Рентгенсәулесін медицинада,ғылымда,техникада қолданылуы Ғылымда қолданылуы Компьютерлі томография – рентгенологиялық зерттеулердің ерекше түрі. Компьютерлі томография кабинетіне кірген кезде, емделушіге жайлы және кең киім кию ұсынылады. Бұл тексеріс кезінде киімнің шешілу қажеттілігі туындағанда қолайлы.
Металл заттар, мысалы, металл әшекей заттар, көзілдірік, тіз протездері, шаш түйрегіштер тексеріс алдында шешілуі қажет. Тексеріс іш қуысына жүргізілген жағдайда, тексеріске дейінгі 6-8 сағат бойы ішіп-жеуден бас тарту қажет. Емделушінің денсаулығы туралы мәлімет жинау кезінде дәрігерге алдын-ала аллергиялық, негізінен құрамында йод бар препараттарға қарсы реакциялары туралы ескертілуі қажет. Мұндай мәліметтерді есепке ала отырып, дәрігер реакция әсерін төмендететін препараттар тағайындап немесе контрастты заттарды енгізбеуі мүмкін.