Сабақтың тақырыбы: Нүкте, түзу және кесінді Сабақтың мақсаты



Дата06.07.2018
өлшемі16,65 Kb.
#47657
түріСабақ
Геометрия, 7 сынып

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Нүкте, түзу және кесінді

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Геометрия пәнімен танысу, оның негізгі ұғымдары, нүкте , түзу және кесінді туралы түсінік беру

Дамытушылық: оқушылардың геометрия пәніне қызығушылығын қалыптастыру

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру, қызықтыру

  2. Теориялық білім беру кезеңі:

геометрия жайлы жалпы түсінік беру. Түзу және нүктеге анықтама беру

  1. Бекіту кезеңі:

Оқулықпен жұмыс.Есептер шығару /бекіту/

  1. Үйге тапсырма беру

  2. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Кіріспе:

Геометрия грек тілінен аударғанда «жер өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Геометрия екі бөлімнен тұрады. Планиметрия және стереметрия. Планиметрия жазықтықтағы фигураларды, ал стереометрия кеңістіктегі геометриялық фигураларды қарастырады. Планиметрия курсының ең негізгі элементтері болып нүкте мен түзу, кесінді болып табылады.

Ан-ма: Нүкте координатасымен анықталады және оның ұзындығы болмайды,

яғни 0-ге тең.

Ан-ма 2: Түзу -2 екі жағынан да шектелмеген нүктелер жиыны. Ұзындығы –

шексіз.

Ан-ма 3: Кесінді – екі жағынан да шектелген түзудің бөлігі, ұзындығы



әрқашан айқындалады.

Геометрияда келесі белгілеулер қолданылады: /тақтада көрсету/

1.Тиісті, тиісті емес

2. Бірігу



3.Қиылысу /Оқулықтан жазады/

2. Есептер шығару кезеңі: Практикалық тапсырмалар

Үйге тапсырма беру:

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері. Екі түзудің өзара орналасуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қарапайым геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерін білу

Дамытушылық: Геометриялық фигураларды кескіндеуді білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі:

сабақтың мақсатымен таныстыру

өткен тақырыпты қысқаша қайталау. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру



  1. Теориялық кезең:

Жаңа тақырып беру

  1. Практикалық кезең /бекіту/

Оқулықпен жұмыс.Есептер шығару

  1. Үйге тапсырма беру

  2. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру, ынталандыру, түгендеу, құрал саймандарының бар-жоғын анықтау

Қайталауға арналған сұрақтар:

Нүкте, кесінді, түзу анықтамаларын сұрау

Қарапайым мысалдар келтіру/тақтамен жұмыс/


  1. Теориялық кезең: Жаңа тақырып: Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері. Екі түзудің өзара орналасуы.

Түзу дегеніміз нүктелер жиынтығы болып табылады.

Түзудің бойында жататын және жатпайтын нүктелер болады.

Нүктелер латын алфавитінің бас әріптерімен, ал түзулер кіші әріптерімен белгіленеді.

Кез-келген екі нүкте арқылы тек қана бір түзу жүргізуге болады.

Екі түзудің ортақ нүктесі бар болса, онда мұндай түзулер қиылысады.

Егер екі түзу өзара қиылыспайтын болса, онда мұндай түзулерді параллель түзулер деп атаймыз.

/Тақтаға кескіндерін сызып көрсету/



Есептер шығару кезеңі: Практикалық тапсырмалар

Есептер: тақ есептер

Үйге тапсырма беру:

Қорытындылау, бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0a77
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a77 -> Word -та мәтін енгізу
0a77 -> СабақТЫҢ тақырыбы: сағат және уақыт жаңа сөздер уақыт время


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет