Сабақтың тақырыбы: Сақтар



Дата09.08.2017
өлшемі51,11 Kb.
#23057
түріСабақ
Қостанай облысы

Амангелді ауданы

Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінің

тарих және құқық пәні мұғалімі Бекенова Гүлмира Кабделмажитқызы.

Сабақтың тақырыбы: Сақтар

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға сақтардың мекендеген жері, олар туралы тарихи дереккөздерді, сақ қоғамының дамуы туралы білім беру. Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін сүюге, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, топпен жұмыс, картамен жұмыс Сабақтың көрнекілігі мен жабдығы: тақырыптық карта, интербелсенді тақта, кесте, сақтар туралы суреттер және бейнероликтер. Пәнаралық байланыс: география Сабақтың барысы: І.Үйымдастыру кезеңі: А)оқушыларды түгендеу;Ә)оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Мен-саған,Сен-маған» 
1. Қола дәуірінің хронологиялық шеңберін ата? Б.з.б 2-1 м.ж 
2.Қола табиғатта таза күйінде кездесе ме? 
3. Қола дәуірінің тарихи кезеңдерін ата. Нұра, Атасу, Беғазы-Дәндібай
4.Беғазы-Дәндібай мәдениетін кім ашты? Ә.Марғұлан 5.Кенді қорыту үшін пайдаланылған құрылыс түрі? Қазандықтар. 
6.Қола дәуірі қай жылдар арасын қамтиды? (Б.з.б 2800-б.з.б 900) 
7.Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері тарихта қалай аталады? 
8.Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан қанша Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді? 80-нен аса 
9.Орталық Қазақстан аумағынан қанша қоныс пен обаны зерттеді? 30 қоныс, 150 оба. 
10.Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ерекшеліктерін ата? 

ІҮ. Жаңа сабақ: Сақтар Жоспары:


  1. Сақ туралы алғаш мәліметтер,

  2. Сақтардың өмір салты, шаруашылығы, тұрмысы

  3. Сақтардың басқару ісі

  4. Шырақтың ерлігі

  5. Теңдесі жоқ Жәдігер

Сабақтың айдары.

Сақтар б.з.д. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. «Сақ» сөзінің мағынасы парсы жазбаларында «құдіретті еркектер » деп түсіндіреді, ал иран жазбаларында «жүйрік атты тулар»дейді.Ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер»деп атады.

Грек авторлары Ктесий «сақ әйелдері ержүрек келеді,соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп,ұрысқа араласады»деп баяндайды.

Арал теңізінің сотүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректердедайлар,аргипейлер,исседон,массагеттер деп атайды.Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерінде, Солтүстік, Орталық аймақтарында мекендеген .

Сақ қоғамы жауынгерлер,абыздар,малшылар мен егіншілер деп аталатын үш топтан тұрады.Жауынгерлерге ежелгі үнді-ирандық тілінде «ратайштар»,яғни «арбада тұрғандар» деп атаған. Абыздардың танымал белгісі болып тостаған мен айрықша бас киімдері саналады. Малшылар мен егіншілердің «сегізаяқты» деп аталатындары да болған. Бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар дегенді білдіреді.

Сақ жауынгерлері қызыл және сары-қызыл,абыздары ақ,ал малшылар мен егіншілер сары мен көк түсті киімдер киген. Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп,қастерлеген,сыйлаған.Сақ әйелдері тайпа көсемі болып та сайланатын.Мысалы,сақтарды патшайым Томирис басқарды.

Гректерді сақтарды аса жоғары құрметтеп,оларды әлемге ең әділ,ең шыншыл халық деп есептеген. Ежелгі грек географы Страбонның айтуынша,сақтар жақсы шбандоздар болған.Олар «садақпен,қылышпен және қола балталармен қарулаған,сауыт киген».

Тірек-сызбамен жұмыс.

Сақтардың дереккөздердегі атаулары.

Парсы жазбалары иран жазбалары грек авторлары

«құдіретті еркектер» «жүйрік атты турлар» «азиялық скифтер»

Картамен жұмыс. Тақтада ілінген карта арқылы мұғалім оқушыларға сақ тайпаларының мекендеген қоныстарын көрсетеді.

Кестені толтыру.

Терминдермен жұмыс

Сақ қоғамы.

Абыздар жауынгерлер малшылар мен егіншілер



Ү.Жаңа сабақтың түсінгенін тексеру:

Анаграмма шешу:

Оқулықпен жұмыс: Шырақтың ерлігі Көрініс қою 1-топқа

Мини-тест 2-топқа.

1.Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады?

А)сақтар Ә)массагеттер

Б)азиялық скифтер В)дайлар

2.Иран жазбаларындағы «сақ»сөзінің мағынасы

А)тиграхауда Ә)массагеттер

Б)парадарайа В)жүйрік атты тулар

3.Сақ қоғамында ақ түсті киім кигендер

А)патшалар Ә)жауынгерлер

Б)малшылар В)абыздар

Картамен жұмыс:

Нашар оқушылармен жұмыс жасау

Картадан сақтардың орналасқан жерін көрсет: Тиграхауда, Хаомаварга, Парадарайа

ҮІ.Бекіту: Бейнеролик бойынша шағын эссе жазу

ҮІІ.Бағалау:

ҮІІІ.Үйге тапсырма беру: 6 Сақтардың мекендеген жері.Сақ қоғамы (оқу,мазмұнын айту)

Терминдермен жұмыс.

Яксарт

Окс-


Ратайштар -

«Сегізаяқтылар» - сақ қоғамындағы малшылар мен егіншілердің атауы.





Сақ топтарының аттары

Мекендері

1




Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында

2

Тиграхауда – шошақ бөрікті сақтар




3




Мургаб аңғарында өмір сүрді

Анаграмманы шеш:

Д А И Т А Х Р А Г У

Т Е Р О Г О Д

а қ с


Ы Б А З

С А С Т Е Г М А

А у м а х г а в а р

Кестені толтыр.





Сақ топтарының аттары

Мекендері

1

Парадарайя – теңіздің арғы жағындағы сақтар




2




Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда

3

Хаумаварга – хаома сусынын дайындайтын сақтар




Терминдермен жұмыс.

Яксарт - Сырдария өзенінің сақ заманындағы атауы.

Окс- Әмудария өзенінің сақ заманындағы атауы.

Ратайштар - «арбада тұрғандар» (үндіиран тілінде) - сақ қоғамындағы жауынгерлердің атауы.



«Сегізаяқтылар» - сақ қоғамындағы малшылар мен егіншілердің атауы.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет