Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі Сабақ негізделген оқу мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі188,7 Kb.
#31226
түріСабақ

Сабақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: № 158 орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кетепова Жаухар

Сыныбы: 5 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Оқушыларға қазақтың ұлы ғалым- зерттеуші, этнограф, жазушы Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету. 

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар істей алады:

Балалар жазушысы С.Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, «Бала Шоқан» шығармасына талдау жасайды, мазмұнымен танысады.




Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.






Кейбір оқушылар істей алады:

Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады. Белсенділік, көшбасшылық қабілеттері айқындалады.



Тілдік мақсат:

Оқушылар:




Негізгі сөздер мен тіркестер: күзек, аға сұлтан, қаршығаның аяқбауы, арлан, пәуеске арба,мүсін,кездеме,әбдіре,қотан,тұғыр т.б





Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • Балалар, бұл шықғарманың авторы кім, жазушының айтпақ ойы не?

  • Шығарма қай тұлғаның балаық шағына арналған?




Талқылауға арналған сұрақтар:




Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?




Сіз неліктен Мұхаммедханфия Уалихановтың Шоқан атанғанын айта аласыз ба?

Шоқан қай ханның ұрпағынан тарағанын айта аласыз ба?






Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:


Алдыңғы оқу




Сабақ барысы:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

І. Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Топқа біріктіру

Сәлемдесу. Сынып ішінде түстер үйлесімділігіне байланысты

жағымды атмосфера қалыптастыру.

Сыныпты 3 топқа біріктіру. «Әдебиетшілер», «Зерттеушілер», «Шоқантанушылар»

Түрлі-түсті қағазар қимасы, плакат, желім

ІІ. Ой қозғау

2 мин





  • Балалар сендер бастауыш сыныпта Шоқан туралы қандай шығарма оқыдыңдар?

Слайд, Шоқан портреті


6 мин


ІІІ. «Зымыран сұрақтар» әдісі

Оқушылардың Шоқан туралы білімдерін жинақтау мақсатында әр топқа 4 сұрақтан қойылады, сұраққа ойланбастан жауап беру керек.

І топ:  «Әдебиетшілер» тобына

1.С.Бегалин қай жылы қай жерде дүниеге келген?

2.Шоқан кім ол жайлы не білесің?

3.Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті?

4.Шоқанның досы Мысықтың негізгі ермегі не?

ІІ топ:  «Зерттеушілер» тобына

1. Мысықтың жасаған мүсіндерін Шоқан қалай бағалады?

2. Мүсін дегеніміз не?

3. Мысық жасаған мүсіндерін неге Шоқанға бергісі келмеді?

4. Шығармадағы Жақып кім? Мінездеме бер?

ІІІ топ: «Шоқантанушылар» тобына

1.Мысық не үшін бақырып жылап жіберді?

2.Әкесімен қабаттаса шыққан Шоқан неге бөлініп кетті?

3. Шоқанның Мысықты үйіне ертіп келуіндегі екі түрлі себеп?

4. Шоқан Мысықпен қалай қоштасты?

Жұмыс дәптері, маркерлер, интерактивті тақта



ІV. Мағынаны тану


10 мин


«Еркін жауап» әдісі

Оқушылар топтаса отырып, түрлі әдістер арқылы С. Бегалиннің «Бала Шоқан» шығармасын талдайды.

І топ: «РАФТ» стратегиясы
Р- Рөл (Шығармадағы кейіпкерлер)

А- Аудитория (Шығарма кімге арналған және қандай оқиғалар суреттелген?)

Ф- Форма (Шығарма формасы қалай берілген және (өлең түрінде ма?) неше бөлімнен тұрады?)

Т- Тақырып ( Шығарма тақырыбы не? Шығармада жазушы кім туралы айтқысы келді?)



ІІ топ: Шығарманы құрылысына қарай талдау
Шығарманың аты-----------------

Авторы------------------------------------


Шығарманың басталуы-------------------------

Шығарманың дамуы--------------------------------------

Шығарманың байланысуы----------------------------------------

Шиеленісуі----------------------------------------------------------------

Шарықтау шегі---------------------------------------------------------------

Шешімі-----------------------------------------------------------------------------



ІІІ топ: Шоқан Уәлиханов жайлы «Тұжырымдамалық» карта (Ұлы тұлғаның өмірі шығармашылығына тоқталады)

Үлестірмелі парақшалар, плакат, маркер, жұмыс дәптері, интернет материалда

ры



Жұптық жұмыс
12 мин

V. «Ойлан, жұптас, талқыла!»

«Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы



  1. оқушы сұхбат беруші

  2. оқушы сұхбат алушы

3 - оқушы репатер болып жұптық жұмыс жүргізеді.

С. Бегалин «Бала Шоқан» шығармасы жұмыс дәптері, маркерлер
Жұмыс дәптері


VІ. Ой толғаныс кезеңі

Жеке жұмыс


5 мин


І топ: Шығармадағы сөздіктердің баламасын табады

ІІ топ:Шығармадағы көнерген сөздер мен диалект сөздерді табады

ІІІ топ:  Шығармадағы теңеу сөздерді табады

Дайын үлгі жауап арқылы бағалау

Жұмыс дәптері
Түсіндірмелі сөздік


VІІ.Сабақты қорытындылау

5 мин


«Мен үшін................» әдісі

Жұмыс дәптері



Үйге тапсырма

1 мин

Шығарма жазып келу «Шоқандай болғым келеді»




Кері байланыс

2 мин

Рефлексия

«Инсерт» әдісі


Білемін

Білгім келеді

Мен үшін жаңалық.....











Стикер, маркер, плакат

Бағалау. Жетістік критерийі. Әр оқушы сабақ кезеңдері бойынша оқу мақсатына жеткенін өздері бағалайды, жинап алып жауаптарын растаймын.

Қосымша ақпарат


Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді.

Нәтижені саралау. Ерекше дарынды баланы сабақ басында бағалаушы ретінде тағайындап, баға береді.

Белсенділігі төмен: Егер топ ішінде талқылауға ынтасы жоқ бала болса, ол оқушы суреттер салуға көмектеседі



Әр топ өз ішінде ерекше көзге түскендер мен белсенділік танытпағандарды ескере отырып, өздерін бағалау парақшасындағы жетістік критерийлері арқылы бағалайды.

Интернет желісі, кітапхана, қазақ тілі пәні.

Топпен жұмыс істеу дағдылары, топ оқушылары арасындағы ынтымақтастық, бірін-бірі тыңдау.



Рефлексия

Сабақ мақсаттары, оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет