Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар.
2. Жылдамдық константасы деген термин мағынасын түсіндіріңіздер.
3. Активтендіру энергиясының мағынасын түсіндіріңіздер.
4. Химиялық реакциялардың жылдамдығына катализатор әсері.
5. Берілген жылдамдық теңдеуі бойынша жылдамдық константасын есептеңіз.
Практикалық сабақта және білім алушы оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар
1. Химиялық кинетика нені оқиды және оның практикалық мақсаты. Гомогенді және гетерогенді реакцияларға анықтама беріп, мысалдар келтіріңдер. Олардың жылдамдықтарын қалай табады?
2. u = ▲c/▲t мен u = ▲c/▲t белгіленген жылдамдықтар арасында қандай айырмашылық бар? Әрекеттесуші массалар заңына анықтама беріңдер. Осы заңға сәйкес теңдікте реакция жылдамдығының реакцияға түсетін заттардың табиғатына байланыстылығы көрсетілген бе? Химиялық реакциялар жылдамдығы қандай факторларға тәуелді?
3. Жылдамдық константасы деген не? Оның физикалық мәні неде және қандай факторларға тәуелді? Мына факторлардың қайсысы реакция жылдамдығының константасына әсер етеді: а) қысым өзгерісі; б) температура өзгерісі; в) реакция жүретін ыдыстың көлемі; г) жүйеде катализатордың болуы; д) реакцияласатын заттардың концентрациясының өзгерісі.
4. Берілген химиялық реакцияның жылдамдығын арттыратын және азайтатын әдістерді көрсетіңдер. Катализаторлар, ингибиторлар және каталитикалық реакциялар деген не? Гомогенді, гетерогенді катализдің мәні неде? Жүйеде катализатор болғанда неге реакция жылдамдығы артады?
5. Реакцияласатын заттардың молекулаларының соқтығысуы әр уақытта химиялық өзгеріске әкеле ме? Активті молекулалар деген не, басқа молекулалардан олардың айырмашылығы қандай? Химиялық реакциялардың активтену энергиясы деген не? Жүйедегі активті молекулалар үлесі активтену энергиясы мәніне тәуелді ме? Активтену энергиясының мәні химиялық реакция жылдамдығына қалай әсер етеді?
6. Химиялық реакциялар жылдамдығы температураға қалай байланысты? Химиялық реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті деген не? Вант-Гофф ережесінің формуласы. Неге температураны жоғарылатса, жылдамдық артады? Қандай реакциялар жылдамдығы (эндотермиялық, экзотермиялық, кез келген) температураны көтергенде өседі?
7. 4НСІ + О2 = 2СІ2 + 2Н2 О газ фазасында өтетін осы реакция үшін егер 3 есе: а) оттегі концентрациясын; б) хлорлы сутек концентрациясын; в) қысымды өсірсе, жылдамдық қалай өзгереді?
8. Мына химиялық реакциялар үшін жылдамдықтарының формуласын көрсетіңдер: 2NO + O2 = 2NO2; CaO + CO2 =CaCO3; 4NH3 + 3O2 = 2N2 +6H2O.
Достарыңызбен бөлісу: |