Сабақтың тақырыбы: Мұнай және мұнай өнімдері. Сабақтың мақсаты



бет2/2
Дата24.04.2017
өлшемі0,61 Mb.
#14613
түріСабақ
1   2

І)Шаттық шеңбер
.
ІІ. Сабақты түсіндіру

1.Мұнайдың құрамы:

Аромат көмірсутектер

Алкандар

Циклоалкандар

Арендер

Циклопентан



Циклогексан

Мұнай құрамында бұлардан басқа да қосылыстар кездеседі. Оларға: сілтілік жер металдар,минералдар,тағы да басқа типтік металдар. Кездесетін кен орнына байланысты мұнайдың сапалық құрамы да,сандық құрамы да әр түрлі болады.Жоғары көрсетілген кестеге сәйкес мұнай құрамында кездесетін көмірсутектерге байланысты: парафинді, нефтенді, ароматты деп ажыратуға болады.Мысалы,Мақат мұнайы – нефтенді көмірсутектерге бай, Жетібай мұнайы парафиндерге бай.Жер астынан өндіріліп алынған мұнайда су көп болады оны шикі мұнай деп атайды.Шикі мұнайды суынан және қосалқы газдардан тазартып өңдеуге жібереді.



2.Физикалық қасиеттері: Мұнай қара қоңыр түсті,өзіне тән иісі бар, май тәріздес,қоймалжың сұйықтық.Суда ерімейді,бірақ органикалық еріткіштерде ериді.Судан жеңіл,жанғыш зат.(neft – парсы тілінде тез от алғыш зат деген мағынаны білдіреді.)
3.Мұнайды өңдеу әдістері:

• Физикалық әдіс: мұнарада мұнайды фракцияларға бөлу, ол мұнайды айдау әдісі деп аталады.

• Химиялық әдістер: ауыр көмірсутектерді бөлшектеу арқылы жеңіл көмірсутектер алу немесе крекинг процесі және көмірсутектерді ароматтандыру немесе риформинг әдісі.
4.Мұнайды айдау кезінде түзілетін өнімдер:

Газ С1 - С4(60С0), Бензин С5 - С11(60 - 200С0) Лигроин С8 - С14(150 - 250С0) Керосин С12 - С18(180 - 300С0) Газойль С14 - С20(250 - 450С0) Мазут гудрон С20(500С0)

Мұнай өнімдерін белгілі бір қысымда үлкен молекулалы көмірсутектерді қайта өңдеу арқылы бензинді құрайтын кіші молекулаларға айналдыруды крекинг әдісі деп атайды. Бұл процесті орыс ғалымы В.Г Шухов ұсынған.
5.Мұнайды бөлу әдістері:

Сутектену

Кристалдау

Крекинг


Экстаркция

Ретификация

Абсорция,

Адсорбция


6.Мұнайды құрамындағы көмірсутектердің қабілетті реакциялары:

Сутектену

Изомерлену

Сутексіздену

Полимерлену

Алкилдену



Полициклдену

ІІІ. «Мағынаны ашу» Мұнай және оның құрамына, таралуына және қасиеттеріне түсініктеме.



ІV. «Білімді бекіту»

Сауалнама:

1. Қазақстанның мұнайға бай аймағын атаңыз?

А)Атырау


Ә)Қарағанды

Б)Алматы


В)Астана

2.Ашық түсті мұнай өнімдеріне не жатады?

А)Мазут

Ә)Гудрон


Б)Дизель

В)Бензин


3.Мұнайды айдауға арналған қондырғы неше бөліктен тұрады?

А)1 бөлік

Ә)2 бөлік

В)3 бөлік

С)4 бөлік

3. Бензинді ароматтау үрдісін не деп атайды?

А)Детонация

Ә)Ароматтау

Б)Тотығу

В)Кокстеу

4.Бензиннің қопарылыс түрінде жануы не деп аталады?

А)Детонация

Ә)Ароматтау

Б)Тотығу


В)Кокстеу

5.Мазуттың ең соңғы қалдығы

А)гудрон

В)вазелин

С)соляр майы

Д)парафин

6.Мотор жанармайы ретінде қолданылады

А)соляр майы

В)парафин

С)гудрон


Д)вазелин

7.Медицина мен парфюмерияда қолданылады

А)соляр майы

В)парафин

С)вазелин

Д)гудрон


8.Газойлдан не өндіріледі?

А)дизель


В)парафин

С)вазелин

Д)гудрон

9.Ең сапалы бензин

А)АИ-93

В)АИ-98


С)АИ-72

Д)АИ-80


10.Жоғары сапалы мұнай өнімдерін алу процесі

А)риформинг

В)крекинг

С)катализдік



Д)термиялық


Бағалау.
VІ.Үйге тапсырма.§ 7.2 . №17


Каталог: uploads -> doc -> 0200
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0200 -> Пәні: дүниетану Сыныбы: 1“б“ Тақырып
0200 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: : Ms Word редакторында құжатты форматтау тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру
0200 -> Сабақ жоспары Сынып 10 Пәні Информатика Тақырыбы
0200 -> Әдеби сазды кеш: «Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет