Сабақтың тақырыбы Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 1-сабақ. Бөлім



бет3/10
Дата12.04.2023
өлшемі10,44 Mb.
#174388
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5 сынып қаз әдеб Қайырбекова Ақмарал
Рубежный контроль 2-1608449425283
Бөлім

Әдеби шығарманың құндылығы

Оқу мақсаты

5.Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

Оқушы мақсаты

Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.

Ақпарат көзі

Оқулық: Қазақ әдебиеті 5-сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж.
Авторлары: А.С. Ақтанова. А.Қ. Жүндібаева

Жұмыс реті

Сабақ мазмұны

Болжа

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

«ИӘ, ЖОҚ» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру.

  1. Бала атасымен алғаш кездескенде ән айтып отырады ма?

  2. Кішкентай баланың есімі кім?

  3. Сержанның атасы көрші ауылдан келді ме?

  4. Есмағамбет Сержанды дүкенге апарады ма?

  5. Дүкеннен атасы балмұздақ сатып әперді ме?

Орында

Оқулықтың 130-134 беттегі 7-8-9 бөлімін оқып шығыңыздар.
2- тапсырма. Кейіпкерлерге сипаттама. Кестеге кейіпкерлердің іс-әрекетін жазып толтырыңыздар. Іс- әрекеттері арқылы образын ашып жазыңдар.

топтар

кейіпкер

портреті

Іс-әрекеті

мінезі

Бала арманы

Күміскүл










сағыныш

Сержан










Уәде

Есмағамбет










Үміт

Балмағамбет










Тапсырманы орындауға қосымша көмекші сұрақтар: 1. Сержанның анасы қандай? 2. Баласын ұзақ мерзімге тастап кеткені дұрыс па? 3. Бала кімді қатты сағынды? 4. Есмағамбет қандай ? 5. Есмағамбет Сержанға қандай жақсылық жасағысы келді? 6. Балмағамбет атасы Сержанға мейірім көрсете ме? Тапсырманы әңгімені оқып отырып орында.
Кері байланыс: Жауаптарыңды өздерің стикермен бағалаңдар. 1-күлгін көбелек, 2- көк көбелек, 3 – шұбар көбелек
1.Мен шамам келгенше тырысып көрдім.
2.Мен бұдан да жақсы айта алар едім.
3.Мен бүгін өз жауаптарыма ризамын
«Еркін көбелек» бейнесі




Үй жұмысы

Әңгімені толық қайталап оқы.
Берілген тапсырманы толық орындап, күнделікке жүктеңіз немесе WhatsApp нөмірге жібер.




Павлодар қаласы №14 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қайырбекова Ақмарал Абылайхановна

Пән: Қазақ әдебиеті 5- сынып

Сабақ
2

Күні



Сабақтың тақырыбы

Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 3-сабақ.

Бөлім

Әңгімедегі образдар жүйесі.

Оқу мақсаты

5.А/И1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.

Оқушы мақсаты

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады.

Ақпарат көзі

Оқулық: Қазақ әдебиеті 5-сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж.
Авторлары: А.С. Ақтанова. А.Қ. Жүндібаева

Жұмыс реті

Сабақ мазмұны

Болжа

«Ой қозғау» әдісі . Білу.Түсіну
Әңгімені толық оқыған не оқымағанын тексеру мақсатында «Дұрыс-бұрыс» сұрақ-жауап қойылады .
1. - Есмағамбет пен Сержан алғашқыда бірін-бірі танымайды -....._3._Сержанның_анасы_қасында_жоқ_–_...._4._Сержан_қалаға_аттанып_кетті_–_......_5._Анасы_баласын_атасына_қалдырып_кетті_–_......'> .....
2. Есмағамбет атасы балмұздақ алып бермеді - .....
3. Сержанның анасы қасында жоқ – ....
4. Сержан қалаға аттанып кетті – ......
5. Анасы баласын атасына қалдырып кетті – ......
6. Ең бірінші жақсы көретінім – Балмағамбет атам– .....
7. Есмағанбет қалаға аттанғанда баланың «өңіне бір кірбің, көздеріне де мұң ұялағандай еді...»– .......
8. Балмұздақтың қалғанын ешкімге бермей, өзім жеймін – ......

Орында

Тапсырма: Кейіпкерлердің портретін қазіргі өмірмен салыстыра отырып жалғастыра отырып, суреттеп жаз.
1. Сержан: Ата-анасын сағынған Сержан,Уәдеден үміттенген Сержан,Арманы орындалмаған Сержан.
2. Есмағамбет: Есмағамбет- балажан,мейірімді,ата-анасын сағынған Сержанды қалаға алып кеткісі келді
3. Балмағамбет: Сержанның нағашы атасы, қандай адам?
4. Күміскүл: Күміскүл-мейірімді,баласын асырау үшін қаражат тауып жатқан ана.Баласының қауіпсыздығы үшін нағашысы Балмағамбеттің отбасына әкеліп тастаған ана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет