1. Қайсысы мәтін екенін тап. мәтін дегеніңді көшіріп жазып, ат қой.
Қоға – шаруашылық үшін пайдалы өсімдік. Оның сабағы мен жапырағынан себет тоқылады. Ол қағаз жасау үшін де пайдаланылады.
|
Құрылысшылар үй салды.
Қоға сулы жерде өседі.
Құмырсқалар күні бойы тыным таппайды
|
2. Мәтін тақырыбы мен негізгі ойға сәйкес келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді қайта құр.
Қабылан.
Қабылан – аңдардың ішіндегі ең жүйрігі. Негізгі мекені шөл дала мен саванна. Қабылан жемін қуып жетіп ұстайды. Ерекшелігі мысықтарша тырнағын ішке жиып ала алмайды. Оның дене тұрқы – 130 см, құйрығының ұзындығы – 75 см, арландарында шағын жал болады.
Бұдан ерте кездерде қалың ну орманда аңдарға арналған автобус жүріп тұрыпты. Оның шофері Қоңыр Аю екен. Ол әр кез таңертең орманның бір шетіндегі кәрі еменнің түбіне келіп тоқтайтын көрінеді. Со арада жиналған аңдарды мінгізіп алып, орманның ішіндегі баратын жерлеріне тасып жүріпті.
Жемін күндіз аулайды, ұсақ киіктерді, қарақұйрықтарды, кейде арқарларды, қояндарды, тіпті ұсақ құстарды азық етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |