Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбына «Ондық бөлшектер әлеміне саяхат»



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі0,9 Mb.
#26329
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбына

«Ондық бөлшектер әлеміне саяхат » атты бекіту сабағы



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өткен материалды қайталай отырып, оқушының алған білімдерін жаңғыртып, практикада қолдана білу шеберліктерін жүйелеу, тиянақтау.

Тәрбиелілік: Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылу, алған теориялық білімін практикада жүйелі пайдалана білу шеберліктерін дамыту

Сабақтың түрі: қайталау, білім бекіту сабағы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, кестелер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Сабақ жоспарымен таныстыру.

3. «Математикалық домино» қайталау мақсатымен

4. БиС технологиясынқолдану

5. «Сәйкестік тесті» ((жұптық жұмыс)

6. «Деңгейлік тапсырмалар» жекелей жұмыс жасауға тапсырмалар

7. Қызықты тапсырмалар

8. «Ой түйін» қорытындылау

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, оқу-құралдарын тексеру.

  1. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқушыларға сабақ барысында деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша жұмыс орындайтындықтарын түсіндіру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Математикалық домино» қайталау мақсатымен

  1. БиС технологиясынқолдану

Өткен сабақ бойынша теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білулерін тексеру

  1. Сәйкестік тесті» (жұптық жұмыс)


Жауабы тақтадан тексеріледі

6. «Деңгейлік тапсырмалар» жекелей жұмыс жасауға тапсырмалар


А деңгейі

  1. Ондық бөлшекті жай бөлшекке немесе аралас санға айналдыр







  1. Өрнекті ықшамдаңдар:





  1. Егер 8,9+9,4 қосындысындағы бірінші қосылғышты 5,3-ке кемітіп, екінші қосылғышты 11,7-ге арттырса, онда қосындының мәні қалай қзгереді?

А деңгейі

  1. Ондық бөлшекті жай бөлшекке немесе аралас санға айналдыр







  1. Өрнекті ықшамдаңдар:





  1. Егер 68,5-11,09 айырымындағы азайғышты 0,96-ға, ал азайтқышты 8,73-ке арттырса, онда айырымның мәні қалай өзгереді?




7. Қызықты тапсырмалар



Тапсырма толығымен дұрыс орындалса, сендерге әлемдегі ең кішкентай жануар туралы қызықты ақпарат айтамын.

2)Теңдеуді шеш:

128,3 - ( Х + 3,4 )= 4,9

Теңдеудің шешімін дұрыс тапсаңдар, ең жылдам сүтқоректі жануардың сағатына алғандағы жылдамдығы шығады.
«Ой түйін» қорытындылау

1. Бөлімде қанша нөл болса,

Цифр бар сонша алдымда.

Жетпесе егер цифрың,

Алдына сонша нөл тіркеп

Жеткізіп жазу қолыңда.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет