Сабақтың тақырыбы: Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі0,99 Mb.
#32257
түріСабақ
  1   2
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қазақ тілі

Күні: 11.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Есептік және реттік сан есім туралы толық мәлімет беру арқылы меңгерту, оқушылардың сан есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту.

Оқушылардың ой - өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тиянақтылыққа, тілді құрметтеуге, достарын сыйлауға, сауатты жазуға тәрбиелеу. Отан сүйгіштікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.


Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,

Болашағым бақытым дара тілім.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

461-жаттығу

Балалардың дәптерлерін жинап алып тексеремін. Өткен ережелер бойынша сұрақтар қойып жауаптар аламын.
ІІІ.Жаңа сабақ Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер.

Қызығушылықты ояту.

Сан есім дегеніміз не?

Сын есім дегеніміз не?

САЛЫСТЫРУ ВЕНН ДИАГРАММАСЫ
Сөздік диктант

Отыз, жеті, тоқсан, мың, алпыс, бес, он сегіз, жиырма, алты, елу, қырық, жүз, екі,бір, сегіз, жетпіс, сексен, тоғыз.

Тапсырма.

1.Тасымалданбайтын сан есімдердің астын сыз.

2.Сандарды сөзбен жаз. 4,2,3,11.18,66.

Төрт, екі, үш, он бір, он сегіз, алпыс алты


ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС: 162-163-беттер

Ой қозғау

Сан есім мағыналарына қарай есептік және реттік болып екіге бөлінеді.

“Мықты болсаң, тауып көр” ойыны

Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші? сұрағына жауап беретін бір бөлек топтастыр.

Бір, алтыншы, жеті, сегіз, бес, он алты, тоғызыншы, бірінші, төрт, жиырма, елу, екінші.

Қанша? неше? нешінші?

Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім деп атайды: екі, алты, жеті.

Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім деп атайды: екінші, алтыншы, жетінші.

Реттік сан есім есептік сан есімге: (– ыншы,- інші,- ншы,- нші) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.


Дәптермен жұмыс

462- жаттығу Мәтінді оқы.

Сан есімдерді теріп жаз, оларға сұрақ қой.

Сан есімдерді салыстыр. Бұлардың бір - бірінен өзгешелігі неде?


463-жаттығу (ҚҰРАМЫНДА САН ЕСІМДЕРІ БАР СӨЗДЕРДІ СӨЗБЕН ЖАЗ) ӨЗДІК ЖҰМЫС

6бақан, дер5, 9құмалақ, с10а, 4бақ

Алтыбақан, дербес, тоғызқұмалақ, сона, төртбақ.
464-жаттығу (неше?сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші?сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек жазу)

Неше? Нешінші?

жиырма екі жетпісінші

тоғыз оныншы

сегіз сегізінші

елу
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Семантикалық карта

сөздер


есептік

реттік


алпыс
Ү. Үйге тапсырма

466-жаттығу (ребусты шешу, әңгіме құрау)

«Ас атасы-нан»
Бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қазақ тілі

Күні: 12.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Шығарма №4 «Алып кит»

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау.

Сөздерді қатесіз әрі ұқыпты жаза білуге дағдыландыру. Сөйлемдегі сан есімді таба білуге үйрету. Балаларды еңбекке, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тапсырмалар

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.


ІІ. Өткенге шолу

Өткен тақырыптар бойынша барлық ережелерді сұрап қайталап шығу.

466-жаттығу (ребусты шешу, әңгіме құрау)

«Ас атасы-нан»


ІІІ.Бекіту сабағы Шығарма «Алып кит»

Көк кит (көкшіл кит, немесе блювал, лат. Balaenoptera musculus) - жолақала киттер тұқымдасының теңіз жануары. Жер шарындағы ірі жануар, ұзындығы 33 м, салмағы 150 т, ал жүрегінің салмағы 1 тонна. Денесі, қара-сұр, көкшіл реңді, ақшыл сұр дақтары және мәрмәр өрнекті. Кит мұртының тақташасы қошқыл-қара, биіктігі 1 м дейін, саны 350- 400 жұп. Таңдайы қара. Арқа жүзбеқанаты кішкентай, денесінін артқы бөлігінде орналасқан. Арктикадан Антарктикаға дейін таралған. Азығы, планктонды шаянтәрізділер. Жыныстық жетілуі 4-6 жасында аяқталады, буаздығы 12 аптаға созылады. Солтүстік Атлантика бөлігінде 1960 жылдан бастап оларды аулауға тиым салынған, ал Антарктикада 1965 жылдан және Тынық мұхитының солтүстік бөлігінде 1966 жылдан бастап. ХТҚО және КСРО Қызыл кітабына енгізілген.[2]Қызықты деректер[өңдеу]

Көк киттің жалғыз бір жүрегінің салмағы — 1 тоннаға дейін жетеді, ал тілінің өлшемі бір пілдің өлшемімен тең.

Ең үлкен


Жануарлардың ең үлкені – көк кит. Көк киттің ұзвндығы – 33 метр, салмағы – 150 тонна. Көк киттің жүрегінің салмағы – 700 кг, тілінің салмағы – 2 тонна. Киттің баласының ұзындығы – 8 метр, салмағы – 6 тонна.


ІҮ. Сабақты қорытындылау

Балалардың жазған шығармаларын ауызша сұрап шығамын. Ережелер бойынша сұрақтар қоямын.
Ү. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау


Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қазақ тілі

Күні: 13.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Сан есімнің зат есіммен байланысы.

Сабақтың мақсаты:

Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру.

Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту. Сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру, анық сөйлеуге, ырғақпен айтуға

дағдыландыру. Сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Өткенге шолу жасай отырып өткен тақырыптардың ережелерін қайталап шығу.

Сөз таптары

Зат есім


Етістік

Сын есім


Сан есім
ІІІ.Жаңа сабақ Сан есімнің зат есіммен байланысы.

Бақыт – бақыт менде, бақыт сенде,

бақыт – барлық жерде.

Тыныштық – тыныштық менде,

тыныштық сенде, тыныштық барлық жерде.

Бейбітшілік - бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде, бейбітшілік барлық жерде.


Сергіту сәті: Қара жорға биі.

Көркем жазу. (Сс сегіз, сексен, сегіз жүз)


Оқулықпен жұмыс.

467 - жаттығу. Жұмбақ есепті оқып, шешуін тап.

Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр, бес ешкі.


Екі қоян, үш түлкі,


Таба алмасаң, бол күлкі. (жиырма сегіз)


468 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.

ҚЫРЫҚ ҚҰЛЫП,


ҚЫРЫҚ ҚҰРЫҚ.


ҚҰЛЫП ТА-ҚЫРЫҚ,

ҚҰРЫҚ ТА-ҚЫРЫҚ.
469 - жаттығу. Сұрақтарға жауап жаз.

1)Қай көшеде тұрасың?

2)Үйіңнің нөмірі неше?

3)пәтеріңнің нөмірі неше?

4)Отбасында қанша адам бар?
470 - жаттығу. Жұмбақ есепті оқып, шешуін тап. Бала санын дәлелде.

Бір апа ,бір қарындас,төрт ұл 1+1+4=6 (баласы бар)

Ойын. «Кім жылдам» үлестірмелі қағаз.

1 мин= cек

1сағ= мин

1тәулік= сағ

1апта= тәулік

1жыл= ай


1ғасыр= жыл
«Менің отбасым.» (Сан есімге байланысты.)

Терме диктант.

Бір үйдің отыз екі баласы бар. Балта ұстаған екі баласы. Төрде отырған апасы бар. (ауыз, тіс, жақ, тіл)
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Тест тапсырмалары

1. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?

а) қандай? қанша? ә) не? нешінші? б) қанша? неше?

2. Сан есімді көрсетіңдер:

а) бес ә) есептік б) белсенді

3. Сан есім қай сөз табымен байланысaды?

а) етістікпен ә) зат есіммен

б) сын есіммен

4. Берілген сөздер қай сөз табына жатады?

Екінші, бес, алпыс алты

а) сын есім ә) сан есім б) есімді

5. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар

Ер... рет өледі,

Қорқақ... рет өледі.

а) бір, бесінші ә) бір, мың б) бір, көп


Ү. Үйге тапсырма

471-жаттығу «ТУҒАН ЖЕР»

Тақырыбына әңгіме құрап жазу
Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қазақ тілі

Күні: 14.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Нешеу? Сұрағына жауап беретін сөздер

Сабақтың мақсаты:

Сан есім туралы алған білімдерін толықтырып, жетілдіре түсу.

Сөз таптарын ажырата білуге, мәнін терең ұғына отырып таным белсенділігін арттыру. Ойлау қабілетін, тілдік қорын дамыту.

Ұжымды жауап беруге дағдыларын қалыптастыра отырып, ізденімпаздыққа, салауаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды

Қайырлы күн Біз көңілді баламыз.

Қайырлы күн Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбектену

Еңбектену арқылы


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

471-жаттығу «ТУҒАН ЖЕР»

Тақырыбына әңгіме құрап жазу
ІІІ.Жаңа сабақ Сан есімдерге сұрақ қоя білу

Өткенді қайталау.

- Сөз таптары туралы алған білімдерімізді қайталап, пысықтап алайық.

- Міне, балалар қандай көрініс көріп отырмыз

- Көктем мезгілі

- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады

- Жаңбыр жауады. Шөптер өседі. Әдемі гүлдер шығады.

Ол үшін мына жерді күн көзін бұлттардан арылтып, әдемі көріністің куәсі болайық!

1 бұлт – Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.

2 бұлт - Етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

3 бұлт - Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

4 бұлт - Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

- Жаңбырдан кейін аспанда не пайда болады?

- Кемпірқосақ.

- Дұрыс, бүгінгі сабақта кемпірқосақтың әрбір түсіне саяхат жасаймыз. Бір қызығы әр түсте ертегі кейіпкерлері бар. Сол ертегі кейіпкерлерінің тапсырмалары бар. Сендердің білімдеріңді көргісі келеді екен.

Олай болса бірінші «Қожанасырдың» тапсырмасы (көк түс)


Оқулықпен жұмыс:

472 - жаттығу.(Мәтінді оқып, сан есімді табу)

АҚ АРЫСТАНДАРДЫҢ ТАБЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛДАЙ ҒАНА УАҚЫТ БОЛДЫ. ОЛАР ӨТЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕДІ. ҰЗЫН САНЫ 70-ТЕН АСПАЙДЫ. БАРЛЫҒЫ ДЕРЛІК ТЕК ХАЙУАНАТТАР БАҚТАРЫНДА ӨМІР СҮРЕДІ. АЛ ТАБИҒИ ОРТАДА ОЛАРҒА ҚАУІП-ҚАТЕР КӨП. БАСТЫ ЖАУЛАРЫ-ӨЗДЕРІНІҢ САРҒЫШ ТҰҚЫМДАСТАРЫ.
473 - жаттығу.(Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдер қойып жазу)

Асқар .....жаста. Ол ....сыныпта оқиды. Ағасы оған үнтаспа сыйлады. Үнтаспа .....теңге тұрады.

«Қасқыр мен қоянның» тапсырмасы (сары түс)
474 - жаттығу

«Ребус шешу»

Жаздың бір күні, қыстың мың күнін асырайды.
ӨЗДІК ЖҰМЫС:

475-жаттығу (сұрақ қою)

Бір,екі,үш, төрт, бес, алты, жеті

Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу


ІҮ. Сабақты қорытындылау

«Білгішбектің» тапсырмасы (қызыл түс)

Мақал мәтелдердегі көп нүктенің орнына жоғалған сан есімдерді тауып жазу.

1. Батыр... рет өледі,

Қорқақ... рет өледі.

2.... теңге ақшаң болғанша,

... досың болсын.

3. Білекті... жығады,

Білімді... жығады.

4. Ел құлағы....

«Алдар көсенің» тапсырмасы (күлгін түс)

«Кім тез табады» ойыны

Саны бар сөздің шешуін тауып, сөйлем құрастыру.

К+3+ІК=КҮШІК

ЖЕЛ+90=ЖЕЛТОҚСАН

7+К=ЖЕТІК

1+ҚАЗАН=БІРҚАЗАН

ТҮ+1=ТҮБІР

6+БАҚАН=АЛТЫБАҚАН

ДЕР+5=ДЕРБЕС

8+КӨЗ=СЕГІЗКӨ
Ү. Үйге тапсырма

476-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрау)


Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: бейнелеу өнері

Күні: 12.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:

Мұражай дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты: Мұражай туралы түсінік беру, жобалық суреттер салдыру. Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын кеңейту, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жұмыс жасау, ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту. Адамгершілік қасиетке баулу, ұқыптылыққа, тазалыққа жетелеуді оқушыларға жете түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, сәулет өнері шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын аудару

Оқушылардың оқу құралдарын дайындатқызу


ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Өткенге шолу жасай отырып өткен сабақтағы тақырыптар бойынша сабақ сұрау.


ІІІ. Жаңа сабақ

Ұлы суретшілер ертеден өнер туындыларын жасауды жалғастырып келеді. Өнер туындыларын әрдайым қымбат бағаланғаны белгілі, сондықтан да алғашқы туындылардың көлемді коллекциялары корольдер мен ақсүйектердің сарайларында жасалған. Туындылар келешек ұрпаққа жақсы сақталып жетуі үшін коллекция жинаушылар картиналарды арнайы бөлмелер мен ғимараттарға орналастырған. Онда өнер туындылары сақталып қана қоймай, сондай-ақ өнерді бағалаушылар оларды тамашалай алатын еді. Мұндай ғимараттар уақыт өте келе «мұражай» деген атауға ие болды.

« Мұражай» гректің «музейон» деген сөзінен шыққан. Ежелгі гректер әр түрлі құдайларға соның ішінде Зевске құдайлардың құдайы деп сенген. Оның 9 әдемі қызы болған. Олардың құрметіне тұрғызылған алғашқы ғибадатхана «музейон» деп аталды.

Қазақстандағы ең үлкен мұражай – Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы. 2014жылы мұражайға 79 жыл толады. Мұражай 30 жылдан бері кескіндеме мектебінің негізін салушы Әбілхан Қастеевтің есімімен аталады.





Лондондағы Британдық мұражай Ресейдегі Екатеринбург қаласындағы

әскери мұражай


ІҮ. Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Қандай мұражайлармен таныстық?

Лондондағы Британ мұражайында қандай?

Әскери мұражай қайда орналасқан?
Ү. Үйге тапсырма 96-бет, оқу
Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: өзін-өзі тану

Күні: 11.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Табиғат әсемдік әлемі

Мақсаты: Балалардың «табиғат,сұлулық» ұғымының құндылығы, адами қасиеттері туралы түсінігін кеңейту.

Көрнекіліктер: дәптер,оқулық.
Шаттық шеңбері:

-Балалар біз бүгін «Табиғат анамыз»деген өлеңді бірге айтамыз.

Табиғат ол анамыз, Жазда аралап тауын да,

Табиғатқа баламыз. Барамыз біз бауына.

Құшағында ойнаймыз, Өзеніне шомылып,

Шаттық әнге саламыз. Жүгіреміз жауында.

Әңгімелесу .

-Табиғат аясында демалыс сендерге ұнай ма?

-Адам табиғатты түсіне ала ма?

-Туған жердің қандай көрінісін ұнатасыңдар?

Балалар туған жер туралы ойларын ортаға салады.
Жаңа ақпарат

Халық даналығы өлең,жыр,мақал-мәтел,жұмбақ , ертегілер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады.Оларда халқымыздың ежелгі ерлігі мен еңбегі,ақылы мен арманы ,тұрмысы мен салты бейнеленген.


Мәтінмен жұмыс

«Алпыстан асққаннна ақыл сұра» ертегісін оқушы бойындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету үшін түсіндіріледі.

Оқушы пікірлерін білу үшін сұрақтар қоямын.

-Патшаның жарлығы дұрыс па?

-Қарттыңданалығы неден көрінді?
Тыныштық сәті:

-Балалар денелерін түзу ұстап,бастарыңды жоғары ұстапыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Таза шипалы ауаның тұла бойыңа сіңгенін бақыла. Енді көздеріңді ашыңдар.


Шығармашылық жұмыс.

Мен мақалдап сөйлеймін. Оқушы екі топқа бөлінеді.

1 тапсырма; Ақыш аға жастайынан еңбекпен күнін көрген адам.Мектеп жасынан әкесінің жанынан қалмай ,егін даласында өскен ағайды жұрт мақтан тұтады.

Алынатын жауаптар. «еңбек ер атандырды», «Еңбек бәрін жеңбек», «Еңбек етсең емерсің», «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей», «Еңбектің наны тәтті».

2тапсырма. Ботаның алдына қойған мақсаты-тек жақсы оқуболған сияқты.Бар уақытын мектеп пен кітапханада өткізетін . Ботаның достары «кішкентай оқымысты» деп атайтын.
Алынатын жауаптар

«Оқу білім бұлағы,білім өмір шырағы», «білімсіз күнің жоқ», «Білімді мыңды жығады», «Білім инемен құдық қазғандай».


Дәйексөз

«Ақыл шыңы-даналық» халық даналығы. Өте ақылды,данышпан адамды дана деп айтамыз.Дана адам сабырлы,ұстамды болады. Ашуды сабырмен,төзіммен ақылмен жеңеді.Оқушыға дәексөзді жазып алуға кеңес беріледі.


Жүректен жүрекке

«Ақыл дария»

Ақыл-дария Талаппен еңбек, Ми-теңіз Ұқыппен мұны

Арнасы-еңбек-білсеңіз!

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 10.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:С. Сейфуллин. Біржан.

Сабақтың мақсаты:

С. Сейфуллин Біржан Қожағұлұлы өмірімен шығармалары туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыта отырып, өз бетімен жұмыс жасай білу қабілетін жетілдіру, шығармашылық қабілетін ұштау. Ұлттық өнерді насихаттау арқылы мәдени мұраларды қастерлей білуге шақыру, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

Қоңырау сыңғыры үнімен, Сыныптың есігі ашылды.

Қарсы алып қонақты иілген, Көреміз әдепті ұл - қызды.

Отырып жайғасып алайық, Түгел ме құралдар қарайық.

Ұстаздар келіпті қонаққа, Бұрылып сәл назар салайық.

Күй күшті, тауды, тасты бұзатұғын, Орнына өз өрнегін сызатұғын.

Талқандап тас кереңді үн оятып, Дүкені дүниенің қызатұғын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Шерхан Мұртаза. Бала Тұрар.


ІІІ. Жаңа сабақ С. Сейфуллин. Біржан.

С. Сейфуллин. “Біржан”

С. Сейфуллин Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Сәкен – қазақ әдебиетінің өсіп, дамуына үлес қосқан ақын әрі жазушы. Көне әдебиет үлгілерін жинап, кітап етіп шығарған зерттеуші. Қазақ жастарының оқып, білім алуына зор көңіл бөліп, мектеп оқулықтарын жасауға да қатысты.

Сәкен Сейфуллин жалған жаланың құрбаны болды.

Біржан сал Қожағұлұлы

Қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897 жылы қайтыс болған.

Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түседі.

Табиғи талант иесі көп ұзамай – ақ, “Әнші, ақын, сал Біржан” деген атаққа ие болады.

Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады.

Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақын, әншілер оны әннің пірі тұтіп, ұстаз деп таниды.

Сөздік жұмыс

Нарқын - сөздің бағасы, құны.

Сал - әнші, ақын, сазгер, сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі адам.

Біржан салдың әні "Теміртас"

Біржан деп атым шықты алты алашқа,

Құдайым берсін өмір Теміртасқа.

Жасымыз 61 - ге келгенінде,

Құдайым берді науқас ғазиз басқа.

Алдымда шамшырағым, Теміртасым,

Тілегім болсын ұзақ сенің жасың.

Қош болыңдар бауырым, балаларым,

Байқаймын ажал шіркін құтқармасын.

Тапсырманы талдау

“Нарқын” сөзін басқа сөзбен алмастырып көр.

“Ағызған қызыл тілден шекер балды” жолдарының мағынасын қалай түсінгеніңді әңгімеле.

Жыр жазамын жүрегіммен

1 - топ

Кім білмейді Біржан салды,



............... шешен тілді.

............... шырқағанда,

............... жеңілмейді.

2 - топ


"Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл - сәл кем бұра.

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра".

Сұрақтар

1. Біржанның әншілігі туралы өлеңде не делінген?

2. Оның даусының зор, асқан талант иесі екені қай жолдарда айтылған?

3. Біржанның қандай әндерін тыңдадық?


ІҮ. Сабақты қорытындылау

Не себепті халық Біржанды дәріптеген?

Біржан



Әнші, Ақын, Айтыскер, Сазгер, “Ләйлім шырақ”, “Теміртас”


Әнге әуес, күйге құмар бала, өмірге ғашық, жаны сұлу болып өседі. (М. Әуезов)
Ү. Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу


Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 11.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Н. Ғабдуллин.Батырдың мінезі.

Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата- бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп рухын көтеру , үлгі өнеге тұту. Бауыржан Момышұлы туралы түсінік беру ,мәтіннің мазмұнын,негізгі идеясын ашу. Балаларға бағыт бере отырып, топпен жұмыс істеуге дағдыландару, оқушының ой-өрісін дамыту.Оқушыларды еңбекқорлыққа, елін, туған жерінсүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

“Біржан” өлеңін жатқа айту


1.Біржан дегеніміз кім?

2 Өлеңнің авторы кім?

3.Сәкен Сейфулин туралы не білеміз?

4.Өлеңнен не үйрендік?

5.Қандай өнерлі адамдарды білесің?

6.Өнерге байланысты қандай мақалдар білесің?


ІІІ. Жаңа сабақ Н. Ғабдуллин.Батырдың мінезі.

1. Оқулықпен жұмыс Топтық жұмыс

А) Мәтінді дауыстап, әр топқа бөліктер бойынша оқыту

Ә) Әр топтан бір оқушы шығып өздерінің оқыған бөлімдерін түсіндіреді.

Б) Мәтіндегі түсініксіз сөздерді, сөз тіркестерімен танысып талдайды.

В) Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап қайтарады.

Батырдың мінезі мәтінінің авторы Нығмет Ғабдуллинмен таныстыру.Нығмет Ғабдуллин 1927 жылы 27 желтоқсанда Көкшетау облысы, Рузаев ауданы, Шұқыркөл деген ауылда туылған.

Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы болған.Қазақтың Абай атындағы педагогика инстутында ұстаздық еткен, Профессор.Балалар Батырдың

мінезі деген әңгіме Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы туралы.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы,Жуалы ауданы Көлбастау ауылында туылған.Кеңес Одағының батыры Қ.Р халық қаһарманы.

Енді , балалар видиороликке назар аударамыз

- Балалар, сендер кинодан не көрдіңдер? 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады.Бұл халық үшін ауыр кезең болды.Отанымызға қатерлі күн туды. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер азаматтары майданға аттанды.

1945 жылы 9 мамырда біздің әскеріміз жеңіске жетті.

Биыл Ұлы жеңіске 70 жыл толды.

- Сендер қандай батырларды білесіңдер?

Оқушылардың жауабын тыңдау.

Ұлы Отан соғысының батырларының суреттерін көрсету, есімдерін таныстыру.

Батыр ата-бабаларымыздың әруағына бас иеміз.

Ер-есімі ел есінде . Ешкімде ешнәрседе ешуақытта ұмытылмайды .

Тыныштық жаса тыныштық

Осы сөз бізге тым ыстық

Көркейе берсін еліміз

Көбейе берсін ырыс құт.

Елімізде тыныштық бейбітшілік болсын.

Оқулықпен жұмыс.

Тірек сөздер стратегиясы

Шайқас,қайрат,майдан,әнгіме,орман,жауынгер, бекініс, тәуекел, қауіпті зона

Тапсырма:

Осы тірек сөздерді мәтіннен тауып оқу.Оқушыларға оқыту.Мәтіннің мазмұнын түсіндіру.

Дәптермен жұмыс.

Тәуекелге бел буған адамды қорқыныш билемейді.
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Ой толғаныс:

Екі түрлі түсініктеме күнделігі .
Ү. Үйге тапсырма

« Батырдың мінезі» мәтінін түсініп оқу .

Мазмұнын айту, реферат жазу, мақал-мәтелдер жаттау.
Бағалау:

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 12.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:С. Машақов. Мәншүк.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Мәншүк туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейте түсу. Өлеңді мәнерлеп, қатесіз дұрыс оқуға түсіндіру. Өлеңнің мазмұнын ашып, талдауға үйрету. Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға, ой - өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандыру. Жас ұрпақты елін, жерін, халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, ержүректікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

- Өткен сабақта кіммен таныстыңдар?

- Ендеше «Бауыржан» туралы не білемі?

Топтастыр әдісі бойынша

Бауыржан

өжет



қайсар

батыр


тәуекелшіл
ІІІ. Жаңа сабақ С. Машақов. Мәншүк.

Бауыржаннан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?

(Әлия, Мәншүк, ауыл ардагерлерінің суреттері көрсетіледі)

1. Автормен таныстыру.

Сәду Машақов

27 қараша 1906ж туған



«Отан үшін»

Семей обл. Жаңа Семей ауд.«Сапарда» қазақ ақыны «Жылдар жыры»

«Жастық өмір жырлары»Кешкі Самал

Мәншүк


Мәнсия

Невель қаласын азат етті,пулеметші, 1992ж Орал қаласы Орда ауд.

19 жасында майданға аттанды, 5 жасында жетім қалған,Әмина тәтесі тәрбиелеген
Оқулықпен жұмыс

Ө Ә.Молдағұлова 6 жасында анасы Маржан қайиыс болып,әкесі Нұрмұхамбет 2 баласымен қалады.Ол Әлияны нағашы апасы Тәжібикеге береді. Оған Әлия тез бауыр басып кетеді. Оның шын есімі Ылия болған. 1934 ж Әулиеатадағы Теміржол мектебіне 1 сыныпқа барады.1935 ж Москваға көшіп орысша білім алады.Ол кіші кезінен ұшқыш болуды армандайды. Әлияның жаны жұмсақ,мінезі ұяң, бірақ керек жерінде өз сөзін өткізе білетін қайсар қызболған.Ол гүлді, көктемдегі гүл көмкерген даланы жақсы көретін. Өлеңді жатқа мәнерлеп оқып беру

Тәжібаевтың сөзіне жазылған С.Бәйтерековтың «Әлия » өлеңі бар
Тізбектеп оқыту.

------------------- Өлім қаупінен жасымаған

------------------- Отан үшін шайқасқан

Мәншүк


------------------- Көзінен ұшқан өрттей лапылдаған

------------------- Жаудан тайсалмаған.

Сөздікпен жұмыс:

Қаһарман –.батыр, ер жүрек

Қатуланған – ызаланған, кектенгенашу, ыза

Жасымаған – көңілі босамаған

Қауіп – қорқыныш, қатер.
Сергіту сәті: «Мәншүк» әнін тыңдау
Дәптермен жұмыс

Мәншүк Мәметова – пулеметші. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыз.

«Кім мерген» ойыны.
ІҮ. Сабақты қорытындылау

1. Мәншүк кім?

2. Қай жылы туған?

3. Неше жасында майданға аттанды?

4. Оның шын есімі кім?

5. Биыл неше жасқа толды?


Ү. Үйге тапсырма

«Мәншүк» өлеңін жаттау.


Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 13.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:С. Жиенбаев. Әлия.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңімен таныстыру, өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, Отан үшін жанын қиған қазақ қызының ерлігінен мағлұмат беру, білімдерін көтеру.Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр аға – апаларға деген шексіз құрмет сезіміне тәрбиелеу, Отанды сүюге, патриоттық сезімге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

Қуанамын мен де,

қуанасың сен де

Қуанайық бәріміз,

арайлап атқан күнге

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Мәншүк» өлеңін жаттау.-Сәду Машақовтың өлеңін жаттау және топтық тапсырмалар берілді.Өлеңді жатқа сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ С. Жиенбаев. Әлия.

Топтық тапсырмаларды сұрау

І – топ Өлең мазмұнынан не түсінгенін бейнелеу.

ІІ – топ Өлең мазмұнын айту


1 – топ Мәншүк Мәметова кім?

2 – топ Батырлық, ерлік жайында қандай мақал – мәтел немесе нақыл сөз білесің?


Сергіту минуты

Көк аспанда күн күлсін Бірге күлсін бүлдіршін

Ұл қолында ту жүрсін Қыз қолында гүл жүрсін

Қанат қақсын көгершін.

-Балалар, көгершін қандай құс?

-Ендеше осы көгершін бізге өз сөзжұмбағын жасырыпты, бәріміз бірге шешіп көрейікші.

Ұлы Отан соғысына қатысқан пулеметші батыр қыз кім?

Мәншүк апамыз Ұлы Отан соғысында қандай қаруды қолданды.

Мәншүк апамыздың пулеметі қалай аталды?

Мәншүк өлеңінде зеңбірекпен қатар тағы қандай соғыс қаруы аталған?


-Ендеше бүгін Сағи Жиенбаевтың Әлия апамызға арнап жазған «Әлия» өлеңімен танысамыз.

-Алдымен Әлия апамыз туралы танысып алайық.

Дәптермен жұмыс.

Әлия Молдағұлова – Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз.

-Енді белгілі ақын Сағи Жиенбаевтың Әлия апа өлеңімен танысайық.

Сағи Жиенбаев өмірімен таныстыру.

Жиенбаев Сағи (5.5.1934, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылы — 1994, Алматы) — ақын.Қызылорда педaгогикалық институтын бітірген (1955).1956 — 1965 жылдары “Қазақ әдебиеті” газеті мен “Жұлдыз” журналында бөлім меңгерушісі,1965 — 1984 жылдары “Жазушы” баспасында аға редактор, поэзия редакциясының меңгерушісі болып қызмет істеді.

Шығармашылығы

1984 жылдан кейін шығармашылық еңбекпен айналысқан. “Қарлығаш” аталатын алғашқы жинағы 1959 жылы жарық көрді. Содан кейінгі жылдары жиырмадан аса өлең кітаптарын жариялады. Жиенбаевтың “Сыйлық” (1960), “Қыр гүлі” (1966), “Сырлы теңіз” (1963), “Қайырлы таң” (1966), “Ақ толқын” (1967), “Сол бір көктем есімде” (1969), “Алтын қалам” (1971), “Жадымдасың, жас күнім” (1972), “Әлия”, (1973), “Оймауыт” (1975), “Көктем самалы” (1976), т. б. өлең кітаптары жұртшылықтың көңілінен шықты. Жиенбаев өз өлеңдерінде жан сарайын айқара ашып, тебірене толғаған сыршылдығымен, ақ пейіл шыншылдығымен, инабаттылықты, кісілік ізгілікті, елдікті, ерлікті жырлауымен ерекшеленеді. Ол бірқатар ән мәтіндерінің, “Махамбет”, “Еңлік — Кебек” опера либреттоларының авторы. Біраз жинақтары шет елдер тіліне аударылған. Өзі де А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Р.Ғaмзатовтың, Д.Кугульдиновтың, т.б. бірқатар өлеңдерін қазақшаға аударды.

Кітаппен жұмыс

-Барлығы өлеңді өз беттерінше бір рет оқиды, өлеңді әр оқушыға оқыту.

І – топ Өлеңдегі түсініксіз сөздерді табады.

ІІ – топ Өлең ұйқасына талдау жасайды.
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Балалар, біз бүгін мерген қыз, батыр қыз Әлия апамыз туралы көп мағлұмат білдік. Ал мен сендерге бір нәрсені айтқан жоқпын. Ол Әлияның шын есімі. Расында Әлияның шын есімі кім және оны майдандас достары қалай атаған?

Ү. Үйге тапсырма

Өлеңді барлығымыз жаттап аламыз.


Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 15.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қ. Әбдіқадыров. Алып бала.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әңгіме мазмұнын түсіндіру.

Қажымұқан жайлы түсінік бере отырып, күш атасын таныстыру.

Оқушылардың есте сақтау, сөйлеу тілін, дүниетанымын,танымдық ойлау қиялын дамыту. Белсенділіктерін арттыру. Өзойларын ашық, еркін жеткізуге дағдыландыру. Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, бір – біріне

құрметпен қарауға және эстетикалық тәрбие бере отырып, сауатты, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіліңмін.

Байыптап жақсы оқысақ,

Негізі менде білімнің .

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңін жатқа мәнерлепоқу.
ІІІ. Жаңа сабақ Қ. Әбдіқадыров. Алып бала.

- Балауса гүл – балғын қыз кім?

- Әлия Молдағұлова туралы біз не білдік?

- Өлеңнің 1 – ші шумағында не туралы айтылған?

- Сенің балғын бейнеңді

Жасап қойдық мәрмәрдан – дегенде ақын не туралы айтады?

- Өлеңнің соңғы шумағында не туралы айтылған?

- Мәншүк пен Әлияның қандай ұқсастығы бар?

- Өте жақсы, Мәншүк пен Әлиядай апаларымыздың ерлігін біздер әрқашан ерлігін есте сақтаймыз. Мына ауға түсіп қалған балықты құтқарып мекеніне жіберейік.
Дидактикалық ойын: «Балық» ойыны

... есімі – ел есінде.

Еліңді сүйсең - ... істейсің.

Батыл болмай, ... болмайсың.

... адам өлімді жеңеді.

Тәуекелге бел буған адамды ... билемейді.

... қол бастамайды.

Біз балықты құтқарып мекеніне жіберіп, жеңіске жеттік. Олай болса мына ребусты шешіп көрелік.




,,
ып а

АЛЫП БАЛА өте дұрыс. Алып бала дегенде қандай адам көз алдыларыңа елестейді.



күшті мықты

дәу


ірі

үлкен денелі



Oval 204

AutoShape 208

ІҮ. Сабақтың қорытындылау

Кім туралы өттік?

Алып бала деген кім?

Алып бала туралы кім жазған?
Ү. Үйге тапсырма:

«Алып бала» мәтінін түсініп оқу, мазмұндау.

Бағалау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: өзін-өзі тану

Күні: 13.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Тақырып: Табиғат- денсаулық мекені

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: қамқорлық,татулық мейірімділік

Сабақ мақсаты:Сүйіспеншілік құндылықтарының мәнін табиғатпен байланыстырып түсіндіру.

Міндеттері:

1. Табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік қасиеттерінің мәнін түсіндіру.

2. Табиғатқа қамқорлық жасау сезімдерін дамыту.

3. Оқушыларды қамқорлыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Жүрек жылуы

Тыныштық сәтi «Орманға саяхат»

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, 306 аудиториядан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, институтқа қарай аяңдаймыз. 306 аудиторияға келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.


Дәйексөз.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Сәтімбекұлы.

Дәйексөзді оқыту.

Дәптерге жазғызу

Дәйексөздің мәнін ашу.

Сұрағы: Табиғатты қалай аялауға болады?

Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Әңгімелеу

Өсиет әңгіме

Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты.Өздерінің әкесін қатты жақсы көретінісоншалық,қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап, оның жолын қайдан табамыз деп,ұзақ кеңесіпті.

Әрі ойланып, бері ойланып, ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекшіболыпты.

Үлкен ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың “ Табиғаттың саялы орманынан”,ортаншыұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың “Таза көлді елінен”,ал кіші ұлы” Көрікті жер ”еліненкездестіріпті.

Ұлдарына дән риза болған қария, үщ ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпты.

Қария бақытты да баянды, ұзақ ғұмыр кешіпті.
Сұрақтар:

Қариның ұлдары денсаулық мекенін қайдан тауыпты?

Қария өз балаларына риза болып төртеуі ұзын жолмен келе жатқанда ,артынан бір көлікке кез болады екен.Сол көлік біреуін басу керек, ол қайсысын басады?

Табиғат деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Қазіргі өмір мен ертегінің арасында қандай байланыс бар?
Шығармашылық жұмыс.

Дәптермен жұмыс.

Табиғатқа байланысты берілген суреттерден табиғаттың көрікті жерлерін қалаған түстеріңмен бояңдар.

Жұмысты талдау


Соңғы тыныштық сәтi.

Балалар, ыңғайланып отырып алыңдапр да, терең тыныс алыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғатқа саяхаттап барамыз.Табиғаттың сұлулығына қанша қарасаң да тоймаймыз.Табиғаттағы тіршілік иелерінің де біріне- бірі қамқор екендігін көріп, риза болып отырмыз.Біз орман ішінен шығып,306 аудиторияға келіп өз орнымызға отырайық.Көзімізді ашайық.


Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:14.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» - 3 «Ә» сыныптары

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу (Ф)

Сабақтың тақырыбы: Бата беру


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдептілік әліппесін түсініп оқу, мазмұнын аша білу, сана-сезімін дамыту,өз ойларын жеткізе білуге қалыптастыру. Ой өрісін, есте сақтау қабілетін, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын арттыру. Сезімталдыққа, алғарлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қысқы орман», қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: дүниетану



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Психол. триненг.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, қане, кім айтады?

Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезең

Мақсат қою кезеңі

-Әдептілік әліппесі.

Қызығушылықты ояту.

(Не?) күлімдеп оянып,

(Несін?) шашты сиқырлы,

(Қандай?) түске боялып,

(Ненің?) беті құлпырды.

ІІІ. Жаңа сабақ

Мәтінді оқу 66-бетті оқыту.

Сұрақтар- жауап.

-Әдептілікті қалай түсінеміз?

-Неліктен құрастырылған?

-Өзіңді қалай ұстайсың?

-Слайд көрсету.

*Мәтінді іштей оқу

*Тізбектеп оқу.

Сергіту сәті.

Өз бетімен жұмыс.
1 қатар
Өлең құрастыр

эссе жаз сурет сал

Болғасын қорғау.
Бекіту кезеңі


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Психол. триненг.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, қане, кім айтады?

Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезең

Мақсат қою кезеңі

-Әдептілік әліппесі.

Қызығушылықты ояту.

(Не?) күлімдеп оянып,

(Несін?) шашты сиқырлы,

(Қандай?) түске боялып,

(Ненің?) беті құлпырды.

ІІІ. Жаңа сабақ

Мәтінді оқу 66-бетті оқыту.

Сұрақтар- жауап.

-Әдептілікті қалай түсінеміз?

-Неліктен құрастырылған?

-Өзіңді қалай ұстайсың?

-Слайд көрсету.

*Мәтінді іштей оқу

*Тізбектеп оқу.

Сергіту сәті.

Өз бетімен жұмыс.
2 қатар
Өлең құрастыр

эссе жаз

сурет сал
Болғасын қорғау.
Бекіту кезеңі

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:15.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» - 3 «Ә» сыныптары

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу (Ф)

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік әліппесі
Сабақтың мақсаты: Өлеңді түсініп оқуға ,талдай білуге үйрету. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деген сөздің мәнін аша білу. Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын ,сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуін арттыру. Білімділікке, ақылдылыққа,тілді құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қысқы орман», қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: дүниетану



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау

Оқуға құштарлық өлеңін мәнелеп оқу


III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Тест жұмысы

Сергіту сәті
IV. Мақсат қою кезеңі

-Балалар, Суреттен кімді көріп тұрсыздар?

Ә. Тәжібаев. Ол кім?

Сызбамен жұмыс


V. Жаңа тақырып

Ой қозғау. Біз кімбіз? Сызбамен жұмыс


Ұлт
Қазақ

Дін


Мұсылман

Тіл


қазақ

Бейнетаспа көру


Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау.

Тізбектеп оқу

Жүргізіп оқу
Менің тілім деген тақырыпқа әңгіме жазу
VI. Жаңа материалды пысықтау

Оқу, білім туралы мақал-мәтелдер айту


VII. Бекіту кезеңі


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау

Оқуға құштарлық өлеңін мәнелеп оқу


III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Тест жұмысы

Сергіту сәті
IV. Мақсат қою кезеңі

-Балалар, Суреттен кімді көріп тұрсыздар?

Ә. Тәжібаев. Ол кім?

Сызбамен жұмыс


V. Жаңа тақырып

Ой қозғау. Біз кімбіз? Сызбамен жұмыс


Ұлт Қазақ Дін

Мұсылман Тіл қазақ


Бейнетаспа көру

Талдау


Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау.

Тізбектеп оқу

Жүргізіп оқу

Өз бетімен жұмыс

Менің тілім деген тақырыпқа әңгіме жазу
VI. Жаңа материалды пысықтау

Оқу, білім туралы мақал-мәтелдер айту


VII. Бекіту кезеңі

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 10.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М



Каталог: uploads -> doc -> 0ce7
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ce7 -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»
0ce7 -> Сабақ жоспары пән: «Физика және астрономия»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет