«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының 3 құндылығында көрсетілген Зайырлы қоғам және руханият бағытын жүзеге асыру-өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
«Өмір қымбатсың маған!» атты тренингі арқылы оқушыларға «өмір», «бақыт» ұғымдарына жалпы түсініктер беру. Өмірге құштарлықтарын арттыру. Адамзат баласына бір -ақ рет берілетін өмірді бағалай білуге үйрету.
Суреттер арқылы топқа бөлу.
1. Топ –Жак-Луи Давид
2. Топ-Поль Бодри
Топпен жұмыс «4 сурет, 1 ой » әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу .
Тақырыпқа байланысты 4 суретті ұсынып оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытады .Осы тақырыпқа сай суреттерге жауап іздейді.Сабақтың тақырыбы анықталғаннан кейін мақсатқа жету үшін тапсырмалар орындайды.
1-Тапсырма.Т.Ж: «Зерттеушінің конференциясы» әдісі арқылы постер қорғайды Оқушылар АКТ-ны тиімді пайдаланып ,өз ойларын еркін жеткізеді.
1Топ.Мәтін беріледі
Қоғамдық саяси күресте саяси клубтардың маңызы зор болды. Соның бірі 1789 жылы құрылған Якобиндік клуб.Революция кезінде мерзімді басылымдар пайда болды.Жань-Поль Марат шығарған «Халық досы » газеті үлкен беделге ие болды.Якобиндік лаңкестік ашынған жақтаушыларының бірі Ж.П.Маратты 1793 жылы дворян Шарлотта Корде өлтірді.
2 Топ
1.Сурет нені бейнелейді?
2.Авторлары кім?
3.Ол қандай ой тудырады?
4.Суреттің қандай бөлшектері эмоция тудырады?
5.Осы сурет жайлы сіз не білесіз?