Басы
5 минут
|
Ұйымдастыру. Сәлемдесу.Түгендеу
Психологиялық ахуал.
Сабақтың тақырыбын болжау. Тақтада кері жазылған әріптерден дұрыс сөз құрау. Сабақтың тақырыбын айқындайды.
«оыйШкәітр»
«Жалғасын тап» әдісі арқылы оқушылар С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін еске түсіріп, жалғасын біріктіреді. (екі-үш минут сергіп алады.)
Жұп құрап орындарына отырады.
Шығамын тірі болсам __адам болып,
Жүрмеймін бұл дүниеде___жаман болып
Жатқаным көрде тыныш, __жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, __надан болып.
Мен-балаң, жарық күнде _сәуле қуған,
Алуға, күнді барып, __белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін __елдің бетін,
Болмасам толған айдай ___балқып туған.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. «Мектеп – кеме, білім – теңіз» ұранын мақсат ете отырып, тапсырмаларды орындау. Әр тапсырманы орындаған сайын «Мектеп кемесін білім теңізіне жіберу»
|
Қима қағаздар
Түрлі-түсті маркерлер, интербелсенді тақта.
|
Ортасы
30 минут
Бағалау
1 минут
Үйге тапсырма
1 минут
|
Аудиотаспадан ақынның «Шәкірт ойы» өлеңін тыңдату.
Миға шабуыл
1.С.Торайғыров туралы не білеміз?
2.С.Торайғыров өмір сүрген уақыттағы тарихи жағдай туралы не білеміз?
3. Өлең неге «Шәкірт ойы» деп аталған?
4. Шәкірт нені армандайды?
5. Өлеңдегі басты кейіпкер кім?
1-тапсырма.
Жеке тапсырма «Екі жақты күнделік»
Кестенің сол жағына өзіңнің шәкірт ретіндегі ойыңды жаз. Қоғамға, еліңе, Отаныңа, отбасыңа, ата-анаңа тигізетін пайдаң жөнінде, қандай қасиеттерің, қабілетің, дарының болғанын қалайсың?
Дескриптор
Оқушы өзінің ойын еркін жазады
Өлеңнен үзінді келтіреді
Кейіпкерді салыстыра отырып, баға береді
2- тапсырма. Жұптық жұмыс.
Тақырыпқа сәйкес мақал – мәтелді
толықтыру.
Талаптыға .................. (нұр жауар)
Ер елі үшін ............... (туады), Елі үшін ............ (өледі)
Ел үмітін ер ...........(ақтар), Ер атағын ел ..........(сақтар)
Тіліңмен жүгірме,.....біліммен жүгір
Оқусыз білім жоқ, ......Білімсіз күнің жоқ.
Оқу - білім азығы, ..............Білім - ырыс қазығы.
Білімдіге дүние жарық, ........Білімсіздің күні қаріп.
Ақыл азбайды, .............Білім тозбайды.
Қына тасқа бітеді,............ Білім басқа бітеді.
Білім басы - бейнет, .....соңы - зейнет.
ҚБ. «Білім кемесі»
Топтық жұмыс. «Сөздік қоржыннан» алынған сөздер арқылы сыныпты топқа бөлу.
Бүгінгі алдыңа қойған мақсатың
1-топ: білім алу
2–топ: халқыма қызмет ету
3-топ:надандықпен күресу
3-тапсырма: «Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы (хабарлама жазады, әр топ бір-бірімен алмасады)
1-топ.Елдің жүрегі неге мұздаған?
2-топ.Ақынның алдына қойған мақсаттары қандай?
3-топ.Ақын болашаққа қандай үміт артады? Дескриптор
1.Өлеңнің мағынасын аша алады.
2.Өзіндік сыни, ой-пікірін қорғай біледі.
ҚБ. Топтар бірін- бірі жұлдызшалар арқылы бағалайды.
Топтық жұмыс.
4-тапсырма: Топтастыру стратегиясы.
1- топ: Ақын өлеңіндегі шәкірт моделін жасау
Шәкірт: ілім-білімге құштар, қараңғылықтан құтқаруды армандайды, надандықпен күресетін, алдына нақты мақсат қоя білетін, еліне адал қызмет ететін.
2-топ: ХХІ ғасыр шәкірт моделін жасау
Шәкірт: өмірге креативті қарайтын, білімді, өмірі қолжетімді, ойын еркін жариялайтын т.б
3- топ: «Шәкірт ойы» өлеңін қорытындылау
1.Синквейн (5 жолды өлең)
1.Шәкірт
2.Үлгілі, білімді
3.Оқиды, ізденеді, қызмет етеді
4.Үлгілі шәкірт әрдайым ізденеді.
5.Ұстазынан шәкірті озар.
Дескриптор
1.Ақын өлеңіндегі шәкірт пен бүгінгі шәкірт моделін жасайды.
2.Өлеңдегі көтерілген мәселе бойынша талдау жасай алады.
3.Шығармашылық қабілетін көрсете алады.
Қалыптастырушы бағалау. «Мадақтау сэндвичі»
Үйге тапсырма:
«Орны отайып көгерді,
Ақын арманын ел көрді» эссе жазу, бүгінгі өмірмен байланыстыру.
Дескриптор
1.Ой түйіндеп, қорытынды жасай біледі.
2.Ақын ойын өмірмен байланыстыра отырып, эссе жаза алады.
|
АКТ, слайд, кесте қағаздар, маркерлер т/б
Қалыптастыру
шы бағалау
Қалыптастырушы бағалау
|