;
б)Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.
в)Дамытушылық: оқушыларға бисерді жапсырмалауды үйрете отырып ой-қиялдарын дамыту.
Сабақ түрі: аралас сабақ, сарамандық.

Көрнекіліктер: бисерден жасалған бұйымдар, үлгілері

Құрал-жабдықтар: бисер, ине, пва желімі, ақ қағаз

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, жоқтарын белгілеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.



II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақ. Кіріспе
Моншақпен сәнді жұмыстар жасау тарихы өте әріден басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлерінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген. Адам баласы ерте кездің өзінде тұрмысында қолданатын заттарын түрлі дән, жидек, ұлу және түсті тастарды қолдан есілген үзілмейтін шөптерге, аттың қылына тізіп, тігу, тоқу арқылы безендіре білген.

Аңыз бойынша өте ерте уақытта бай саудагер Жерорта теңізінен Африкаға табиғи сода әкеле жатып құмды жағалауға түнеп, тамақ дайындау мақсатында түнде от жағады. Оттың қасына үлкен кесек содаларын түсіріп қояды. Таңертең оттың қолан тасынан ғажайып тас сияқты қатты су сияқты мөлдір, таза күн сәулесіне қызған кристалды көреді. Бұл қазіргі әйнек еді. Осыдан бастап әйнектен түрлі формадағы моншақтар жасала бастады. Осылайша әйнек дүиеге келген.

Әйнектің алғаш құпиясын финикия елі ашқан деген аңыз бар. Әйнектен моншақтарды жасаған. ХХ ғасырда моншақтан бисерден киімнің өңірлерін әшекейледі. Бисерден мойынға тағатын әшекей, білезік, сырға, жүзік сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар, әр түрлі картиналар да жасауға болады.  

Ұсақ, домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл керамикалы металдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды.


Бисерден үлкендерін кәдімгі моншақ деп атайды.

Бүгінгі сабағымыз құмырадағы гүл болғандықтан гүлдің жақсы қасиеттерін айта кетейік:



  1. Гүлдер біздің жер шарымызды көркейтушілер.

  2. Гүлдер бізге қуаныш пен сезім әкеледі.

  3. Гүлдер туралы ақындар көптеген өлеңдер жазады және әндер шығарады. Гүл әсемдік пен әдеміліктің белгісі.

Сергіту сәті:

Сарамандық жұмыс.

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. (қайшымен, инемен, клеймен)

1.      Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
2.      Қайшыны арнайы қобдишада сақтау керек.
3.      Инені киімге қыстыруға болмайды.
4.      Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс.
5.      Инені тістеп ауызға салуға болмайды.


  1. Желімнің қақпағын ашық қалдырма.

  2. Желіммен жұмыс істегенде абай бол.

  3. Желімді аузыңа салма. Қағаздарды желімдеу үшін үстіне қағаз қойып бас т.б.

  4. Моншақты ауызға салма

  5. Моншақты арнайы ыдыстарда сақтау

Жұмыс барысын түсіндіріп нұсқау картасы ілінеді.


Жаңа сабақты бекіту.

  1. Су моншақпен жұмыс істеу арқылы өзімізге қандай дайындық алдық?

  2. Су моншақпен әр түрлі әшекейлер жасауды үйрендік?

  3. Моншақ түрлерін ажырата аламыз ба?

Сабақ қорытындысы.

1.Бисерді ең көп шығаратын ел? (Жапония)

2. Бисер деп нелерді атайды?

3. Әйнекті тұңғыш ойлап тапқан қай ел? (Финикия)



Үй тапсырмасы: Үйден өз беттерінше, өздері қалаған сызбаға бисермен жұмыс жасау.

Бағалау. Оқушылардың жасаған жұмыстарын мадақтай отырып бағалау.

Су моншақтан гүл жасаудың нұсқау картасы



Атқарылатын жұмыстың мазмұны

Жасалу кезеңдері

Қажетті құрал-саймандар

1

Альбом парағына дайындалған «құмырадағы гүл» бейнесін түсіру



Жұмыс үстелі, альбом парағы, қарындаш, өшіргіш, ПВА желімі, су моншақтары

Пышақ


Қарындаш, өшіргіш, А4 қағазы

2


Дайындалған құмырадағы гүл нұсқасын бөліктерге сәйкес жапсыру




3

Бұйымды аяқтау



Каталог: uploads -> doc -> 00f0
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00f0 -> Өмірбаяны Ыбырай Алтынсарин


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет