Қорытындылау.
Үйге тапсырма: Қайталау, №155(2), 157(2,3)
33 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатыстар
Сабақтың мақсаты:
1. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының синусын, косинусын, тангенісін анықтауды, Пифагор теоремасы бойынша қабырғаларын есептеп табуды, негізгі тригонометриялық теңбе-теңдікті қолдана білуді меңгерту, үйрету.
2. Тік бұрышты үшбұрыштың бұрыштарын, қабырғаларын есептеуге арналған формула, анықтама, теоремаларды есептеуде қолдана білу дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дамыту.
3. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, өз бетінше еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды қайталау сабағы.
Көрнекілік: кодоскоп, карточкалар, модельдер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
I а) Пифагор теоремасы
ә) Бұрыштың синусы
б) Бұрыштың косинусы
в) Бұрыштың тангенісі
д) Негізгі тригонометриялық теңбе-теңдік
II 3. Ауызша есептер.
Тік бұрышты үшбұрыштың катетері 3 см және 4 см, гипотенузасын табыңдар.
Тік бұрыштың қабырғасының ұзындығы 8 см, ал диогоналі 10 см. Тік бұрыштың екінші қабырғасын табыңдар.
Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышының шамасы , оған қарсы жатқан катеті 9 см. Екінші катетін табыңдар.
Ромбының диогональдары 16 см және 10 см. Қабырғасын табыңдар.
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 6 см және 8 см. Гипотенузасын және оған сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңдар.
Тең бүйірлі трапецияның табандары 20 см және 30 см. Бүйір қабырғасы 10 см. Биіктігін табыңдар.
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 5 см, катеті 3 см. Екінші катетін және 2-ші бұрыштың тангенісін, синусын, косинусын табыңдар.
Білімді жан-жақты тексеру.
III. Практикалық жұмыстар.
IV. Тақтада 4 карточкамен жұмыс. (ИФМ журналынан сыныпқа №281 (1, 2)).
АВС үшбұрышында С бұрышының шамасы -қа тең. . ны және СД, СВ кесінділерін табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |