Сабақтың тақырыбы: Құмырсқалар. Кәдірбек Сегізбайұлы


ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау



бет2/4
Дата27.12.2016
өлшемі0,76 Mb.
#5750
түріСабақ
1   2   3   4

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгімеден Қасымның қандай бала екенін аңғаруға бола ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың, қыс мезгілінде құстар қалай өмір сүреді?

Ү. Жаңа сабақ:

1. Максим Зверев «Саусағымды бір нәрсе шым еткізіп тістеп алғандай болды» дейді. Ол не нәрсе екен? Әңгімені оқып көрейік.

2. Оқулықпен жұмыс.түсініп, іштей, тізбектей оқу. Мәтін қандай үлгіде жазылған деп ойлайсың (хабарлау ма, сипаттау ма, дәлелдеу ме)? Суықторғайды тауып алған кісі оны қайда алып келді?

3. Сөздік жұмыс. Бедері – ізі, белгісі.



ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

1.«Аш өзегіне түсіп кетпесін» деген сөздің мән-мағынасын қалай түсінесің? Суықторғайдың аянышты халі суреттелген тұсты тауып оқы.

2. Сызбаны толықтыр.

көздері қорқыныш тұнып тұр.

жүрегі тулап алақанына ап-анық сезілді

денесі қызғылт түсті, ұзын құйрық, салмақсыз нәрсе сияқты.

2. Торғайдың дәнді жеп болғаннан кейінгі әрекетін сипатта. ( Рахаттанғаны сондай, ...).



ҮІІ. Қорыту. Әңгімеге жоспар құр. Торғай туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу. 2. Бағалау.
Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Аппақ қыс. Төлеген Айбергенов.

Мақсаты: Оқушыны Төлеген Айбергеновтың «Аппақ құс» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; ақынның кейіптеу кезіндегі пайдаланған әсерлі сөздерінің түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Мәтін қандай үлгіде жазылған деп ойлайсың?(сипаттау). Суықторғайды тауып алған кісі оны қайда алып келді? Торғайдың дәнді жеп болғаннан кейінгі әсерін айт.

2. ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен жолаушының орнында болсаң не істер едің? Құстардың қыстап қалу себебі неде? Қандай құстар қыстап қалады? (қарға, сауысқан, алақарға, торғай). Торғай туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер?

Торғай, торғай – тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап,

Аяқтарың жыпылдап,

Қанаттарың сыпылдап,

Көрінгеннен қорғалап,

Жүресің жорғалап. М. Әлімбаев.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Қандай қысқы еңбек түрлерін білесің? Өзің қандай еңбек түрін ұнатасың?



Ү. Жаңа сабақ:

1.кіріспе. Суреттер бойынша әңгімелеу. Олай болса, бүгінгі сабақта Төлеген Айбергеновтың «Аппақ құс» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқу арқылы қыс кереметімен танысамыз.

2. Оқулықпен жұмыс. Іштей, дауыстап, жалғастырып, мәнерлеп, ырғағына келтіріп оқу.

3. Сөздік жұмыс. Сәукеле – ұзатылатын қыз киетін сәнді бас киім.

4. Ақын өзен, теңіз, тау-төбе не киген дейді? Аяқ астында жатқан қардың сықырын, қырдағы ізді неге ұқсатады? (Рояльдің ақ тіліне) Таңғажайып ақ әлем қалай сырласады дейді? Омбылап қарды кешіп ақын нені іздеп келеді? (көктемді).



ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

1. Қыс көрінісін суреттеуде ақын қандай тәсілді пайдаланған? Кейіптеу дегенді есіңе түсір. («Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады») .



ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта біз не жайлы білдік? Алдыңғы беттегі сурет бойынша әңгіме құрап жаз. Құрастырған әңгімеңе өлеңдегі көркем сөздерді пайдалануға тырыс.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп, мәнерлеп оқу, сурет салу.


Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Өсіп келе жатырмын. Төлеген Айбергенов.

Мақсаты: Оқушыны Төлеген Айбергеновтың «Өсіп келе жатырмын» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; ақынның кейіптеу кезіндегі пайдаланған әсерлі сөздерінің түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Ақын өзен, теңіз, тау-төбе не киген дейді?

2. Аяқ астында жатқан қардың сықырын, қырдағы ізді неге ұқсатады? (Рояльдің ақ тіліне)

3. Таңғажайып ақ әлем қалай сырласады дейді?

4. Омбылап қарды кешіп ақын нені іздеп келеді? (көктемді).

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қыс мезгілі саған несімен ұнайды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ:

Олай болса, бүгінгі сабақта Төлеген Айбергеновтың тағы бір «Өсіп келе жатырмын» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқу арқылы баланың өсу дәрежесімен танысамыз. оқу.



Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп, түсініп. Ырғақ нақышына келтіріп оқу. Өлеңнің ұйқасына назар аудар. Өлеңнің қандай жолдары бір-бірімен ұйқасып тұр?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

Өлеңде ақын не жайлы жазған?

Ақынның өзіне деген сенімі өлеңнің қай жолдарынан байқалады?

«Адал тер» дегенді қалай түсінесің?



ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Өлеңнің соңғы шумағын оқып, жатқа жаз.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Жаттау. № 1 тапсырма. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:Мен таңдайтын мамандық...Өтепберген Ақыпбекұлы.

Мақсаты: Оқушыны Өтепберген Ақылбекұлының «Мен таңдайтын мамандық...» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; ақынның ой түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; мамандық таңдауға баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді жатқа сұрау.Өлеңде ақын не жайлы жазған? Ақынның өзіне деген сенімі өлеңнің қай жолдарынан байқалады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Адал тер» дегенді қалай түсінесің? Өз ойың.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Қандай мамандықтарды білесіңдер? Сендердің ата-аналарыңның мамандығы жайлы не айтар едіңдер?



Ү. Жаңа сабақ:

1. кіріспе. Тақтадағы мамандық жайлы суреттер топтамасы бойынша не айтар едіңдер? Өтепберген Ақылбекұлының «Мен таңдайтын мамандық...» атты өлеңінен өзімізге қандай мамандық таңдасақ екен? Мүмкін, мына өлеңде біздің болашақ мамандығымыз туралы бар шығар...

2. Оқулықпен жұмыс. Түсініп, мәнерлеп оқу. Әр мамандықты жеке-жеке оқып ол туралы білетіндерін әңгімелету.

3. Сөздік жұмыс.



Ғұмыр – өмір.

Жалгер – жалданып жұмыс істейтіндер.

Ғанибетмұнда: игілік, игілікті іс. Дәптермен жұмыс. Сызбаларды толтыру.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

Өлеңде қандай мамандықтардың аты аталады? (әнші, кәсіпкер, вело- спортшы, геолог, ғалым, ғарышкер, елші).

Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасың? ...

Өлеңде Күләш пен Әміре депкімдерді айтып отыр? (Әнші Күләш Байсейтова, Әміре Қашаубаев туралы).



ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік?

Өлеңде өзің таңдаған мамандығың бар ма екен?

Сол мамандық туралы айтып бере аласың ба?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Өзіңне ұнаған бөлігін жаттап ал, мәнерлеп оқы. 2. Бағалау.


Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Сурет салғым келмейді. Марат Қабанбай.

Мақсаты: Оқушыны Марат Қабанбайдың «Сурет салғым келмейді» атты әңгімесін оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; жазушының ой түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; адамгершілікке, кешірімшілдікке баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Өлеңде қандай мамандықтардың аты аталады? (әнші, кәсіпкер, вело- спортшы, геолог, ғалым, ғарышкер, елші). Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасың? ... Өлеңде Күләш пен Әміре депкімдерді айтып отыр? (Әнші Күләш Байсейтова, Әміре Қашаубаев туралы).

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қандай мамандықтар жайлы білесің? Саған ұнағаны?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: Марат Қабанбайдың «Сурет салғым келмейді» атты әңгімесіндегі Ержанның неге сурет салғысы келмегенін оқып білейік.

Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып оқу. Әр азат жолдың мағынасын жеке түсіндіріп айту арқылы талдау. Әңгімеде аты аталған суретшілер туралы естуің бар ма?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1.Мұғалімнің оқушыларға ана жөнінде айтқан әңгімесін, яғни сабаққа арналған кіріспе сөзін тауып оқы. (Біз, әдетте, планетамызды Жер-Ана деп қастерлейміз. ...). 2. Анаға арнап сурет салған атақты Суретшілердің атын дәптеріңе жазып ал. (Нефертити, Леонардо да Винчи, Рафаэль, Қанафия Телжанов).ҮІІ. Қорыту. Әңгіме соңындағы Салауат ағайдың сұрағына жауап іздеп, шығарманы өз ой

ыңмен аяқта.



ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп оқу, әңгімелеу. Өз анаңның суретін салып көр.
Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Үйрену. Әбдірахман Асылбеков.

Мақсаты: Оқушыны Әбдірахман Асылбековтің «Үйрену» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Ержан неге сурет салғысы келмеді? Мәтіннен қандай суретшілердің атын білдік? Неге Салауат ағай сасып қалды?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Әңгімені қалай аяқтар едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер мектепке келгеннен кейін неге үйрендіңдер? Әңгімелеп беріңдерші.



Ү. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабақта Әбдірахман Асылбековтің «Үйрену» атты өлеңінен нені үйренуге болатынын білеміз. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.

Адам табиғаттағы жан-жануарларға, табиғат құбылыстарына қарап, қандай өнерлер үйреніпті? (инелікке – тікұшақты, балыққа – сүңгуір қайықты, жирафқа – кранды, ақ құманның қақпағыныңбүлкілдеуі – паравоз, бұлбұлға қарап – ән салуды. Аяздың суретіне – өрнек салуды).



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Тағы қандай заттар мен құбылыстарға қарап нелерді жасауға болады? Мына үлгілік сызба бойынша оны дәптеріңе толықтырып жаз.

Неге қарап нені жасаған?


инелікке – тікұшақты

балыққа – сүңгуір қайықты

жирафқа – кранды
ҮІІ. Қорыту. Осы өлеңді оқығаннан кейін сенің өзің қандай затты жасауды, үйренуді армандадың?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Үлек. Мамытбек Қалдыбаев.

Мақсаты: Оқушыны Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» атты әңгімені түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету; әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлігін тексеру.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Көрінбейтін адам» жайлы не білесің? Киносын көргендерің бар ма? Жазушы оның қандай қасиетін ерекше әңгімелейді? Нейтрон бөлшектерінің көрінбейтін адаммен қандай ұқсастығы бар екен? Оны кім ойлап тауыпты? Атом бомбасынан зардап шеккен қандай елдерді білесіңдер? Біздің еліміздің қай өңірінде атом сынақтары жүргізілді? Атом электр станциялары туралы естігенің бар ма?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен көрінбейтін адам болсаң не істер едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Үлек деген не? Естуің бар ма? Түйенің қандай түрлері бар?



Жаңа сабақ: 1.Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» атты әңгімесін түсініп оқып көрелік, мүмкін осы сұрақтарға жауап таба алармыз?!

2.Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып тізбектей оқу.

3. Сөздік жұмыс.Үлекнардың бурасы( сыңар өркеш түйені «нар» дейді.

3. Көркем шығармада кездесетін адамның сыртқы түрін, кескін-келбетін,

4. жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейді.

4. 4. Есіңде болсын:



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Үлек дегеніміз не? Мәтінге сүйеніп, оған сипаттама бер. Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды? Балалар неден, неге қатты қорықты? Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?

2. а)Әңгімедегі жер аттары мен түйе жейтін шөптердің аттарын жазып ал. (Бозоба, Сарапан, Тасқұдық – жердің аты; изен, жусан, сар шөптердің аты). ә). Үлекке сипаттама жаз. (Үлек – нардың бурасы. Ол сыңар өркешті...).

б) Әңгімедегі Мүлкібай атаның портретін көрсететін тіркестерді теріп жаз. (Қоржиған кішкентай, кішкентай ап-арық, кіп – кішкентай ап – арық ).

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік?

Әңгіменің ең соңғы сөйлемінен қандай қорытынды айтуға болады? ( - Иесіне кім бағынбайды, - деді.) ???



ҮІІІ. Үйге тапсырма:

1. түсініп оқу, осыған ұқсас оқиға болса ата-әжелеріңнен сұрап біліп кел. 2. Бағалау.



Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ана құшағында. Ғабит Мүсірепов.

Мақсаты: Оқушыны Ғабит Мүсіреповтың «Ана құшағында» атты романнан үзіндіні түсініп оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету; өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту;

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. (оқушыларды топқа бөліп, қима қағаздар тарату арқылы бөліктерге бөліп сұрау). Үлек дегеніміз не? Мәтінге сүйеніп, оған сипаттама бер. Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды? Балалар неден, неге қатты қорықты? Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгіменің ең соңғы сөйлемінен қандай қорытынды шығардың? Тағы не қосарың бар?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендердің араларыңда оқығысы келмеген балалар бар ма екен? Ал, оқығысы келетіндер ше? Ғабит Мүсірепов жайлы не білеміз?



Ү. Жаңа сабақ: 1. Ғабит Мүсірепов – қазақтың аса көрнекті жазушысы (1902 – 1985). Оның «Тұтқын қыз», «Қазақ солдаты» атты еңбектері бар. Алматы қаласында ол кісіге арналған ескерткіш бар. Қазақ жастарына қалдырған өсиет сөзі де бар. «Құрметтейік, бас иейік адам баласының мәңгілік ортақ бесігі – Жер - Анамызға». Олай болса, мына әлсіз дауыс неге шырылдап шықты екен?! «Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің?...» Осы Қайроштың қайда кетіп қалғанын анықтау үшін әңгімені түсініп оқып көрелік.

Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып оқу. Теріп оқу. Мәтіннің өзекті түйінін табу. Анасының Қайрошты құшақтаған сәтін тауып оқы.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

1. Анасы Қайрошты қайда іздеп келді? Қайроштың досының аты кім? (Шеген) Оның атын әңгіменің қай жерінде кездестіресің? (Әңгіменің басында ... тізесіне сорпа шашырағанда; ... Анасы кеткенде Қайроштың көзінен жас шыққанда.) Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады? Мариям апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың?

2. Қайроштың анасына мына үлгі бойынша сипаттама жаз.

Қандай? Қайроштың анасы.

киімі үлкен жаулығы, көк шұбар кең көйлегі

мінезі мейрімді, ақылды, сөзге тоқтайтын адам

сөйлеген сөзі даусы әлсіз, нақты



ҮІІ. Қорыту. Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады? Егер сен Қайроштың орнында болсаң, не істер едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу, өз анаң туралы не айтар едің? 2. Бағалау.
Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Түнгі сәуле. Сәкен Жүнісов.

Мақсаты: Оқушыны Сәкен Жүнісовтың «Түнгі сәуле» атты әңгімесін дұрыс, түсініп, жалғастырып оқуға үйрету; әңгіменің негізгі түйінін, яғни Жеңіс пен Бауыржанның ерлік азаматтығы жайлы айта отырып өзекті мәселені ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» атты әңгімесінде не жайлы әңгімеленеді? Атасы қымызды қандай ыдысқа құйып алды? Арғын мен атасы қайда келді? (Көктомарға). Атасы таза ауада демалғанды неге ұқсатады? (қыранға). Атасы шөп шабуға дайындалып, нені шыңдайды? (шалғы). Арғын атасынан не сұрап ішті? (қымыз). (тоқым). Арғын атасына не жасайын деп ниет білдірді? (қолғабыс). Атасы Арғынға не ұстатты? (тырнауыш). Атасы шөпті немен шапты? (шалғы). Шөпті неге тиеді? (арба).

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: («Тоқым қағар») Не деген сөз шықты. Осы шыққан сөзді қалай түсінесің? Ол нені білдіреді?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: 1. кіріспе: Сәкен Жүнісов – қазақтың көрнекті жазушыларының бірі. Жазушының «Аманай мен Заманай» романы бойынша көркем фильм түсірілген. Сол шығармадан келтірілген «Түнгі сәуле» әңгімесі өздеріңдей балалардың басынан кешкен қызықты оқиғалары туралы айтылады.

2. оқулықпен жұмыс: мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Әр азат жолға тоқталып, оқушы өзі оқығаны жайлы түсінік беріп отырады.

3. Сөздік жұмыс: Күпшек – дөңгелектің білік кигізілетін, шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі.

4. Жапар неге мазасызданып, ашуланып жүр? Жеңіс пен Бауыржан кімге көмектесті? Егер Жеңіс машинаға ескерту жасамағанда не болар еді деп ойлайсың?



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Бауыржанның қараңғыда жалғыз қалып, қатты қорыққан тұсын тауып оқы. (Жаңа ғана екеуі жүргенде батыл жүрген, тіпті көңілінде ...). Қалай ойлайсың, балалар өздері қорқып жүріп өзге адамдарға жақсылық жасағаны, саған қандай әсер етті? Сен не істер едің? Әңгімені өз ойыңмен аяқта.

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Берілген жоспарды мәтін мазмұны бойынша ретке келтіріп жаз.

1. Бауыржанның қорқуы. (2)

2. Балалардың адасқан машинаға көмектесуі. (3)

3. Ата – анасының қобалжуы. (1)



ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.


Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Көкшетау. Ілияс Жансүгіров.

Мақсаты: Оқушыны Ілияс Жансүгіровтің «Көкшетау» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Каталог: uploads -> doc -> 0d18
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d18 -> Бритаралдары, Кайман аралдары, Монтесеррат, Теркс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет