Қысқа мерзімді жоспары
|
Бөлім
|
Жасанды интеллект
|
Педагогтың аты-жөні
|
Жандарова Венера Жаналиевна
|
Күні
|
23.09.2022 ж.
|
Сынып 11
|
Қатысушылар саны
|
|
Қатыспағандар саны
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Нейрондық желілер
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
11.3.4.1 - мәшинелік оқыту қағидалары, нейрондық желілерді (нейрондар мен синапстарды) түсіндіру
11.3.4.2 - өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану
саласын сипаттау
11.3.4.4 - жасанды интеллектіні әзірлеуде «мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану ауқымын сипаттау
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар:
|
Нейрондық желілердің не екенін біледі.
|
Көптеген оқушылар:
|
Жасанды нейрондардың әрекет ету қағидаларын сипаттайды.
|
Кейбір оқушылар:
|
Жасанды нейрондық желілерді қолдану салаларын талқылайды.
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу.
Қызығушылықты ояту: «Бұлт үстіндегі саяхат» әдісі.
Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең тыныс алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған
аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді
өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет
айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер. /Бұл оқушыларға псиологиялық жағымды ахуал туғызады/.
Топтастыру: Оқушылар үштікке саналу арқылы үш топқа бірігеді.
І топ: «Алғырлар»
ІІ топ: «Білімділер»
ІІІ топ: «Дарабоздар»
Оқушылар өткен тақырып бойынша «екеуі дұрыс, біреуі бұрыс» деген жауаптары бар тест жасап, жұмыстарын жұптарымен алмастырады.
Өзара бағалау: «Дұрыс. Қате»
|
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
5.Бағалайды.
|
|
Жұмыс дәптері
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |