6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстан.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылар Орталық Қазақстан жайында түсінік алуы тиіс.
2. Сабақтың соңында Сарыарқа жері, оның тұрғындары мен шаруашылығы және ерте темір дәуірі ескерткіштері туралы білуі тиіс.
3. Сарыарқа жері, оның тұрғындары мен шаруашылығы және ерте темір дәуірінің ескерткіштері жайында айта алуы тиіс.
Сабақтың міндеті:
Оқушыларға Орталық Азияда ертеден көшпелілер жайлаған үлкен кеңістік шығыстан батысқа қарай созылып жатқан Сарыарқа жері, оның тұрғындары мен шаруашылығы және ерте темір дәуірі ескерткіштері жайында түсіндіру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Орталық Азияда ертеден көшпелілер жайлаған үлкен кеңістік шығыстан батысқа қарай созылып жатқан Сарыарқа жері, оның тұрғындары мен шаруашылығы және ерте темір дәуірі ескерткіштері жайында толық мәлімет алады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: АКТ. Миға шабуыл әдісі, жиынтық бағалау.
Пән аралық байланыс: география
Көрнекілік: Қазақстанның картасы, суреттер, интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.
«Кім білгір, кім жылдам» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.
1. Сақтардың ескертіштері табылған аймақтарды картадан көрсетіңдер.
2. Алтын киімді адамды қай жылы, кім тапқан?
3. Сақтардың ең көне ескерткіштері Түгіскен мен Ұйғарақ қорымдары қайда орналасқан, қай ғасырларға жатады?
4.Сақтардың әйгілі археологиялық ескерткіштерін атаңдар.
5. Есіктен соң алтын киімді адам қай жерлерден табылды?
6.Аң стилінің пайда болған мерзімі.
7. Іле өзені жағалауында табылған қорым.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. Үлестірмелі қағаз.
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Сарыарқа-ұлы дала.
2.Сарыарқаның тұрғындары.
3.Шаруашылығы.
4.Ерте темір дәуірі ескерткіштері.
Өз бетінше игеру. 10 минут.
Топтар постер қорғайды. Әр топ 2 минут.
Бекіту:
1.Сарыарқа жерін картадан көрсетіңдер. Неге Сарыарқа деп атаған?
2.Сарыарқа тұрғындарының орналасқан жерлерін картадан көрсет.
3.Орталық Қазақстан жерінде қандай малдарды өсірген?
4.Орталық Қазақстан жерін картадан көрсетіңдер.
5.Орталық Қазақстандағы қорғандарды сақ қорғандарымен салыстырыңдар.
6.Тасмола мәдениетінің алғашқы ескерткіштері қай жерде ашылды?
7.Ерте темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?
Сөзжұмбақ:
1.Парсы патшасы І Дарийге қарсы шайқаста ерлік көрсеткен сақ жауынгері.
2.Сақтардың А.Македонскийге қарсы ерлік күресі туралы жазған тарихшы.
3.Малшылар күзде қайда отырған?
4.Сақ қоғамындағы ел билеушісі.
5.Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөлік.
6.Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа.
7.Іле өзені жағалауында табылған қорым.
8.Арал теңізінің маңайын қандай тайпа мекендеген?
9.Орталық Қазақстандағы сақ тайпаларының ең көне ескерткіштерінің бірі.
«Мені түсін» ойыны. Әр топ бір-біріне сөз жасыру. Тайпа, мал, тау, дала, су, қала, т.б.
Тест сұрақтары:
1.Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуірі ескерткіштерінің атауы
а) шағын қорғандар ә) үлкен обалар б) «мұртты» қорғандар в) патша қорымы
2.Тасмола мәдениетінің ерекшелігі
а) көп адамдар жерленген ә) қыш ыдыстар қойылмаған
б) адам мен жылқыны қатар жерлеген в) алтын әшекейлер кездеспейді
3.Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа
а) аргиппейлер ә) аримаспылар
б) исседондар в) дайлар
4.«Мұртты» обалар қаншаға бөлінеді?
а) 6 ә) 5 б) 4 в) 3
5.«Мұртты» обалар көп тараған аймақ
а) шығыс Қазақстан ә) солтүстік Қазақстан
б) орталық Қазақстан в) батыс Қазақстан
Бағалау.
Үйге тапсырма: &36-37 Солтүстік Қазақстан. 109-114 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |