Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару Сілтеме



бет1/38
Дата20.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43947
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Математика (6сынып)

Күні







Сабақтың тақырыбы

Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (5-6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Бөлінгіштік белгілер туралы түсініктерін естеріне түсіру, есептер шығаруда тиімді қолдану арқылы білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, білімдерін шыңдай отырып, оны өмірде қолдануға үйрету.

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға мүмкіндік беретіндей сандардың 2-ге,5-ке,10-ға, 3-ке, 9-ға бөлінгіштерін табуға есептер шығару олардың білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

5-6 сынып математика оқулығы


Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап әдісі

1) ЕҮОБ дегеніміз не?

2) ЕКОЕ дегеніміз не?

3) Қандай бөлінгіштік белгілерін білесіңдер?

4) 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері қалай ажыратылады?

5) 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілері қалай орындалады?

6) Бөлінгіштік белгілерінің қандай қасиеттерін білесіңдер?



Оқушылар сұраққа жауап бере отырып бөлінгіштік белгілерді табу туралы білімдерін нығайтады, өз беттерінше еңбектенуге дағдыланады

Оқулықпен жұмыс

№6 54,60,71,102,107,208,379,273,420,620,360,

653,1000,5632,10895,13786 сандарының қайсысы: 1) 2-ге; 2) 3-ке; 3) 5-ке; 4) 9-ға; 5) 10-ға бөлінетіндерін теріп жазыңдар

№7 Кестені толтырыңдар: жұлдызшаның орнына тиісті санды қою керек

Сан

2-ге

5-ке

10-ға

3-ке

9-ға

63*
















37*
















49*
















№8 Айдында 27 асық бар. Оның асықтарынан Еркіннің асықтары 9 асыққа артық, ал Нұрланның асықтары 3 есе кем. Олар барлық асықтарын қосып, өзара тең бөлісе ала ма? Әрқайсысына неше асықтан келер еді?

№9 Бірінші дөңгелектің 57 тісі бар, ал екінші дөңгелектің 38 тісі бар. Үлкен дөңгелек неше айналым жасағанда екі дөңгелектің айналым сандары бірдей болады?

№10 Амалдарды орындаңдар.

1) 2)

3) 4)

5) 6)



Жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

6сынып математика оқулығының №12,15,16 есептері

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді


Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу тақырыбын қайталауға есептер шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (5-6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу туралы түсініктерін естеріне түсіру, есептер шығаруда тиімді қолдану арқылы білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, тәрбиелеу.

Білімдерін шыңдай отырып, оны өмірде қолдануға үйрету.


Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға мүмкіндік беретіндей сандарды жай көбейткіштерге жіктеудің тәсілдерін табуға есептер шығару олардың білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

5-6 сынып математика оқулығы


Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап әдісі

1) Жай және құрама сандар дегеніміз не?

2) Олардың айырмашылығы неде?

3) Жай көбейткштерге жіктеудің неше тәсілі бар?

4) Жіктеу тәсілдерінің ұқсастығы неде?



Оқушылар сұраққа жауап бере отырып білімдерін толықтырады, өз беттерінше еңбектенуге дағдыланады

Оқулықпен жұмыс

№18 Жай көбейткішерге жіктеңдер

1) 14,26,35,38,52,87

2) 4,9,25,32,49,92

3) 12,18,51,78,105,138

№19 Құрама сандардың жай көбейткіштерге жіктелуі бойынша қай құрама сан 2-ге, 3-ке, 5-ке, 9-ға, 10-ға бөлінетінін теріп жазыңдар:

a=2*7*13; d=2*3*11; m=3*5*7;

b=5*7*11; e=3*7*13; n=5*11*13;

c=3*7*11; x=2*3*11; k=2*3*19.

№20 Бірінші себетте 48 алма, екінші себеттегі алма оның 5\8-індей. Екінші және екі себетте неше алма бар? Шыққан нәтижені жай көбейткіштерге жіктеңдер

№21 Теруші бірінші күні шығарманың 24 бетін терді, бұл барлық шығарма беттерінің 0,3-індей. Шығарма неше беттен тұрады? Жай көбейткіштерге жіктеңдер.

№22 Теңдеуді шешіңдер

1) 86,9-(х+11,3)=59,8;

2) (68,37-y):6,15=8,2;

3) (0,9x+4,55)*0,3=1,5;

4) 60,8:(5,3x-2,15)=5.

№23 Амалдарды орындап, нәтижесін жай көбейткіштерге жіктеңдер

1) (12,4-9,16)*2,8:1,89;

2) (61,24+11,52):34-2,09;

3) (65,26:2,52+1,9)*10,9-48,99;

4) (21,10+13,2*24):1,82-2,7.

№24 Өрнектің мәнін табыңдар

1) 17,5+х+3,47 мұндағы х=5,3 және 2,5;

2) 8,91-у+5,09 мұндағы у=6,5 және 9,7;

3) 10,3-х+10,2:17 мұндағы х=8,3 және 9,9.



Жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

6сынып математика оқулығының №28,31 есептері

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді


Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия

Каталог: uploads -> doc -> 0b87
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b87 -> Сабақ жоспары Күні: Оқу тобы : Қатысқан оқушылар саны: 32
0b87 -> Сабақ мақсаты : б балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру
0b87 -> Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
0b87 -> Орта мерзімді жоспар құруда тізбектелген сабақтар топтамасында сабағымның мақсаты мен күтілетін нәтижені, оқуда қолданылатын әдіс -тәсілдер мен модулдерді басты назарға алдым
0b87 -> Бағдарламасы, «Қазақстан тарихнан әңгімелер»
0b87 -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Негізгі және туынды зат есім туралы берілген ұғымды
0b87 -> Селолық «Наурыз тойы» кешінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттау берілген болатын. Бұл сайысқа «Сырға салу»салт-дәстүрін ұсынып жүлделі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет