Күні Пән: Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. «Спортпен айналысамыз.»
(1- слайд)
Сабақтың жалпы мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Модуль бойынша өтілген лексикалық және граммтикалық тақырыптарды бекіту.
Білімділік: Спорт тақырыбына байланысты сөйлесу, жаттығу, анықтау, талдау жұмыстарын жүргізу;
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту,ойын ерікін жеткізуге үйрету;
Тәрбиелік: «Спорт –денсаулық кепілі» деген сөздің мағынасын аша отырып,спортқа ,ұлттық спортқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып салауатты өмір салтына тәрбиелеу. (2-слайд)
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау, топпен жұмыс,әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: кітап,интерактивтік тақта,салауатты өмір салтына қатысты суреттер,қанатты сөздер, грамматикалық тапсырмалар,тест.
Күтілетін нәтиже: грамматикалық тақырыпты меңгеру; спорт тақырыбы туралы әңгімелеп салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Пән байланысы: дене шынықтыру
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.Сыныпты түгендеу.Кезекшімен тілдесу.
Психологиялық тренинг.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (3- слайд)
Қайталау.
1.Есімдік деген не?
2.Жіктеу , өздік есімдіктерін білесіңдер ме?
3.Етістіктің болымсыз түрі қалай жасалады?
4.Демеулік шылау деген не?
5. Қазақтың қандай ұллтық спорт түрлерін білесіңдер?
6.Денсаулық туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
ІІІ. Сабақтың мақсаты мен барысын айтып түсіндіру.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Модуль бойынша өтілген лексикалық және граммтикалық тақырыптарды бекіту.
ІҮ.Мұғалімнің сөзі.
(4-слайд)
Спорт –белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбіне жарыс түрінде өтетін әрекет. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту,өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.Денсаулық дегеніміз адам ағзасының дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі.
Ү.Топпен жұмыс. Тіл дамыту. (5- слайд)
І-топ: «Футбол» тобы.
Футбол туралы алған мәліметтерін айту.
ІІ –топ: «Баскетбол» тобы.
Баскетбол туралы алған мәліметтерін айту.
Мұғалім:
-Балалар, айтыңдаршы салауатты өмір салтын қалыптастыратын қандай ережелерді білеміз?
Салауатты өмір салтын қалыптастыратын ережелер:
* табиғатта серуендеу;
* спортпен шұғылдану;
* таза ауада жүру;
* мезгілінде тамақтану;
* ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс;
* зиян тигізетін әдеттерден аулақ болуы керек;
* табиғаттың,қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек;
* еңбек адамды тәрбиелейді;
* жұмыс істеуден қашпау;
* жалқаулыққа салынбау;
-Дұрыс айтасыңдар олай болса мына алдарындағы ақ қағазға Салауатты өмір салтына қатысты сурет салып тілдерімізді дамытып қорғаймыз.
ҮІ.Сергіту сәті.
( 6- слайд)
ҮІІ.Кітаппен жұмыс.
137 бет. 2-тапсырма.
(7- слайд). Модуль бойынша өткен Қазақстанның Олимпиада жеңімпаздары туралы не білеміз.
Илья Ильин
Майя Манеза
Достарыңызбен бөлісу: |