Пәні: География Сыныбы: 9а,ә,б күні: 28.11.15
Сабақтың тақырыбы: Мұнай, газ және көмір өнеркәсібі.
1.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?
Білу: Көмір өнеркәсібі мен электр энергиясын өндіретін салалар туралы білу.
Түсіну: Ел экономикасын дамытуда отын өнеркәсібінің маңызын түсіндіру.
Қолдану: Көмір өнеркәсібі мен ЖЭС, СЭС орталықтары мен өндірілетін аймақтарды картадан анықтау.
Талдау: Қазақстанның көмір өнеркәсібі мен электр энергиясының дамуы туралы түсінік беру.
Жинақтау:Жылу электр станциялары мен су электр станцияларының ұқсастығы мен айырмашылығын және ортақ қасиетін анықтау, Қарағанды және Екібастұз көмір алаптарын салыстыру.
Бағалау: Жел, күн энергиялары және жергілікті жердегі электрстансиялар мен олардың қамтамссыз етілуі туралы өз ой—пікірін жазу.
2.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?
Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу
2.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау
3. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?
Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру
4. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?
Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында
Сабақтың барысы
Уақыты
|
Мұғалімнің іс –әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
-сабақтың өткізу жоспарын көрсету.
|
Оқушылар топқа бөлінеді.
Тақтадан күн ретін жазып алады.
сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады
|
10 минут
|
Кіріспе бөлім Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.
Оқулықпен жұмыс:
Электронды оқулық:
Қазақстандағы ірі көмір алаптары .................., ........................., .............................. .
Электр энергясына ........................., ............................., ......................., ..................,
Кокс бұл ........................................................ .
Қарағанды көмір алабына ............................... кіреді.
Екібастұз көмір алаптарына ............................. .......................... ...................................... .
Қазақстандағы негізгі көмір өндірушілер ...................... .............................. .......................... ...................... .............................. ..............................
Көмірді негізгі тұтынушылар .................... .......................... .................. .............. ........... елдері.
Энергия мен жылуды көп қажет ететін өндіріс орындары ................................., ..............................,
Қазақстандағы газдың ірі кен орындары ...................................................................... ................................................................
Жылу электрстанциялары ............................ .............................. ....................... жұмыс істейді
Еліміздегі электр энегриясын өндіретін электрстанциялар ............................ деп бөлінеді.
Қазақстандағы ірі СЭС –ы .........................................
Картамен жұмыс
Кескін картаға Қазақстанның ірі көмір алаптарын түсіріңдер.
Кескін картаға СЭС-ы, ЖЭС-ы және МАЭС-ді түсіріңдер.
|
Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.
|
20 минут
|
Негізгі бөлім
Видио көрсетіп Қазақстандағы отын өнеркәсіп орындарының орналасуын өнеркәсіпдің дамуынның негізгі бағытын анықтату
а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады
ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады
Отын өнеркәсібі
Су ресурсы
Отын-энергетикалық баланс
б)Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады
I-топ. Көмір өнеркәсібінің даму жағдайы мен болашағы.
II-топ. СЭС және ЖЭС өндіру.
III- топ. қазақстандағы баламалы энергия көздері.
IY- топ. Көмір және электр энергиясын өндіруге байланысты қандай экологиялық мәселелер туындайды.
|
а)Оқушылар тақырыпты жазып алады
ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады
б)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды,оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.
|
10 м
инут
|
Қорытынды бөлім
Венн диаграммасы арқылы:
ЖЭС пен СЭС –на салыстырмалы сипаттама жаса.
Кестемен жұмыс
Қарағанды және Екібастұз көмір алаптарын салыстыру арқылы кестені толтыру.
№
|
Салыстыру жоспары
|
Қарағанды көмір алабы
|
Екібастұз көмір алабы
|
1
|
Географиялық орны және тұтынушылары. (қолайлы ма, қолайсыз ба?)
|
|
|
2
|
Өндіру әдісі
|
|
|
3
|
Сапасы
|
|
|
4
|
Тасымалдау
|
|
|
5
|
Өзіндік құны
|
|
|
6
|
Табиғатты қорғау
|
|
|
7
|
Көмір қабатының қалыңдығы
|
|
|
Картамен жұмыс
Кескін картаға Қазақстанның мұнай мен газ кен орындарын және негізгі өндірілетін аудандарын түсіріңдер.
Оқушының жеке пікірі(көзқарасы)
Қазақстандағы газ өнеркәсібінің даму жолдары мен болашағы қалай деп ойлайсыңдар? Өз ойларыңды жазыңдар.
Туған жерлеріңде отынның қандай түрі көбірек пайдаланылады және неліктен?
|
Оқушыларға сұрақтар қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.
Сабақ рефлексиясын жазады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |