Қысқы саяхаттауға өз елімізде қайда баруға болады?
«Мен тапқырмын!» әдісі арқылы суреттермен таныса отырып тақырыпты болжаңдар Сабақтың тақырыбы: Саяхатқа шығу ережелері Сабақтың оқу мақсаты: 5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат құрастырып жазу «Интервью» әдісі 1. Саяхатқа жиі шығасыңдар ма? 2. Саяхатқа кіммен шыққанды ұнатасың? 3. Саяхатқа шыққанда қауіпсіздік ережелерін ұстанасыңдар ма? 4. Ережелер бұзылған жағдайда қандай әрекет жасаған болар едіңдер? Жарайсыңдар! Саяхатқа шығу ережелері:
Асыға күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Балалар ата-аналарымен не құрбыларымен демалыс орындарына жол тартады, әдемі жерлерді көруге саяхатқа шығады. Басқа қалаға барып, бөтен адамдармен танысып, жаңа достар табады. Жорық немесе саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерін де естен шығаруға болмайды. Мысалы топпен жүру; тәртіп сақтау; аса жылдам жүрмеу; бір-біріне көмек беру; жетекшінің рұқсатынсыз жолды қысқартпау; ең қауіпсіз жолды таңдау; ағысы қатты жерге суға түспеу; балдырлары бар, лай жерге түспеу; шөпте жалаң аяқ не ашық аяқ киіммен жүрмеу; өзеннен өту тәртібін бұзбау; дорбамызды дұрыс жабдықтау; қураған шөбі бар жерге от жақпау; от жағу үшін орын дайындап алу керек; от жаққан жерді өшіріп кету және т.б. Бұл – жалпы ережелер. Әр туризмнің саяхатының түріне қарай ережелер де әр түрлі өзгере береді. 1- тапсырма : «Қос жазба» әдісі (жұптық жұмыс) Мәтінге сүйеніп, саяхатқа шығу ережелеріне қатысты пікір білдір, өз білетініңмен салыстыр.
Мәтін бойынша саяхатқа шығу ережелері
Менің білетін ақпаратым
Жарайсыңдар! 2 – тапсырма: «Суреттер сөйлейді» әдісі Суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. 1.Суға тек рұқсат етілген жерлерде не жағажайда ғана түсетін бол! 2.Тік жарлардан суға секіруге болмайды. Суға түсерде денені суға бейімдеу керек. 3.Теңіз -көлдер жанында биік жерлерге, кеме -қайықтар өтетін жерге жақын волейбол т.б. ойындарды ойнауға болмайды. 4.Адамдар судан шығып жатқан жерге, толқын жететін жерге таяу жатып, күнге қыздырынуға болмайды. СЕРГІТУ СӘТІ 3- тапсырма: «Т кестесі» әдісі
Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Өртке қарсы қауіпсіздік және алау жанындағы сақтық шаралары
Жарайсыңдар!
Рәсімделуі мен құрылымын сақтап, « Саяхатқа сақ болайық!» тақырыбында хат жазыңдар. Сөз саны 60-70 сөз 4-тапсырма: Жарайсыңдар! КЕРІ БАЙЛАНЫС Көңілді, қызықты болды Тақырыпты түсіндім Түсініксіз, қызықсыз Үйге тапсырма: 5- тапсырма «САЯХАТ» сөзжұмбағын шешіңдер