Қорытындылау, бағалау.
Үйге: №30(2), 31 (1), 32 (1), 33, 35
7-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ромб және оның қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ромб анықтамасын білу, қасиетін тұжырымдайтын теореманы білу, дәлелдей білу, теоремалық білімді есеп шығару барысында қолдана білу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, есеп шығару дағдысы мен икемділігін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды оқуға, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды шығаруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау
3. Жаңа сабақ түсіндіру
4. Жаңа сабақты бекіту мен жинақтау, есептер шығару
5. Қорытындылау, бағалау
6. Үйге тапсырма
ІІ. Класта өтілген тақырып бойынша сұрақ қойып қайталау.
Параллелограмм анықтамасы
Параллелограмның қасиеттері
Параллелограмның белгілері
Параллелограмның периметрін табатын формула
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Анықтама: Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб деп аталады.
Ромб деген сөйлем параллеллограмның дербес түрі болғандықтан параллелограмның барлық қасиеттері ромбының қасиеттері болады.
Оқушыларға сұрақ қойып ромбының қасиеттерін айтқызу.
Ромбының қарама – қарсы бұрыштары тең
Ромбының бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 1800 қа тең.
Ромбының диагональдары қиылысу нүктесінде тең екіге бөлінеді
Ромбының диагональі оны өзара тең екі үшбұрышқа бөледі
Оқушылар енді оның қасиеттері мен бірге ромбының өзіне ғана тән мынадай қасиеті бар екен. Ол қасиеті мына теоремада тұжырымдалады.
Теорема: Ромбының диагональдары тік бұрыш жасап қиылысады. Ромбының диагональдары оның бұрыштарының биссекрисалары болады.
Берілгені: АВСД ромб
Дәлелдеу керек:
Достарыңызбен бөлісу: |