2. Қазақтың ауызша есептері
Екі қарға.
Екі қарғаның біреуі оңтүстікке екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне бірі :
Достым, мен сені көріп отырмын, - дейді.
Олар бір бірін қалай көреді?
Қарға қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар,
Екі шоқып бір қарар
Жауабы: олар бір-біріне қарама-қарсы отыр, сондықтан бірін-бірі көреді.
Шыпта.
Шыптағы оралған ши мен оралмаған ши алма кезек орналасқан. Шыптада оралған 30 ши болса, оралмағаны нешеу?
Балды бармағыңнан. Шешуі: 29, 30, 31.
3.Қария кішкентай немересіне ескілікті бір әңгіме айтады.»әкесі, - дейді ол, - жеті жасар Лұқпанды базарға жұмсапты. Оған ақша беріп: «үш нәрсе сатып әкел» депті Лұқпан базарға барып, бір қауын сатып әкеліпті.
Балам-ау, әкелгенің бір ғана қауын ғой, депті әке.
Бұл бір ғана нәрсе емес, үш нәрсе, - депті сонда бала.
Қалайша үшеу? – деп сұрапты әке таңданып.Лұқпан әкесінің сұрағынане деп жауап берді екен. ( «Қырық қазына» кітабынан)
Жауабы: Баланың «үш нәрсе» дегені қауынның қабығы, шырыны, дәні.
Балалардың математикалық түсінігін қалыптастыруда қазақ зиялыларының бірі ағартушы-ғалым А. Байтұрсыновтың берген есептерінің ролі өте зор. Олар:
Бір қазақ қалаға бара жатыр еді. Жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды ? (1 адам)
Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Неше мысық отыр? ( 4 мысық)
Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар. Төлептің барлық баласы нешеу болғаны. (6 бала)
Бір үйдің 4 аты бар еді. Еркек жаны 2 әке, 2 ұл еді. Еркектері кісі басы бір аттан мінгенде, бір ат артық болып болып шықты. Бұл қалай? (атасы, әкесі және баласы бір аттан мінгенде, 1 ат артық қалады.)
Достарыңызбен бөлісу: |