Сабақтың тақырыбы: «Өз орныңды тап»



Дата19.02.2017
өлшемі139,41 Kb.
#10594
түріСабақ

28.09.2015 ж. Дене шынықтыру



Сабақтың тақырыбы: «Өз орныңды тап» ойыны.

Сабақтың мақсаты.

Оқушыларға «Өз орныңды тап» ойыны түсіндіру.

Оқушылардың сұрақтарға жауап бере отырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Оқушыларды ұқыптылыққа, реттіліккен тәрбиелеу.

Сабақ түрі. Жаңа сабақ, аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгіме, ойын

Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың оқу құралдарын түгендеу . Сыныпты сабаққа дайындау

Жаңа сабақ.

Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қою.

Ойынның шарты: Тақтаға

Жылдың қай мезгілі?

Сенің атың кім?

Кім? Кімдер?

Не? Нелер?

Қандай? Қайда?деген сұрақтарды жазып қою.

Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағаздарға жазып, оқушыларға тарату.

Әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай қойып ойнауға болады.

Сергіту сәті:

Сабақты қорыту

-Бүгін біз сендермен қандай ойынмен таныс болдық.?

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкерлер туралы не айтамыз?

Үйге тапсырма:

Бағалау:


Дене шынықтыру

Сабақтың тақырыбы: Саптық жаттығулар

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау. Алға, артқа домалауды жетілдіру.
2. Денсаулық сақтау: Шапшандық, икемділік және күш сапаларын дамыту.
3. Тәрбиелеу: Сабақтағы жүктемесін дұрыс орындау, тәртіпке тарту.
Қолданатын спорт құралдары: ысқырғыш, гиманстикалық маттар, секіртпе.
Сабақ барысы 1. Кіріспе бөлімі
Сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар:
Оңға, солға айналып бұрылу.
Жүру жаттығулары:
- аяқтың ұшымен қол жоғарыда.
- қол желкеде, өкшемен жүру.
- қол белде табанның сыртымен жүру.
- қол белде табанның ішімен жүру.
- отырып, жартылай отырып жүру.
Назар аудару жаттығулары:
- жүріс
- жүгіріс
Спорт жүрісі
Жүгіру жаттығулары:
- Түзу аяқты алға көтеріп жұгіру.
- Түзу аяқты артқа лақтырып жүгіру.
- Түзу аяқты жан – жаққа лақтырып жүгіру.
- Он жағымен жүгіру
- Сол жағымен жүгіру.
- Теріс қарап жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында жасау:
- Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде.
1 - 4 басты оң жаққа айналдыру.
1 - 4 басты сол жаққа айналдыру.
- Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде.
1, 2 денені оң жаққа бұру.
3, 4 денені сол жаққа бұру.
- Ж. Б: Аяқты аласа ашып қол белде.
1 - оң аяққа еңкею.
2 - ортаға еңкею.
3 – сол аяққа еңкею.
4 – Ж. Б.
- Ж. Б: Н. Т.
1 - 4: оң аяқта секіру.
1 - 4: сол аяқта секіру.
1 - 4: екі аяқта секіру.
2. Негізгі бөлім
Оқушыларды саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау:
Бір орында.
- Бір қатардан екі қатарға тұру.
- Екі қатардан бір қатарға тұру.
Жүрісте:
- Бір колонадан ортадан екі колонамен жүру.
- Бір колонадан ортадан үш колонамен жүру.
- Бір колонадан ортадан төрт колонамен жүру.
Содан соң екі, үш, төрт колонадан бір колонаға шығу.
Алға, артқа домалауды жетілдіру:
- Алға жинақталып домалау.
- Артқа жинақталып домалау.
- «Көпір» жасау
Қозғалмалы ойын. «Қашпа доп»
3. Қорытынды бөлім
1. Сапқа тұрғызу.
2. Сабақтың қорытындысын жасап бағалау.
3. Үйге тапсырма “ Саптық бұрылулар ”
4. Ұйымдастырып қайтару.

Дене шынықтыру

Сабақтың тақырыбы: Жалпы дамыту жаттығулары
Сабақтың мақсаты:
а) Әр түрлі тәсілмен жасалатын жаттығуларды жетілдіру.
Ә) Акробатикалық тепе - теңдік жаттығуларын дамыта үйрету.
Б) Күштілік ептілік икемділік қасиеттерін дамыту.
Сабаққа керекті құралдар – жабдықтар:

Сабақтың әдісі: Жаппай, топпен.
Сабақтың мазмұны :
І Дайындық бөлім 15 мин
1. Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!» «Алаңды айналып алға бас!» жаттығулары 2 мин
Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау.
2. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар
Алға жүру:
1. Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру
2. Қол белде өкшемен жүру.
3. Қол желкеде жартылай отыр жүру.
4. Қол тізеде, отырып жүру, секіру. 2 мин
Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.
Кеудені тік ұстау.
Кеуде тік, басты көтеріп ұстау.
Жоғары секіру.
3. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары:
1. Жеңіл жүгіріс
2. Тізені алға көтеріп жүгіру.
3. Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру.
4. Аяқтың басын алға сілтей жүгіру.
5. Оң қапталмен қолды алға айналдыру.
6. Сол қапталмен қолды артқа айналдыру. 3 мин
Ара - қашықтық сақтау.
Тізені алақанға тигізу.
Аяқты алақанға жеткізу.
Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру.
4. Тыныс алу жаттығулары, сапқа 2 қатарға тұрғызу.

ІІ. Негізгі бөлім.
Жалпы дамыту жаттығулары (26 мин)
1. Қол ұстасып, бір - біріне қарама - қарсы тұру. Бір қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау.
2. Екінші аяқпенен де осылай жасау. 4 - 6 рет Барлық оқушылардың бірдей жасауын қадағалау.
3. қолдарын төмен ұстап, бір - біріне арқаларын беріп тұрады.
4. Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді.
5. Екінші жаққа да осылай жасау. 6 - 8 рет Аяқты бүкпей түзу жасауын қадағалау.
6. Бір - бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама - қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ ұсталады.
7. Алға қарай серіппелі түрде еңкею
8 Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу. 6 - 8 рет Аяқты бүкпеу керек.
9. қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір - біріне арқаларын беріп тұрады.
10. Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю.
Қолдарын жібермеуін қадағалау.
1. Жартылай отыру.
3. Қайталау. 6 - 8 рет Бір жаққа құламай қолдарын басынан ұстауын қадағалау.

ІІІ Қорытынды бөлім -4 мин
7 Оқушыларды сапқа тұрғызып.,сабақты қорытындылау. Мадақтау. Бағалау. Қателік жіберген оқушыларға ескертіп түзеу.

Үйге тапсырма беру.
Дене шынықтыру

Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика нормативтерін тапсыру

Сабақтың мақсаты:

  1. Төменгі сөреден шығу техникасымсен жүз метрге жүгіру техникасын үйрету арқылы оқушылардың денсаулығын нығайту

  2. Жылдамдық, ептілік, икемділік, шыдамдылық дене сапалық қасиеттерін жылдамдық, күш, ептілік дамыту

  3. Дене тәрбиесі сабағында ұжымшылдық, адамгершілікке, эстетикалық, еңбек тәрбиесіне баулу

  4. Осы дене жаттығулары арқылы оқушылардың денсаулығын нығайту

Сабақты оқыту әдістері: Сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, демонцтрациялау әдісі

Сабақты өткізу әдісі: Жаппай, топтық кезекті, жеке, тізбектік, бөліп алу

Сабаққа ткеректі құрал-жабдықтар: Ысқырық, жалауша, секундомер


р/с

Сабақтың мазмұны

мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

І. кіріспе бөлімі

10-15 мин



Оқушыларды сапқа тұрғызып, кезекшіден мәлімет алып, сәлемдесем. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып түсіндірем. Оңға, солға бұрылу арқылы оқушылардың дайындығын тексерем. Спорт алаңының немесе квадраттың бойымен жүру жаттығуын жасатам.

  1. Қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру.

Жүгіру жаттығуларын жасату

  1. Оң бүйірмен қолды алға айландырып жүгіру

  2. Сол бүйірмен қолды артқа айландырып жүгіру

Үш қатарлы сапқа тұрғызып жалпы дамыту жаттығуын жасату

  1. Бастапқы қалып негізгі тұрыс 1 дегенде қолды жоғары көтеріп сол аяқты артқа қойып шалқаю 2 дегенде бастапқы қалып 3-4 тура солай оң аяқ.

  2. Б.қ негізгі тұрыс қол белде 1-4 оң аяққа, 1-4 сол аяққа, 1-4 қос аяқпен секіру

Демалыс жаттығуын жасату

  1. Аяқты артқа сілтеп жүгіру

  2. Тізені көтеріп жүгіру




1 мин

1х10м
1х10м


1х10м
1х10м
1 айналым

1х15м
1х15м


1х15м
400м


Оқушылардың сапқа дұрыс тұруын қадағалау. Сабақты уақытында ұйымдастыру

Қолдың ұшына қарап созылу.

Денені тік ұстап жүру.

Жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау


Спорттық қадамның техникасын көрсету
Қолды барынша кең айландыру

Арақашықтық сақтау

Жүгіру техникасын көңіл бөлу

Барынша шалқаю




ІІ.


Негізгі бөлім

25-30 мин


Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақты теория жүзінде түсіндіріп, практика жүзінде көрсету.

1.Төменгі сөреден шығу техникасын үйрету. «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп бір, бір жарым қадам санап алып қолды сөре сызығынының үстіне қойып итеретін аяқты алдығы ұшфна қойып итермейтін аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, бас пен иық бір деңгейде, салмақ қолға түсіп тұрады.

«Дайындал» деген бұйрықта сәл көтеріліп алға қарап тұрады. «Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам қолды алға артқа сермеп 20 метрге максимальді қарқын алғанша жиі-жиі басып жүгіреді.

2.Жүз метрге жүгіру. Жүз метрге жүгіру 4 фазадан тұрады.


  • Сөреге тұру

  • Сөреден шығу

  • Берілген қашықтықты жүгіру

  • Мәре сызығынан өту

«Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру. «Дайындал» деген бұйрықта көтерілу. «Жүгір» деген бұйрықта аяқ қолды тез тез қимылдатып 20 метрге дейін аяқты жиі жиі басып максимальді қарқын алғанша сөйтіп жүгіріп, қалғанын барынша қарқынмен жүгіріп келіп мәре сызығын кесіп өту қажет. 100 метрге жүгірту.





Оқушылардың сөреге дұрыс тұруын қадағалау және итеретін аяқтарын алға қойығанын қадағалау.

Оқушылардың «жүгір» деген бұйрық бойынша жүгіруін қадағалау.

Сөреден дұрыс шығып берілген қашықтықты тоқтамай жүгіріп өтуін қадағалау. Әр оқушы өз жолымен жүгіруін қадағалау.



ІІІ Қорытынды бөлім

3-5 мин


Оқушыларға қозғалыста демалыс жаттығуыг жасатып, сапқа тұрғызып,саабақты жіберген кемшіліктері мен жеткен жетістіктерін айтып бағалап, үйге тапсырма беріп қоштасу




Оқушылардың ағзасын бастапқы қалыпқа келуін қадағалау



Дене шынықтыру

Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойын ережесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тоғызқұмалақ ойынының тарихымен ойнау әдісімен таныстыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін арттыру,біліктілік пен дағдыларын дамыту, төзімділікті қалыптастыру.
Тәрбиелік: Әділеттілік, адалдық, жігерлік қасиеттерін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін жігерлендіру.
Құрал-жабдықтар: сағат, тоғыз құмалақ тақтасы, интерактивті тақта
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 5 мин
Сәлемдесу Сабақ барысын айтып түсіндіру сабақтың мақсатын түсіндіру
Тоғыз құмалақ ойынының ережесі мен ерекшеліктері, тоғыз құмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады.

Ойын тақтасы -2 қазаннан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады.



Жаңа сабақты пысықтау Дауыс ашық анық түсінікті болу керек.
2.1 Негізгі бөлім
Шығу тарихы туралы айтып өту
Қазақ халқының ежелгі спортының бірі –тоғызқұмалақ . зерттеушілердің пайымдауынша ьұл ойынның пайда болуы шамамен 4 мың жылдық кезеңді қамтиды.
Ережесін түсіндіріп айту
35 мин
5мин
Тақырып бойынша толық мәлімет беру.
2.2 Тоғызқұмалақ ойынының ұяшықтармен (отаулармен) таныстыру
Сергіту сәті
1) Қолды белге қоямыз, басымызды жоғары көтеріп, көзімізді оңға, содан кейін солға қарай көзімізді бұрамыз.
2) 1-қолды алдыға созамыз, 2-жанға, 3-жоғары көттереміз, 4-дегенде бастапқы жағдай
5 мин
Жаттығуды толық, дұрыс жасауын қадағалау.
2.3 Ережесін сақтай отырып ойын ойнату
20 мин Оқушылардың ойынына бақылау жасап қадағалап отыру.
2.4 Бекіту
5 мин Оқушылардың өткен сабақтан түсінгендерін тексеру.
3 Қорытынды 5 мин
3.1 Сабақты қортындылау
Сұрақ-жауап
1. Отау саны нешеу?
2. Отаулардың аттарын атаңдар.
3. Ойын тақтасында неше қазан болады? Тиісті бағалаларын қою

Сабақтың тақырыбы: «Тоғызқұмалақ ойыны».


Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: тоғызқұмалақ ойыны туралы мағлұмат бере отырып мәтіннің мазмұның ашу.
2. Дамытушылық: оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын арттыру сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, мәнерлеп оқу, сұхбат.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы фильм, тоғызқұмалақ тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу. Кезекшімен сөйлесу.
Оқушыларды түгелдеу.
— Бүгін кім кезекші?
— Ауа-райы қандай?
— Сыныпта кім жоқ? т.б.

ІІІ. Жаңа тақырып: 1.Оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін


«Тоғызқұмалақ» ойыны туралы видео көрсету. Оқушылардың
алдына мақсат қою: видеоны анықтап қараңдар және алдарындағы
кестені толтырыңдар.
Ойынның
аты Неше адам ойнайды? Ойынға керек заттар
2. Проблемалық сұрақ: Қазақтың ұлттық ойындары бізді неге тәрбиелейді? 3.Аудиозписьтен мәтінді тындайды.
— Мәтін не туралы? (оқушылар түсінгендерін орысша айтады).
3. Жаңа сөздермен жұмыс:
а) таныс емес сөздерді сөзідк дәптерлеріне көшіріп жазу;
ә) дұрыс оқуды жаттықтыру;
б) сөздерге синоним, антоним, омоним сөздерін табу:
4.Синонимдер: шұңқыр-апан, арнаулы- арнайы, мүмкін-бәлкім, дерек- мәлімет;
Антонимдер: мүмкін-мүмкін емес;
Омонимдер: мәдениет – культурный, цивилизованный.
в) сөзтіркестер, сөйлем құрастыру;
5. Мәтінмен жұмыс:
Тоғызқұмалақ – тамаша ойын.
Тоғызқұмалақ – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
Тоғызқұмалақ – шахмат, дойбы секілді арнаулы тақтада ойналады. Бұл ойын терең ойды талап ететін Оның тақтасы ерекше. Бұрынғы кезде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнайтын болған. Тақтаның шұңқыры, қазаны бар.
Тоғызқұмалақ математикалық ойын. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалған мәдениет үлгілерінің бірі – тоғызқұмалақ ойыны.
Тоғызқұмалақ ойыны, негізінен, Орталық Азиада кеңінен тараған (топтық жұмыс) әр топ өз абзацтағы мәтінді оқып аударады және атайды.
Жоспар.
1. Тоғызқұмалақ ойының тарихы.
2. Ойынның ережесі.
3. Тоғызқұмалақ математикалық ойын.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту: Сұрақтарға жауап беру:
— Тоғызқұмалақ қандай ойын?
— Қай жылдық кезеңді қамтиды?
— Өткен ғасырларда тоғызқұмалақ қай жерлерде кең тараған ойын болатын?
— Тоғызқұмалақ қайда ойналады?
— Бұрынғы кезде қалай ойнаған?
— Тоғызқұмалақ нені талап етеді? т.б.
Қорытындылау: Тоғызқұмалақ ол қазақ халқының ең бір қызықты ойындарының
бірі. Бұл ойынды қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев қырдың
тоғызқұмалақ, дойбы сияқты ойындарына көп уақыт бөлетін, қызықтап
қазіргі уақытқа дейін мұражайда сақтаулы тұр.

V. Қорытындылау: Семантикалық картаны толтыру:


дұрыс бұрыс
1. Тоғызқұмалақ еліміздің дәстүрлі ойыны. +
2. Ойынның тарихы 5 мың жылдық кезеңді қамтиды. +
3. Тоғызқұмалақты арнаулы тақтада ойнайды. +
4. Тоғызқұмалақ шапшандықты талап етеді. +
5. Тоғызқұмалақ ойыны Орталық Азияда кеңінен тараған. +

— Қандай ойын түрімен таныстық?


— Тоғызқұмалақ ойыны бізді неге тәрбиелейді?
— Тоғызқұмалақ ойыны сендерге ұнай ма?
VІ. Бағалау.
VІІ. Үй жұмысы: 1. Жаңа сөздерді жаттау

Дене шынықтыру
Тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойынының жүрісі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету.
Дамытушылық: оқушыларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой - өрісін толық дамыту және компьютерлік сауаттылықа, ұқыптылыққа, дайын бағдарламамен өз бетімен жұмыс жасауға
Тәрбиелілік: оқушыларды ұйымшылдыққа, достық қарым - қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухта, сананы қалыптастыруға бейімдеу.
Керекті құрал - жабдықтар: 1. Тоғызқұмалақ тақталары,

Сабақтың түрі: Практикалық: жаттығулар орындау, жарыс


Сабақтың жоспары: I. Дайындық бөлімі:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Тоғызқұмлақ ойыны қашан пайда болды? Неліктен “Қойшылар алгебрасы” деп атаған? Қазақ өкілдерінен кімдер ойнаған? Тоғызқұмлақ спортшыларынан кімді танисың? Тоғызқұмалақ ойынын қай елдер ойнайды?
II. Негізгі бөлім:
Жана сабақ “ Ойын ережелері мен ерекшеліктері” “ Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек” С. Аманжолов
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
• Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қостаушы
• Тұздық
• Атсырау
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз - тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Қазақша атаулары:
№9 отау маңдай
№8 отау көкмойын
№7 отау қандықақпан
№6 отау белбасар
№5 отау бел
№4 отау атсыратар
№3 отау атөтпес
№2 отау тектұрмас
№1 отау арт
Тоғызқұмалақ ойынында бекітілген ережеден ауытқитын жағдай бар, міне осыларды ойын ерекшеліктері деп атайды.
Жүріс жасау ережесі
Құмалақ ұту ережесі
Тұздық алу ережесі
Атсырау ережесі
Бірінші ерекшелік – ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады Бастаушы өзінің кезекті жүрісінде 6 - шы отауындағы 1 құмалақты келесі 7 - ші отауға жүрді делік, сонда 6 - шы отау бос қалады.
Екінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі құмалағы бар отауларының біріне (9 - шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек. Мысалға жоғарыдағы № 6 диаграммадағы жағыдайды жалғастыралық. Ойынды бастаушы 1 - ші отаудан жүріп, қостаушының 2 - ші отауынан 12 құмалақ ұтып алды делік.( № 3 - диаграмма )
Міне осы сәтте қостаушы 5 - ші отауындағы 11 құмалақты таратып, бастаушының
6 - шы отауындағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырып сол отаудан «тұздық» алады.

Ойыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады. Тағы бір ескеретін жағыдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық» алуға болмайды.


Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды. Мысалы, бастаушының1 – ші отауымен қостаушының 1 – ші отауы аттас, 2 - ші отауымен 2 - ші отауы аттас т. с. с.
Үшінші ерекшелік - «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын «атсырауға» ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады, міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады. Төмендегі мысалға назар аударалық:  
9 8 7 6 5 4 3 2 1
2 2 80
Х 1 7 70
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Ойынның қасиеті туралы.
Ойынның нәтижесі туралы айту.
Қорытынды:

Оқушыларды бағалау.



Үйге тапсырма беру. Ережелерді есте сақтау, жаттығу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет