Сабақтың тақырыбы: Нормативтік реттеуге жататын метрологиялық қызметтің түрлері



Дата13.05.2020
өлшемі465 Kb.
#67639
түріСабақ
Байланысты:
4085445c-d4d2-4144-886a-ad47d59aa6dd-1
Титулка, 14.-Geografiya- rus

Ф-ОБ-05/10Б

3 курс О-171 тобы «­­­___»___________2020 жыл
Пәні: Стандарттау , метрология негіздері
Сабақтың тақырыбы: Нормативтік реттеуге жататын метрологиялық қызметтің түрлері

Сабақтың мақсаттары:
1 Білімділік мақсаты: Нормативтік техникалық құжаттарға метрологиялық сараптама жүргізуді студенттерге қандай мақсатта жүргізілетінін жеткізе білу,білімдерін тереңдету

2 Тәрбиелік мақсаты. Әрбір істі саналы түрде орындауға,студенттердің өз ойларын жеткізу білуге, стандарттау мәдениетілігін қалыптастыру

3 Дамытушылық мақсаты: Есте сақтау қабілетін , сауатты сөйлеу, танымдық әрекеттерін дамыту

Сабақтың түрі, әдісі; Аралас сабақ, Сұрақ-жауап, ізденіс жасау

Сабақтың көрнекілігі; слайд

Пәнаралық байланыс: физика, электротехника


Сабақтың оту барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі ( 10 минут)

1 Сәлемдесу

2 Түгелдеу

3 Оқуға қажетті құрал жабдықтарын тексеру.



2 Үй тапсырмасын тексеру ( 30 минут)

.


Бақылау сұрақтары:

1.Теориялық метрология

2.Заңды метрология

3.Қолданбалы метрология

4.Метрология объектілеріне нелер жатады:

3 Жаңа тақырыпты түсіндіру Нормативтік реттеуге жататын метрологиялық қызметтің түрлері


Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі келесіден тұрады:
— мемлекеттік метрологиялық қызмет;
— уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі;
— басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері.

Метрологиялық қызмет мемлекеттік басқарудың маңызды звеносы болып табылады және келесі мәселелерді шешеді:


— шаруашылық субъектілердің қызметін метрологиялық қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін жүргізеді;
— өлшемдердің бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету;
— отандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекеқабілеттілігін жоғарлату және қауіпсіздігін, сапасын қамтамасыз ету;
— материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің шынайы есебін қамтамасыз ету;
— Қазақстан Республикасының экономикасы мен азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін дәл емес өлшемдер нәтижелерінен қорғау.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттары метрология саласында келесі қызметтерді орындайды:


1) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты құрады және жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының метрология қызметінің қызметтерін бағыттау, басқару;
3) қолданысқа жіберілетін өлшем бірліктерін бекітеді;
4) метрология саласындағы фундаментальді зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырады;
5) өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін бекітеді, Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді;
6) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды жасау мен бекіту тәртібін анықтайды;
7) өлшемдердің құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын жалпы талаптарды анықтайды;
8) өлшем құралдарын пайдалану, өндіру және жөндеудің тәртіптерін анықтайды;
9) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізімін жүргізеді;
10) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;
11) метрология бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасын таныстырады;
12) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету аясындағы кадрларды кәсіби дайындау мен қайта дайындауды ұйымдастырады.


5 Бағалау (5 минут)

6 Үйге тапсырма (5 минут)



Бақылау сұрақтары:

1. Нормативтік реттеуге жататын метрологиялық қызмет түрлерін атаңыз?

2. ҚР өлшеу бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік реестрда тіркелген өлшеу құралдары,қандай тізім формасының графаларына кіреді?

3. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік реестрда өлшеу құралдарын шығаруға лицензиялық құқығы бар кәсіп орындар қандай тізім формасының графаларына кіреді?



4. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік реестрда өлшеу құралдарын жөндеуге лицензилық құқығы бар кәсіпорындар қандай тізім формасының графаларына кіреді?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет