4. Әңгімелеу
Ертегі: «Дос табу.». (Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).
Ертеде бір ерке бала болыпты. Ата-анасы оның айтқанының бәрін орындайды екен. Ерке балада бәрі жеткілікті болыпты, тек оның бірге ойнайтын досы болмапты.
Бала айналасындағы балалармен тіл табыса алмапты. Ол ешкімнің сөзіне құла қтүрмей, өзінің айтқанымен жүреді екен. Бірақ оған ешкім сенің бұлісің дұрыс емес деп айтпапты.
Бір күні ол үйіне ренжіп келіп:
«Барлық балалар менен теріс айналды. Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Менің енді ешқашан досым болмайтын шығар»,- деп ойлайды.
Біруақытта:
- Ендеше, мен сенің досың болайын,- деген біреудің дауысы естіледі.
«Бұлкім?- деп бала бұрылып артына қарағанда кереуеттің үстінде отырған кішкентай адамды көреді. Бала аң-таң болып оған қарап қалады.
Жаңағыкіп-кішкентай адам қарапайым адамға мүлде " ұқсамайтын еді. Ол сарғыштүсті, мөлдір, бірақ оның тұла бойы қайырымдылыққа толы екені сезіліп тұратын.
- Сен қай елден келдің?- деп бала одан сұрайды. Кішкентай адам өзін Мейірім деп таныстырып, өзінің басқа елден келгені туралы, ол жер де бәрі ұша алатынын және олар өте бақытты екенін айтты. Ол жердегі барлық адамдарға көмектескісі келетінін, бірақ қазір оның күші жеткіліксіз екенін, ол тек бір балаға ғана көмек бере алатынын жеткізеді.
- Айтшы, Мейірім, мүмкін сен білетін шығарсың, менің неге досым жоқ?
- Бәрі менен неге теріс айналады?
- Көмектесші маған,- дейді бала.
- Бұл өте оңай, айналаңдағыларды жүрегіңмен тыңдап үйрену керек. Қасыңдағы адамдарды жақсык өріп, олардың айтқандары саған қызықты болмаса да сөзіне құлақ асу керек. Сондықтан өзің үшін ғана емес, басқалар үшін де өмір сүре білуің қажет.
Сөйтіп, олар бірден достасып кетеді. Олар кештерін бірге өткізіп, қызықты әңгімелер айтады. Мейірім өзі кіп-кішкентай болса да, көп нәрсе білетін. Ол өзінің білгенін баламен бөлісіпо тырады.
Ерке бала Мейірімнің бұл ісіне әрқашан разы еді.
- Рақмет, саған Мейірім, сенің қасымдаболғаның қандай жақсы. Сен менің нағыздосым сың!
Осылай уақыт өте береді. Біркүні бала үйіне қуанып келеді.
- Мейірім, бүгін мен үшін өмірімдегі ең қуанышты үн. Мен арманыма жеттім. Ақырында мен өзіме ДОС таптым. Бұл өте бір керемет. Қасыңда қашанда көмекке дайын тұратын, сырың мен мұңыңды тыңдайтын адамың болғаны қандай жақсы.
Бала өзінің өміріндегі бақытты күні туралы тоқталмастан айтып жатты. Бірақ оны ешкім тыңдаған жоқ. Ол Мейірім білген құпияны білген жоқ. Осы уақыт ішінде Мейірім
баланы көп жақсы істерге, дос болуға және өзіне қалай дос табуды үйретіпті.
Бала қалай өзіне дос тапқан соң, Мейірім солай өзінің ғажайып, сиқырлы еліне қайтуы керек еді. Мейірім өзінің ісін бітіріп, балаға достықтың не екенін, дос бола білуді түсінуге көмектескен соң өз еліне оралыпты.
Бала Мейірімнің жоғалғанын көріп, қапаланады. Бірақ Мейірім баланың мәңгіге жүрегінде қалды. Бала енді қашанда басына іс түскенде Мейірім мен ақылдасып, жүрегін тыңдайтын болыпты.
Сұрақтар:
1.Әңгіменің мазмұнынан не түсіндіңдер?
2. Бала айналасындағы балалармен неге тіл табыса алмады?
Қорытынды:Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. «Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса, іздеген досың алыстан үйіріліп өзі келеді»-деген Әзілхан Нұршайықов ағамыз. Ендеше өзімізге де өзгеге де қиянат жасамай,өз жүрегімізді тыңдай білейік.
|