Сыныбы: 9а
Пәні: Сызу
Сабақтың тақырыбы: Өзара перпендикуляр екі жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сызба сызу барысында тік бұрышты
проекциялау әдісін қолдануды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін,ойлау
қабілетін,пәнге деген қызығу-
шылығын арттыру .
Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру.
Сызу сабағына жауапкершілікпен
қарауды және таза сызуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, топтық және жеке оқушымен жұмыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, смайликтер, стиккер қағазы
Пәнаралық байланыс: Геометрия
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабақ құралдарын қадағалап, сабаққа дайындығын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар слайд бойынша сабақ айту.
3. Жаңа сабақ
Оқушылар біз өткен сабағымызда бір жазықтықтағы бір проекциядан тұратын кескін қайтымды бола алмайтынын түсіндік. Сондықтан өзара екі жазықтық алып бүгінгі сабағымызды тік бұрыштап проекциялау жасауды үйренеміз және де фронталь, горизанталь сияқты осьтерді танып білеміз.
Ол үшін бірінші екі жазықтық алып, нәрсені оларға тік бұрыштап проекциялаймыз. Бұл екі жазықтықтың біреуін (П`жазықтығын) вертикаль және көлденең орналастырамыз.
Берілген А нүктесін осы жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялаймыз.
-А нүктесін П` жазықтығына түсірілген перпендикулярдың табаны А` нүктесі, ал П2 жазықтығына түсірілген перпендикулярдың табаны А2 нүктесі болады.
-А` нүктесінен П2 жазықтығына түсірілген перпендикуляр
-А2 нүктесінен П1 жазықтығына түсірілген перпендикулярмен Ах нүктесінде қиылысады.
4.Сызықтық диктант
1.Сызба сызуда 8 түрлі сызық қолданылады.
Жоқ
2.Өлшемдері тағайындалған сызба салуға арналған қағазды пішім деп атайды.
Иә
3.Егер түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесі болмаса, оларды параллель деп атайды.
Иә
4.Нәрсенің тікбұрышты проекциясын салуды изометрия деп атайды
Жоқ
5.Овал-француз сөзі.Қазақша баламасы “сопақша” деген мағынаны білдіреді.
Жоқ
6.Шеңбердің параллель проекциясы болатын қисық-тұйық сызық эллипс деп аталады.
Иә
7.Қиылыспайтын жазықтықтарды өзара перпендикуляр деп атайды.
Жоқ
8.Проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазықтықты проекциялаушы жазықтық деп атайды.
Иә
9.Циркуль латын сөзі,төртбұрыш деген мағына береді.
Жоқ
10.Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығын даярша деп атайды.
Иә
5. Топтық жұмыс. Фигуралар сөйлейді
6.Тест. Кім шапшаң?
1.Параллель проекциялаудың неше қасиеті бар?
А)7 С)6
В)4 Д)5
2.Сопақша дегеніміз не?
А) Берілген түзуге перпендикуляр етіп жүргізілген түзу
В)Шеңберлер доғаларын түйіндестіру нәтижесінде алынған тұйық сызық
С)Екі түзудің радиусы шеңбердің доғасымен түйіндесуі
Д)Параллель түзудің нмесе бір түзудің бойынан алынған кесінді
3. Сызбада неше тұтас сызық бар?
А)4 С)6
В)7 Д)8
4.А4 форматының өлшемі?
А) ұзындығы 841 мм,ені 594 мм
В) ұзындығы 420мм,ені 297 мм
С) ұзындығы 297 мм,ені 210 мм
Д) ұзындығы 594 мм,ені 420 мм
5.Кескіннің екі түрін ата?
А)Проекция мен жазықтық
В)Пішім мен масштаб
С)Кесінді мен шеңбер
Д)Аксонометрия мен жайма
6.Мына суреттегі « тұтас жіңішке іріксінді
сызықты» көрсет?
А) Ә) Б) В) Г) Д) Е) Ж) З)
7 . Кесіндіні тең бөліктерге бөлу үшін не жүргіземіз?
А) Сызық С) Сәуле
В) Кесінді Д) Шеңбер
8. Шеңбердің диаметрін қандай құралмен жүргіземіз?
А) Циркуль С) Ұзын сызғыш
В) Бұрыштық(900 600 300) Д) Транспортир
9. Кішірейту масштабын көрсет?
А) 2 : 1 С) 1 : 2,5
В) 1 : 1 Д) 5 : 1
10.Алдынан қараған көрініске үстіндегі көріністің қайсысы сәйкес келеді?
7. Топтастыру. Монж эпюрі
Горизанталь және фронталь Абцисса осі бір-біріне бірігеді
Кескіні қайтымды
болады
Бір-біріне беттеседі
Проекциядан тұрады
8.Сызу пәні жырлайды.
9.Рефлекция
10.Бағалау
11. Үйге тапсырма
Өзара перпендикуляр екі жазықтыққа тік бұрыштап
Проекциялауды оқып келу, 57-суретті сызып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |