Сабақтың тақырыбы: Пропорция және қатынас. Сабақтың мақсаты



Дата05.06.2017
өлшемі58,83 Kb.
#18174
түріСабақ
6-сынып

Математика-технология

Пән мұғалімдері: Сейдахметова Гульнар Акимовна

Кузубаева Нейля Гайнуловна

Сабақтың тақырыбы: Пропорция және қатынас.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Пропорцияға есептерді шешуге үйрете отырып, салат жасалуымен таныстыру;

Дамытушылық: Қосымша мәліметтер бере отырып, оқушы шығармашылығына ізденіс қалыптастыру;

Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыстануға, ойын ашық айтуға, өзгелермен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Сабақтың түрі: Бинарлық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, тақырыпқа сай суреттер, салат жасау ингридиенттері.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қайталау

Математика пәні мұғалімі:

Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақ емес, өзгеше түрде өтеді. Сендере сабақты екі мұғалім өткізеді.

Өмірдегі көптеген мәселелер математика көмегімен шешіледі екен. Сабағымыздың соңында балалар біз «Математиканы өмірде қайда қолдануға болады?» деген сұраққа жауап беруіміз керек.

Балалар бүгінгі сабағымыздын тақырыбы «Пропорция және қатынас» деп аталады. Сабақ барысында пропорция тақырыбы бойынша білімдеріңді қорытындылап және есеп шығарып көрсетулерің қажет. Дәптерге бүгінгі күнді және сабақ тақырыбын жазып қойыңдар.

Ендеше «Пропорция» тақырыбын қайталап шығайық.

1. Пропорция дегеніміз не?

2. Пропорцияның мүшелерін ата.

3. Пропорцияның негізгі қасиеті?



a:b=c:d

Математика пәні мұғалімі:

Ал енді, пропорцияға байланысты өмірде кездесетін есептердің шешуін үйренейік.

1. Ажар мен Ақниет 2,5 кг смородинадан варенье пісіреміз деп шешті. Рецепт бойынша 2 кг смородинаға 3 кг қант қажет. Ажар 3,75 кг қант керек дегенде, Ақниет 3,25 кг қант керек деді. Кімнің айтқаны дұрыс?

2:3=2,5:х

2х=2,5*3

2х=7,5


х=7,5:2

х=3,75


Жауабы: Ажар дұрыс айтты.

2. 1,5 л чай дәмдеу үшін 30 г заварка керек. Шәйнекте 0,39 л ғана сыяды. Қанша заварка керек?

1,5:30=0,39:х

1,5х=0,39*30

1,5х=11,7

х=11,7:1,5

х=7,8

Жауабы: 7,8 г заварка керек.



3. 4 порция бидай ботқасына 220 г бидай, 1 л сүт, 30 г қант керек. 14 порция ботқаға қанша бидай, сүт, қант керек?

2:220=14:х

2х=3080


х=1540

4:1=14:х


4х=14

х=3,5


4:30=14:х

4х=420


х=105

Жауабы: 1540 г бидай, 3,5 л сүт, 105 г қант.

Алдыларыңда тұрған пропорцияларды дұрыс шешсеңдер бір тағамның атын оқисыңдар.

1. х:6=4:2 х=12 «И»

2. 100:20=30:х х=6 «Ь»

3. 45:5=х:10 х=90 «О»

4. 48:y=32:2 у=3 «Е»

5. 28:а=14:2 а=4 «В»

6. 3,2:0,4=8:у у=1 «Л»

Қандай тағамның аты шықты?

90

1

12

4

6

3

«О»

«Л»

«И»

«В»

«Ь»

«Е»


Технология пәні мұғалімі:

Балалар, ендеше «Оливье» сөзі нені білдіреді екен? Кім біледі? Тағы не білеміз?

/Бір оқушы баяндайды/


  • Салат жасау үшін бізге міндетті түрде не керек?

  • Рецепт. Ал рецептің маңыздылығын мультфильмнің үзіндісінен кейін айтайық.

\Үзінді «Маша готовит кашу»\

  • Сонымен, рецепт не үшін қажет?

  • Рецептсіз бір де бір тағам жасалмайды. Кез келген адам тағам жасау алдында оның рецепіне қарап, өлшемдерін анықтайды.

  • Сонымен балалар бүгінгі тақырыбымыз «Пропорция және қатынас».

  • Ал енді пропорцияның технологияда қатысы неде?

Ендеше «Оливье» салатының рецептісін сендер көріп отырсыңдар

Рецепт: «Оливье»

Жұмыртқа – 3,

Сәбіз – 100 г,

Қияр – 100 г,

Горох – 100 г,

Картоп – 100 г,

Колбаса – 200 г,

Майонез – 50 г.

Ал, енді, бүгін біз осы салатты жасап көрсетеміз. Жасаудың алдында сендер 2 порцияға кететін азық түлік мөлшерлерін санап алыңдар.



Математика пәні мұғалімі:

Онда балалар берілген есепті шешейік.



1:3=2:x

x=6


1:100=2:x

x=200


1:200=2:x

x=400


1:50=2:x

x=100


Жауабы: 6 жұмыртқа, 200 г сәбіз, қияр, горох, картоп, 400 г колбаса, 100 г майонез.

Технология пәні мұғалімі:

Дұрыс, салатымыздың азық түлігі саналды. Алдыларыңда тұрған қоржыннан бір зат алыңдар. Және соның түсі бойынша екі топқа бөлініп өз столдарыңа орналасыңдар.

\ топқа бөлінеді.\

Топ атын және топбасшы сайлаңдар



1 топ:

2 топ:

Инструктаж жүргізіп, жұмысты бастайды.

/Оқушылар топқа бөлініп, практикалық жұмыс орындайды/.

Салатымыз дайын. Мұғалім салаттың түрін, безендірілуін, кесілгенін, дәмін салыстырып бағалайды.



Сабақты қорытындылау.

  • Сабақ басында берілген сұрағымызға жауап берейік балалар.

  • Математика өмірде қай жерде кездеседі? Керек па? Қалай қолданамыз?


Сабақ қызықты өтті

Сабақ ұнамады

Түсініксіз













Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет