I деңгейлік тапсырмалар
М.Мақатаев қай жылы, қай жерде өмірге келді? 1931 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы,Қарасаз ауылында
Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? Мұхамедқали
Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазады? Менің анкетам
Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған? Фаризаға
Ақын орыс ақындарынан кімді өзіне жақын тұтты? С.Есенинді
II деңгейлік тапсырмалар
Ақынның анасының есімі кім? Нағиман (Ақбілек)
Ақынның мінезі жағынан әжесіне ұқсастығы бар ма?
Бар. Мұқағали ақын да өр мінезді, бірбеткей.
Ақынның атасының, әкесінің, әжесінің, жарының есімдерін ата?
Мақатай, Сүлеймен, Тиын (Көкдауыл), Лашын
Ақын өлеңді алғаш рет қашан жазды?
Он жасынан бастап жаза бастады. Әкесі он жасында соғысқа кеткен. Соны сағынып өлеңдер жаза бастады.
Мұқағали ағамыздың отбасы туралы не білесіңдер?
1949 жылы Лашын апамызбен отбасын құрды. Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Жұлдыз, Айбар атты ұлдары өмірге келді. Ал, Майгүл есімді қызы он жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
III деңгейлік тапсырмалар
Алғашқы өлеңдері қандай? «Қырман басында»,«Қойшы бала- Әкітай»
Ақынның қандай кітаптарын білесіңдер?
«Аманат» жыр жинағы. (Мемлекеттік сыйлыққа ие болған)
Мұқағали ақын неше жасында, қай жылы дүние салды?
1976 жылы 45 жасында
Ақынның бірінші кітабы қай жылы жарық көрді?
1964 жылы 33 жасында
Он жеті жасар Мұқағалидың өлеңі 1948 жылы қай газетте басылады? «Кеңес шекарасы» газетінде.
«Ғасыр ақыны» Мұқағали Мақатаев туралы айтылған естеліктер
Осы орайда сазгер Н. Тілендиевтің мына сөздері еске түседі:
«Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп, екі ай емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң, жұмысқа кеттім. Бешпентімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы: «Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көріңіз» депті. Бұл «Есіңе мені алғайсың» әні еді».
Олай болса балалар, ақынның тағы бір қыры ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеуі.
«Дариға – жүрек» әні
Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кей-кейде өмірден безініп, ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты.
Тума талантымен өлең әлемінде өз қолтаңбасын қалдырған Мұқағали мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақ поэзиясының алтын қорынан орын алатын өлмейтін, өшпейтін мәңгілік мұра.
«Бес жолдық өлең құрастыру» стратегиясы бойынша Мұқағали ағамызға арналған өлең жолдарын құрастыру.
Санның айтылуы бойынша реттік әріпін табу арқылы жазушының тегі шығады.
20-5, 6-1, 40-1, 6-1, 4-1, 6-1, 2-1, В
М А Қ А Т А Е В
Қызығушылықты ояту. «Түртіп алу стратегиясы»
Оқушылар сабақтан алған өз әсерлерін жазып, кестені толтырады.
Сабақты қорытындылау: Мұғалім:
Өмірге бір-ақ келген асыл едің,
Теңіздей тебіреніп тасып едің
Сағымға еніп кеткен кемедейсің,
Аралап ХХ ғасыр елін
Өмірін өлеңменен өрген ақын
Тағдырдың тапшылығын көрген ақын
Қазақтың қасиетті қара өлеңі
Жалғаса береріне сенген ақын! – деп толғана еске алады кейінгі ұрпақ.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма: «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» әңгіме жазу.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 2003. Алматы.
«Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы, 2009. Алматы.
Қазақ әдебиеті оқыту әдістемесі, 2000 ж. Шымкент.
М.Мақатаев «Аманат» жыр жинағы, 2000 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |