Кәрім Сауғабаев 1941 жылы 20 қазанда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданының Едірей ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Балаларға арналған өлеңдері 1972 жылы кітап болып басылып шығады. 1973 жылдан Егіндібұлақ аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы болып жұмыс жасаған. Шығармалары: Мойындау. Өлеңдер «Жазушы»1972ж; Көктем келді, алақай, Өлеңдер «Жалын»1977ж: Ақша қар. Өлеңдер. «Жазушы» 1980ж; Балқан таудың басында. Өлеңдер. «Жазушы»1982ж. Үлкендерден үлгі аламыз. Өлеңдер. «Жазушы»1983ж жарық көрген.
Нанның дастарханға қалай келетіндігін сызба арқылы көрсет.
Тыйым сөздер:
1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды. 2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды. 3.Нанды аяқ астына тастама. 4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды. 5.Нанды сатып алғанда таза дорбаға салыңыз.