Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге Құндылық: қиянат жасамау



бет19/25
Дата15.11.2016
өлшемі2,01 Mb.
#1810
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 14.03.2016 ж.

Тақырып: Халық даналығы – рухани байлық көзі

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: қоршаған ортаға қамқорлық, тіршілік иелеріне қиянат жасамау, жақсы азамат болу.


Сабақтың мақсаты

Халық даналығының ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын қазына екендігін ұғындыру. Ырым сөздер мен тыйым сөздердің айырмашылығын және мағынасын түсіндіру.

Халық даналығын , мәдениетін, ата – баба дәстүрін құрметтеуге үйрету. Шешендік сөздерден тағылым алуға тәрбиелеу Ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.



Күтілетін нәтиже

Тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді; Ырым сөздер мен тыйым сөздердің айырмашылығын біледі. Берілген тапсырмаларды топта талқылап , бірлесе жұмыс жасайды. Оқушылар сыни тұрғыдан ойланып өз ойларын толық, дәлелді, әрі ашық айта алады.

Шығармашылық қабілеттерін арттырады. Дәйексөздердің мағынасын түсініп, негізгі ойын анықтайды.



Ресурстар

8- сынып Өзін – өзі тану оқулығы, авторы Б.Әрінова; Ж.Әкімбаева

Оқулық, интерактивті тақта, бейнежазба, маркерлер, флипчарт, стикерлер, слайд.





Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті


Әдіс - тәсілдері

Уақыты

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу: (түрлі – түсті қағаздар) Оқушыларды «Адамгершілік», «Мейірімділік», «Сүйіспеншілік» , «Ізгілік» топтарына бөліп, әр топ мүшелеріне топтың ережесін, қызметін тағайындайды.

Оқушылар топқа бөлінеді, мүшелерін тағайындап, топ ережесін құрады. Топ мүшелері өздерінің атқаратын міндеттерін бөліп алады.

Оқытудағы жаңа тәсіл

(топтасу)



3 мин

Қызығушылығын ояту

Төле бидің даналық сөздерімен тақырыпты ашып, мақсат қойдыру.

1.Халық даналығы дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Неліктен оны адамзаттың рухани байлығы дейміз?

3.Қандай адамды данышпан дана дейді?

4.Салт – дәстүр дегеніміз не? Қазақтың қандай салт – дәстүрін білесіздер?


Әр топтан бір-бір оқушыдан білетін мәліметтерін жеткізе отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оның мақсатын анықтайды.

Оқушылар өздері білетін халық даналығы, қазақ халқының салт –дәстүрлері, нақыл сөздері төңірегінде пікірлесіп, сұрақтарға жауап береді



(СТО миға шабуыл)

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер (диалог-ашық сұрақта)

3 мин

Мағынаны тану:


Сергіту сәті

Ой толғаныс:

Бағалау:
Кері байланыс:


Келесі қадамға тапсырма:



Топқа тапсырма

І.Адамгершілік тобы: «Жанқұтты шешеннің батасы» атты мәтінің оқып, талдау жүргізу.

ІІ.Сүйіспеншілік тобы: Қ.Жәрменовтың «Жаман болады» атты мәтінің рөлдерге бөліп орындау. Сахналау.

ІІІ.Мейірімділік тобы: Ғаламтордан тыйым сөздерді тауып мағынасын түсіндіру.

ІV.Ізгілік тобы: Ғаламтордан ырым сөздерді тауып мағынасын түсіндіру.

Көңілді әуенмен

«Кір жуайық» жаттығуын жасау
Даналықты үйренудің әр жолына тоқталу

Біз даналықты үш жолмен үйренеміз

Ойлану - ең ізгі жол,

Еліктеу – ең жеңіл жол

Тәжірибе жолы – ең ауыр жол
Сабаққа пікіріңіз, ұсынысыңыз.

Сыр сандықтан жүрекшелер таратылады. Оқушылар жүрекшеге Нені білдім? Не білгім келеді?


«Атамның берген ақылы» жаттау Кестеде берілген мысалдарды дәптерге жазып, толықтыру
Барлығы ортаға шығып ән орындайды

Берілген тапсырмаларды топта талқылап , бірлесе жұмыс жасайды
Әр топ өздерінің жұмыстарын қорғайды. Сұрақтарға жауап береді

Топтық, жұптық зерттеушілік әңгіме жүргізеді. Оқушылар өзара білім алмаса отырып, бірлескен жұмыс атқарады.

Барлығы бірге жаттығуды орындайды
Дәйексөздің мағынасын түсініп,негізгі ойын анықтайды.
Стикерлерге жазып, сыр сандыққа салады.

Күнделіктеріне түртіп алады


«Ата салты» әнін бірге орындайды



Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

(диалог ашық сұрақтар)


Оқытудағы басқару және көшбасшылық
Дарынды және талантты оқушыларды анықтау

АКТ – ны пайдалану

Екі жұлдыз, бір тілек


5 мин

(қосымша уақыт 1-2 мин)

15мин

(2мин)


3мин

3мин


2мин

2мин


2мин

3мин



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 04.04.2016 ж.

Тақырып: Халық даналығы – рухани байлық көзі

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: қоршаған ортаға қамқорлық, тіршілік иелеріне қиянат жасамау, жақсы азамат болу.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ертеден келе жатқан халық даналығы, ата - баба, салт - дәстүрінің, көсем сөздер мен шешен сөздердің рухани тағылымы, адамгершілік құндылық, даналық ретінде түсінік беріп, оның ұрпақтар сабақтастығындағы маңызын ұғындыру.
Міндеттері:
1. Халық даналығы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын қазына екендігін ұғындыру
2. Ұлттық мәдениетке, ата - баба дәстүріне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету;

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi. Орманға ойша саяхат

Сабақ барысын талдау:

5мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Мәтінмен жұмыс
“Жанқұтты шешеннің батасы”
1. Абайдың жауабынан нені байқауға болады?
2. Дүние үмітке сүйенеді дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Тілек айту мен бата берудің қандай өнегелік сипаты бар?




5мин

  1. Дәйексөз.

Ойлану - ең ізгі жол; еліктеу - ең жеңіл жол; тәжірибе жолы - ең ауыр жол.

Бенедикт Спиноза

Ойлану - Терең ой, Өзінше ой түйеді, Қорытынды пікір қалыптасады, Армандау, қиялдау

Еліктеу - Қызығу, ынта, Жаңа қасиетке ие болады, Алға ұмтылады,

Тәжірибе жолы - Іздену, ұмтылу, Өзіңді - өзің меңгеру, Алған білімін шыңдау, Қиындықты жеңу қателіктен сабақ алу

Өмірге көзқарасы қалыптасып, Даналық туады





5 мин

4. Әңгімелеу

1. Халық даналығы дегенді қалай түсінесіздер?
2. Неліктен оны адамзаттың рухани байлығы дейміз?
3. Қандай адамды данышпан, дана дейді?
4. Болашақта қандай кәсіпті таңдар едіңіз?

Жаңа ақпарат (сабақтың мақсатын аша түсу үшін ақпаратты оқушыларға оқимын)


Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған өмірлік тәжірибесі ұрпақтан - ұрпаққа жетіп отырған. Ата - бабаларымыздың көрегендікпен айтып кеткен ұлағатты ой пікірлерін, өсиет - өнегесін халық даналығының қайнар көзі деп білеміз. Халық даналығы нақыл сөз, мақал - мәтел, шешендік сөз үлгілері және салт - дәстүрлерден көрінеді. Оларда айтылған зерделі ақыл, тапқыр ой, ұтқыр шешім мен тобықтай түйін рухани тағылым ретіндегі ұлттық игілік болып табылады. Халық даналығы атадан балаға мұра болып қалатын ізгілікті іс - әрекеттің де тәлімдік үлгісі. Болашақ ұрпағына өшпес мұра қалдырған білімдар, зиялы, ақылгөй адамды данышпан дейді.



10 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Қазақтың ырым сөздер мен тыйым сөздер


Бос бесікті тербетпе.
Отқа су құйма
Наның қиқымын жесе - бай боласың
Жолаушыға “қайда барасың” демейді, “жол болсын” дейді
Қазақ “сәтті күн” деп істі сәрсенбі күні бастайды
Қолыңды төбеңе қойма
Қазақ басымыз көбеймейді деп адам санамайды
Жаңа айды көргенде “жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке” деп бата жасап, ырымдайды
Ақты(сүтті, айранды) төксе, малдың желіні кетеді
Жұма күні кір жуса, әруақтар ренжиді
Шөбересінің қолынан су құйып ішкен қарт жұмаққа барады
Бала бас ұстамайды

Сахналау «Жаман болады» Қ. Жәркенов


Қатынасушылар: атасы, апасы, мұғалім, Айбол, Найзабек, Дариға оқушыларға рөлдерге бөліп оқыту
“Айтуға тәуекел байла»
Мақсаты: Әрбір қатысушы өзі туралы бір нәрсе айтуына жағдай жасау және сабаққа оқушылардың түгел араласуына көмектеседі.
Материалдары:
Әдемі себет ішінде қағаз қиындылары. Ойды аяқтай отырып, оқушылардың тәуекелге баруын талап етеді.
........ айналысқанды жақсы көремін.
........ жақсы жасай аламын.
........ мені алаңдатады.
......., мен өте қуанамын.
......., маған өте көңілсіз.
......., мен қатты ашуланамын.
Мен көңілсіз болғанда,.........., мені қорқыныш билейді.



10 мин


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет