Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Шәкірт ойы» Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



Дата29.01.2022
өлшемі369 Kb.
#130125
түріСабақ
Байланысты:
С.Торайғыров «Шәкірт ойы » қмж 1


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған....

Мектеп: Мерей ЖОББ мектебі

Күні: 17.01.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Ажбаева М.Л.

Сынып: 6

Пәні: қазақ әдебиеті

Қатысқандар:15

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Шәкірт ойы »

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Түсіну және жауап беру

Т/Ж1 - көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу;

Б/С1- шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды,

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

«Шәкірт ойы» өлеңінің мағынасын ашып, өзіндік ой-пікірін қорғай біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

Бағалау критерийлері:


  1. Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды.

  2. Өлеңнің мағынасын ашып, талдау жасайды.

  3. Шығармадағы көтерілген әлеуметтік мәселені анықтайды.

  4. Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Бір –бірімен ой бөлісіп, ойларын қорғай біледі.

Пәнге қатысты сөздікқор мен терминдер: Өлең, өлең құрлысы,лирикалық кейіпкер

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:



Құндылықтар

1. Жалпыға бірдей еңбек.Еңбек өнімділігін арттыру

2. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

3. Қазақ халқының тарихы, ата-бабаларымыздың ұлы істері мен тағдыры


Пән аралық байланыс

Тарих, өзін-өзі тану

Алдыңғы білім:

1.С.Торайғыров туралы не білеміз?

2.С.Торайғыров өмір сүрген уақыттағы тарихи жағдай туралы әңгімеле.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 минут



Ұйымдастыру. Сәлемдесу.Түгендеу

Психологиялық ахуал.

Сабақтың тақырыбын болжау. Тақтада кері жазылған әріптерден дұрыс сөз құрау. Сабақтың тақырыбын айқындайды.

«оыйШкәітр»
«Жалғасын тап» әдісі арқылы оқушылар С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін еске түсіріп, жалғасын біріктіреді. (екі-үш минут сергіп алады.)

Жұп құрап орындарына отырады. 



Шығамын тірі болсам __адам болып,
Жүрмеймін бұл дүниеде___жаман болып
Жатқаным көрде тыныш, __жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, __надан болып.

Мен-балаң, жарық күнде _сәуле қуған,
Алуға, күнді барып, __белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін __елдің бетін,
Болмасам толған айдай ___балқып туған.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. «Мектеп – кеме, білім – теңіз» ұранын мақсат ете отырып, тапсырмаларды орындау. Әр тапсырманы орындаған сайын «Мектеп кемесін білім теңізіне жіберу»


Қима қағаздар

Түрлі-түсті маркерлер, интербелсенді тақта.




Ортасы

30 минут


Бағалау

1 минут
Үйге тапсырма

1 минут


Аудиотаспадан ақынның «Шәкірт ойы» өлеңін тыңдату.

Миға шабуыл

1.С.Торайғыров туралы не білеміз?

2.С.Торайғыров өмір сүрген уақыттағы тарихи жағдай туралы не білеміз?

3. Өлең неге «Шәкірт ойы» деп аталған?

4. Шәкірт нені армандайды?

5. Өлеңдегі басты кейіпкер кім?
1-тапсырма.

Жеке тапсырма «Екі жақты күнделік»

Кестенің сол жағына өзіңнің шәкірт ретіндегі ойыңды жаз. Қоғамға, еліңе, Отаныңа, отбасыңа,  ата-анаңа тигізетін пайдаң жөнінде,  қандай қасиеттерің, қабілетің, дарының болғанын қалайсың?



Менің ойым

Шәкірт ойы






Дескриптор

  1. Оқушы өзінің ойын еркін жазады

  2. Өлеңнен үзінді келтіреді

  3. Кейіпкерді салыстыра отырып, баға береді


2- тапсырма. Жұптық жұмыс.

Тақырыпқа сәйкес мақал – мәтелді

толықтыру.

Талаптыға .................. (нұр жауар)

Ер елі үшін ............... (туады), Елі үшін ............ (өледі)

Ел үмітін ер ...........(ақтар), Ер атағын ел ..........(сақтар)



Тіліңмен жүгірме,.....біліммен жүгір

Оқусыз білім жоқ, ......Білімсіз күнің жоқ.
Оқу - білім азығы, ..............Білім - ырыс қазығы.
Білімдіге дүние жарық, ........Білімсіздің күні қаріп.

Ақыл азбайды, .............Білім тозбайды.


Қына тасқа бітеді,............ Білім басқа бітеді.
Білім басы - бейнет, .....соңы - зейнет.
ҚБ. «Білім кемесі»
Топтық жұмыс. «Сөздік қоржыннан» алынған сөздер арқылы сыныпты топқа бөлу.

Бүгінгі алдыңа қойған мақсатың

1-топ: білім алу

2–топ: халқыма қызмет ету

3-топ:надандықпен күресу
3-тапсырма: «Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы (хабарлама жазады, әр топ бір-бірімен алмасады)

1-топ.Елдің жүрегі неге мұздаған?

2-топ.Ақынның алдына қойған мақсаттары қандай?

3-топ.Ақын болашаққа қандай үміт артады? Дескриптор

1.Өлеңнің мағынасын аша алады.

2.Өзіндік сыни, ой-пікірін қорғай біледі.



ҚБ. Топтар бірін- бірі жұлдызшалар арқылы бағалайды.
Топтық жұмыс.

4-тапсырма: Топтастыру стратегиясы.

1- топ: Ақын өлеңіндегі шәкірт моделін жасау

Шәкірт: ілім-білімге құштар, қараңғылықтан құтқаруды армандайды, надандықпен күресетін, алдына нақты мақсат қоя білетін, еліне адал қызмет ететін.
2-топ: ХХІ ғасыр шәкірт моделін жасау

Шәкірт: өмірге креативті қарайтын, білімді, өмірі қолжетімді, ойын еркін жариялайтын т.б
3- топ: «Шәкірт ойы» өлеңін қорытындылау

1.Синквейн (5 жолды өлең)

1.Шәкірт

2.Үлгілі, білімді

3.Оқиды, ізденеді, қызмет етеді

4.Үлгілі шәкірт әрдайым ізденеді.

5.Ұстазынан шәкірті озар.


Дескриптор

1.Ақын өлеңіндегі шәкірт пен бүгінгі шәкірт моделін жасайды.

2.Өлеңдегі көтерілген мәселе бойынша талдау жасай алады.

3.Шығармашылық қабілетін көрсете алады.



Қалыптастырушы бағалау. «Мадақтау сэндвичі»
Үйге тапсырма:

«Орны отайып көгерді,

Ақын арманын ел көрді» эссе жазу, бүгінгі өмірмен байланыстыру.

Дескриптор

1.Ой түйіндеп, қорытынды жасай біледі.

2.Ақын ойын өмірмен байланыстыра отырып, эссе жаза алады.


АКТ, слайд, кесте қағаздар, маркерлер т/б

Қалыптастыру

шы бағалау

Қалыптастырушы бағалау






Соңы

3 минут



Рефлексия «Білім желкені»

  1. Сабақ ұнаса, тапсырманы толық орындай алсаң, желкенді жасыл түске боя

  2. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, желкенді сары түске боя.

  3. Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып , мұғалімнің көмегі қажет болған болса, желкенді қызыл түске боя.



Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Қалыптастырушы бағалау

Жұлдызшалар арқылы










Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет