Әсер ету механизмі. Мидың қабатында қозу үрдістерін күшей-еді, ОЖЖ дофамин мен норадреналиннің босап шығуына ықпал етеді.
Фармакологиялық әсерілері. Ойлау және физикалық жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатады. Артериялық қысымды жоға-рылатады. Ұйқышылдықты және шаршау сезімін (басады) төмен-детеді. Тимолептикалық әсерге ие. Кардиоқуаттандырушы әсер етеді. Тромбоциттердің агрегациясын төмендетеді, асқазан сөлін жоғарылатады (кофеин). Анорексигендік әсер (амфетамин) етеді.
Қолдану көрсеткіші. Психикалық және физикалық жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатады. Бас сақинасы (кофеин). Балалар-дағы энурез (мезокарб). Тұнжырау (амфетамин, мезокарб). Нарколепсия (амфетамин, фепросидин). Әлсіздік жағдайлар (мезокарб, фепросидин).
Тақырыптың сұрақтары:
Нормотимиялық дәрілер. Әсер ету механизмдері. Жанама әсері.
Психостимуляторлар. Қолданылуы. Жанама әсері.
Ноотропты дәрілер. Әсер ету механизмдері.
оқыту: дәрілік заттар мен биомолеклалар арасындағы біріншілік фармакологиялық реакцияны сараптауды үйрету;
дәрілердің жалпы қасиеттері негізінде оларды қолдану мүмкіндігін үйрету;
рецептерді толтырудың және рецептуралық жазбаларды құрудың жалпы ұстанымдарын және әр түрлі дәрілік түрлерге рецепт жазуды үйрету;
дәрілік заттардың концентрациясы мен дозаларын есептеуді үйрету.
тәрбиелік: болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм – Отан –анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл –парасатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін , тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кіреді.
дамыту: сабақтарда оқу және анықтама құралдарын, электрондық оқулықтарды, мультимедициналық үйрету бағдарламалары, рецептуралық бланктер, әртүрлі дәрілік түрлердегі дәрілердің жинақтарын, дәрі-дәрмектердің қолдану нұсқаулары ұсынылды
Достарыңызбен бөлісу: |