Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Пернелер тобы



Дата25.08.2017
өлшемі66,31 Kb.
#26939
түріСабақ
5 сынып.

Мерзімі: 6.10.2014 жыл

Сабақтың тақырыбы:  Пернетақта. Пернелер тобы.

Сабақтың  мақсаты: Пернетақтаның  жұмысымент аныстыру арқылы, оқушылардың компьютерді қолдана білу қабілеттерін арттыру.

Сабақ міндеттері:

  Білімділік: Пернетақтаның функционалды пернелері жөнінде мағлумат беру.

 Дамытушылық:  Оқушылардың  ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

 ТәрбиелікӘр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.

 Сабақтыңтүрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтары:  компьютерлер, пернетақта тренажері, электрондық оқулық, тестер.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

        I.    Ұйымдастыру кезеңі

     II.   Өтілгенді пысықтау

   III.  Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

 IV.  Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

     V.   Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  VI.  Бақылау кезеңі

Сабақ барысы

I.   Ұйымдастырукезеңі

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.



II.  Өтілгенді пысықтау

  • Компьютердің негізгі құрығыларын ата.

  • Компьютер жадысының қандай түрлерін білесіңдер?

  • Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.

  • Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын ата.

  • Жадтың сыртқы тасуыштарын сипатта.


III. Жаңаұғымдарменалғашқытаныстыру кезеңі

Пернетақта   (Клавиатура)           

Пернетақта  - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы.Онда  103 немесе  104  перне  болады Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып  табылады.

Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:

1.Пернені басқанда  пернетақтаға  орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.

2. Скан-код  микросхемаға  түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.

3. Түзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.

4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

5.  Енгізілген (бірақ  өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.



Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:

 -басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық   пернелер)

 -функционал пернелер: F1-F12

 -арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt,  BackSpace

 -меңзерді басқару және редакциялау  пернетақтада.

 -сандық пернетақта.

   Функционалдық  пернелер-   Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар  компютердің  күрделі операцияларын тез орындайды. Әр түрлі программаларды әр түрлі  қызмет  атқарады.

   Символдық  пернелер – пернетақтаның  негізгі  бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

   Нұсқаушы  немесе  меңзерді  экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

   Цифрлық-қосыма   NumLock  пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.



Enter - енгізу  пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.

←  немесе Backspace   пернесі  алдыңғы  символды өшіреді.



Shift  - бұл кіші әріптерді үлкен етуге және керісінше орындауға болады.

CapsLock  - үлкен әріптер енгізіледі.

Delete – меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

Кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің  комбинациясын пайдаланады.  CtrlAlt 



Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

  • Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап беру.

  • Тестер мен жұмыс.

V.   Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

VI.Бақылаукезеңі

  • Компьютердің сыртқы  құрылғыларын ата?

  • Енгізу-шығару құрылғыларын айтыңыз

  • Пернетақтаның блоктарын айт.

  • Негізгі пернелердің қызметі қандай?

VII. Бағалау

VIII. Үйге тапсырма: § 6, 7, 39-58 беттер оқу.
Каталог: files -> lesson
lesson -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: Паскаль -программалау тілі 9 сынып Сабақтың мақсаты: Программалау тілі бойынша жалпы түсінік беру
lesson -> ДӘріс №21 интернет туралы жалпы ұҒЫМ. Жергілікті және ауқымды желілер жоспар
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Адам ақпаратты қалай алады. Ақпаратты кодтау. Ascii коды. Бағдарламалық Оқулық
lesson -> Пән: информатика Сынып: 6 Күні: Тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары. Мақсаты
lesson -> ДӘріс №1 АҚпарат және информатика ұҒымдары
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Жобамен жұмыс
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторлары. Сабақтың мақсаттары: Білімділік
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Сараптама жүйесі. Жасанды интеллект. Сабақтың мақсаты: а Білімділігі
lesson -> ДӘріс №15 microsoft excel электрондық кестесі туралы жалпы түсініктер жоспар
lesson -> Сабақ жабдықтары: электрондық оқулық. Сабақтың түрі: жаңа білім беру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет