Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер Сабақтың мақсаты



Дата11.07.2017
өлшемі40,93 Kb.
#21057
түріСабақ
7-сынып, информатика. мерзімі:____Тексерілді___

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру. 

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер,электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
  1. Процессор дегеніміз не?


  2. Микропроцессордың құрылымына қандай құрылғылар кіреді?


  3. Арифметикалық құрылғысы не істейді?


  4. Басқару құрылғысы не істейді?





Жаңа түсініктер:

  • Операциялық жүйесіз компьютерге мысал келтіріңдер.Операциялық жүйелер қашан пайда болды:

Бірінші операциялық жүйенің (ОЖ) пайда болуы үшінші буынды ЭЕМ-нің жасалуымен байланысты.

  • Екінші және үшінші буынды ЭЕМ-нің элементтік қорын еске түсіріңдер

Магниттік дискілердің пайда болуымен компьютердің ресурстарын басқаруға арналған программаларды жасау қажеттілігі туындады. Мұндай программалар операциялық жүйелер деп аталатын болды. Бүгінде программамен жұмыс істейтін кез келген есептеуіш құрылғы операциялық жүйелермен басқарылады.

ОЖ міндеті мен қызыметі

Операциялық жүйе- бұл программалық жабдықтама мен қолданушының, программалық жабдықтама мен компьютердің аппаратурасының араларында өзара іс-әрекетті қамтамасыз ететін программа.

ОЖ –нің қызыметі:

Мәліметтердің енгізілу-шығарылуын жабдықтау, оларды басқару;

Қолданушымен сұхбат жүргізу;

Программаларды өңдеу үдерістерін жоспарлау және ұйымдастыру;

Компьютерлік жадтың ресурстарын жұмыс істейтін программалар арасында үлестіру;

Қолданбалы программаларды орындап және олардың жұмыс істеуін жабдықтау,

Компьютерге қызымет жасау;

Компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары арасында делдал болу.



ОЖ-ге қойылатын талаптар

ОЖ кез келген программаның орындалуын жабдықтау керек.

Бұл үйлесімділік деп аталады;

Төзімділік-ОЖ компьютердің әртүрлі аппараттық қамтамасыздығында жұмыс істеу керек;

Сенімділік және беріктілік-әрине,ОЖ еш іркіліссіз және кемшіліксіз жұмыс істеуі керек;

Қауіпсіздік-заманауи ОЖ-де бір қолданушының мәліметтері басқа қолданушылардан қорғалуы тиіс;

Кеңеюшілік-ОЖ компьютерде ұзақ уақыт қызымет ететіндіктен, оған жұмысының жақсаруы үшін әртүрлі толықтыруларды енгізу мүмкіндігі болу керек;

Өнімділік- кез келген қолданушы ОЖ-нің тез жұмыс істегенін қалайды.



Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Операциялық жүйе түсінігіне анықтама беріңдер.

2. Операциялық жүйенің негізгі міндеті қандай?

3. Компьютер ОЖ-сіз жұмыс істей ала ма?

4. Сендердің компьютерлеріңде қандай ОЖ орнатылған?

5. Ең көп таралған ОЖ қандай?



Үйге тапсырма: §6. Операциялық жүйелер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет