Сабақтың тақырыбы: Орманның пайдасы және оны қорғау



бет1/3
Дата21.06.2017
өлшемі1,69 Mb.
#19462
түріСабақ
  1   2   3
Ырғызбаева Айнұр Нұрлыбекқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Орманның пайдасы және оны қорғау
Сабақтың мақсаты: Орманның шаруашылықтағы және адам өміріндегі маңызын ашып

көрсету және табиғаттағы қорғау қажеттілігіне баса назар аудару.


Сабақтың міндеттері: Білімділік: Орман ағаштарынан алынатын өнімдер баға жетпес құнды

қойма екендігі және орманның тіршіліктегі маңызды

қасиеттері туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Орман табиғат қазынасы, халық байлығы екендігі туралы

дамыта білім бере отырып оқушылардың есте сақтау

дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Экологиялық, адамгершілік тәрбие беру. Табиғаттағы және

ондағы тіршілікті аялау. Қоршаған ортаны көздің

қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, кесте, сызба, картамен жұмыс, жеке

және жұптық жұмыс, салыстыру, жинақтау.



Сабақтың көрнекілігі: Жануарлармен өсімдіктер суреті, оқушылардың дайындаған

рефераты, Қазақстан картасы, сызба нұсқалар мен суреттер,

үлестірмелі сұрақтар,бейнетаспа.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, экология, ана тілі,қазақ тілі.
Сабықтың барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығы. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа

қатысты оқу құралдарын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

1-2-3


Сынып іші тып-тыныш.

Тыныштықты сақтаймыз.

Біз сабақты бастаймыз.

II. Үй тапсырмасы.

М: Қазір бізде дүниетану сабағы. Үйге қандай тапсырма берілді?

О: Орман- тоғай өсімдіктерімен жануарлары

М: Ал оқушылар жауап беруге дайынсыңдар ма?

О. Иә,иә.

М: Жақсы.Орман-тоғай өсімдіктерімен жануарлар. Алдымен орман мен тоғайға тоқталып

өтейік.



М: Ой қозғау.

М: Орман мен тоғайда не тіршілік етеді?

М: Орман дегеніміз не? Тоғай дегеніміз не?

О: Орман дегеніміз- неше түрлі ағаштардан, бұтақтардан, жеміс-жидектерден тұратын, саңырауқұлақтардан, мүктерден т.б тұратын-жасыл мемлекет.

О: Ал тоғай дегеніміз- адам жүре алмайтын, ит тұмсығы батпайтын ағаштардан, бұталардан, шөптерден тұратын жасыл ел. Енді онда өсетін өсімдіктер мен жануарларға тоқталайық.
ІІІ. Білімді жан-жақты сұрау

М: Суретпен жұмыс. Ауызша баяндап, ойын жеткізе білу.

М: Балалар, суретте ненің суретін көріп тұрсыңдар?

О:

М: Сурет бойынша өз ойларыңды жақсы жеткіздіңдер!

Венн диаграммасы.


М: Салыстыру жұмысы жүргізіледі.

О: Ортақ қасиетін табу.

Орман

Тоғай



М: Оқушылардың үй тапсырмаларын тексеріп бағалау.

IV. Жаңа сабақты меңгерту.
М. Енді біз орман туралы білімімізді толықтырайық. Біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың

тақырыбы: «Орманның пайдасы және оны қорғау» орманның шаруашылық және адам өмірі

үшін маңызы зор. Ол көмірқышқыл газын сорып, оттегін шығарады.

Орманның пайдасы: дәрі-дәрмектер, үй жиҺазы, музыкалық аспаптар, оқулықтар, құрылыс материалдары, газет –журналдар, үйлер, қоралар, көпірлер, ағаш вагондар, кемелер, қайықтар, табиғи жолмен алынатын маталар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет