Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза. «Қызыл жебе»



Дата22.02.2018
өлшемі104,88 Kb.
#38180
түріСабақ
КЕЛІСЕМІН: күні:23.02.2017ж сынып: 6«Б» пән мұғалімі: Буханова Динара Усурбаевна

Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза. «Қызыл жебе» романынан үзінді



Сабақтың мақсаты: Көркем шығарма мазмұнын, қаһармандарының іс-әрекетін, мінез-құлқын жете түсіну, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны туралы мәлімет беру

Білімділік: Көркем шығарма мазмұнын, қаһармандарының іс-әрекетін, мінез-құлқын жете түсіну, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны туралы мәлімет беру.

Дамытушылық:Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін қорғауға дағдыландыру, дүниетанымын кеңейту, ойлау өрісін дамыту, зерттеу жұмыстарына баулу.

Тәрбиелік: Тұрар бейнесі арқылы адамгершілікке, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, шығармашылық ізденіске жұмылдыру, елінің адал азаматы болуына тәрбиелеу.;

Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету

Әдісі: «БИС» технологиясының «Ауызша сабақ -2»

Көрнекілік: ООМ, Сын тұрғысынан сұрақтар, тірек сөздер



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі: а) амандасу; б) сабақ тақырыбы мен мақсатын айту;

Сабақ

тың құрылымы



Технологиялық картаның жұмыс тәртібі

Түсініктеме

Сабақтың құрылымы

1 кезең


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін жинақтау:



Көшбасшы шығып сыныпты рухтандырады

ООМ

А

В

С

D

Е

F






























































































2 кезең







  1. Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысыТүлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды.



Мұғалім Тұрар Рысқұлов туралы қысқаша мәлімет береді

Ақпанның 23

Сынып жұмысы



Ш.Мұртаза. «Қызыл жебе» романынан үзінді

3 кезең

Тірек сөздер
Қабылдауды ұйымдастыру

1. Тұрар

2. Приходько

3.Надзиратель

4.Тұрардың әкесі Рысқұл

5.Қырғызбаев

6. Каторга

7.Қызыл Жебе

8.Тергеуші

9.Шерхан Мұртаза

10. Кафедральді собор

11.Аспара

12. Абақты

13.Мерке

14. Болыс


Есте сақтауға уақыт


14 сөз – 1 мин
Бірінші белгілеу
1 минут ішінде оқып, есте сақтайды. Белгіленген уақыт біткен соң блок жабылады. Балалар естерінде қалған сөздерді дәптер- леріне жазады, жазып болған соң сөздердің саны матрицаға енгізіледі, сонан соң блок ашылады да, балалар қалдырып кеткен сөздерді дәптерлеріне жазып алады.

4 кезең

Ұғынуды ұйымдастыру

Оқушылар 2,5 бетті 7 минут мәтінді оқып шығу

2,5 бетті 7 минут

Мәтінмен жұмыс- 7 минут беріледі.

5 кезең

Жаңа тақырып бойыншы қарама-қарсы сұрақ
Түсінудің алғашқы тексерілуі

1.Приходько мырзаның ұлы мен қызы қай жерде оқыды?/ұлы Губернатор көшесіндегі гимназияда, қызы Нарын көшесіндегі әйелдер гимназиясы/

2.Надзиратель деген кім?/түрме бақылаушысы/

3.Әттең, Аркашаның орнында мен оқысам деп армандаған кім? /Тұрар/

4.Тұрардың әкесі Рысқұлды не себепті түрмеге жапты? /болысты өлтіргені үшін/

5. Каторга деген не ?/жер аударылған қылмыстарға жұмыс істететін алыстағы жер/

6.Меркеде Әулиеата қандай мектеп аштырып кетті?/Меркеге арнап орысша-мұсылманша мектеп/

7.Мектепті бітіргенде кім болады? /сот пракурор болады/

8.Тұрарды мектепке берерде әкесінің атын қалай атады?/Қырғызбаев/

9.Мектеп меңгерушісі кім? /Иван Владиморивич Анреев/

10.Мектепте қандай пәндерді меңгеретінін айтты? / тарих, ана тілі, орыс тілі, география, арифметика/ көшіріп отырғанда,Тұрар дәптеріне қандай сөздер жазып қойды?/Аспара,Қызыл Жебе, Көке/

12.Айбаров Тұрардың шынтағының жыртығына күлгенде оқытушы не деп айтты?/Шынтақ жеңнен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды деді/

13.Тергеуші Тұрарды шақырып қандай қызмет атқарасың деді? /әрі тілмаш, әрі писсарь/

14.Иван Владимерович кімді «Қызыл Жебе»деп атады? /бала Тұрарды/

15.Тұрардың басынан өткен қиындықтар мәтінде қалай, кімнің сөзі арқылы берілген?/

16. Приходька Рысқұлдың тілегін қабыл алғанда, қандай мақсат көздеді, ол ойы орындалды ма? /Тұрарды Приходько өзінің ұлы мен қызын сабаққа апарып отыру үшін Рысқұлдың тілегін орындады/

17.Тұрар кімді, оның қандай мінездерін өнеге тұтты, оның бойындағы қайтпас қайсарлық, алғырлық мінездің көзі неде деп ойлайсың?

18. Наташадан Тұрар нені үйренді?/ Сабақ оқып, әріп үйренді/

19.Саяси тұтқындардың Тұрарға араша тұруы, Бронниковтың айдалып бара жатқан Рысқұлға берген қоштасу белгісі бұлардың арасындағы қандай қарым-қатынасты, қандай сезімді білдіреді?

20.Әке мен баланың арасындағы сүйіспеншілікті жазушы қалай суреттеген?

21. «Қызыл жебе» романының авторы кім? /Шерхан Мұртаза/

22. Рысқұл не себепті Тұрарды қасына алдырды? /Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады./

23. «Кафедральді соборды » көргенде Тұрардың ойына не түсті?/үш саусағыңды бүрістіріп, маңдайыңмен екі иығыңа тигізіп, шоқыну/

24. Тұрар әкесімен қалай қоштасты?/Көке деп арбағаға қрай жүгірді, әкесінің белбеуіне қолы ілініп, белбеудің шуда жібі сетінеп баланың уысында қалып ыдырай берді/


  1. 25. Автор әңгімедегі тұтқындардың аяғындағы кісеннің үнін неге теңеді?/қоштасу әрі қосылысу гимніне ұқсатты/

  2. 26. Тұрарды не себепті «Қызыл Жебе» деп атады? /бейтаныс сөздерді дәптеріне жазады/

Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.

Жауап беруге 3 секунд уақыт беріледі.

Оқушыларға жауабына қарай «+», «-» таңбасы қойылады.

Екінші белгілеу


6 кезең

Сыни тұрғыдан сұрақтар
Алғашқы бекітуді ұйымдастыру

1.«Қызыл жебе» романының авторы Мұқағали Мақатаев? -/Ш.Мұртаза/

2. Романның басты кейіпкері Тұрар?+ /Тұрар/



3. Приходько мырзаның үйінде Тұрар сабақ оқыды?-/Приходьконың ұлы мен қызын сабаққа апарып отырды/

4. Тұрар оқу мен жазуды білмей өте қиналды?-/Приходьконың қызы жазу, оқуды үйреткен, оқып жаза біледі/

5. Гимназияның алдында тұрып Тұрар капитан болсам деп армандады?-/оқу оқысам /

6. Тұрардың дәптеріне алғаш жазған сөздерін ата, әке, ана?-/ Аспара,Қызыл Жебе, Көке/

7. Айбаров тақтада тұрған Тұрарға күлді?+ /шынтағы шыртық/

8. Тұрардың арманы ойнау?- /оқу/



9. Тұрар – тілмаш әрі писарь? +

10. Рысқұл Тұрарға жұмыс істеттті?- /қасына алдырды/

11. «Кафедральді соборды» көргенде Тұрардың ойына қарны ашқаны түсті? -

12. Тұрар оқу мен жазуды надзирательден үйренді?-

13. Тұрар Иван Владимирович алдында қылмыс жасадым деп ақталды?+

14.Куәлік алатын кезде әкесінің есімін Рысқұлов деп жазып беруін өтінді ма? +

15. Мектепте барғанда Тұрардың фамилиясы Тұрарбаев?-

16. Шолжаң, дөрекі, ақылсыз Тұрар?- /Аркаша/

17. Тұрар ақын?- /қоғам қайраткері/

18. Шығармадағы ұнамсыз кейіпкерлер Тұрар мен оның әкесі?- / Атамырза, Аркаша, Надзиратель/

19. Әкесі Рысқұл Тұрарға Жүдеме! Жасыма! Деп айтты ма?+

20.Әкесі Рысқұл Тұрарға қанаты қатаймаған балапаным, қара дауылға қарсы ұша алармысың деп айтты ма? +

21.Бала Тұрар үйінен қашып кетті ма? - /Алматы абақтысынан қашты/

22. «Қызыл Жебе» деген ерен жүйрік жылқы ма?+

23. «Көке» дегені Қызыл Жебеге мініп, көкпар шапқан кісі ма?+

24. Тұрарды барлығы «Қазал Жебе» деп атады ма?+


ия, жоқ
Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.

Жауап беруге 3 секунд уақыт беріледі.

Оқушыларға жауабына қарай «+», «-» таңбасы қойылады.

Үшінші белгілеу


7 кезең

Тақырыптық сөздік қор

Оқушылар сабақта оқыған, білгендерін, сұрақтарға берген жауаптарын естеріне түсіріп, «Эссе» жазады.

Сабақта меңгерілген материал бойынша ТСҚ жазылады.



Ең көп сөз қорын жазған оқушы мен ең аз жазған дауыстап, жылдам оқиды.


«+», «-» таңбасы қойылады.
5 минут

Сөз саны 63-100 сөз


5 минут уақыт өткен соң, оқушылар бір-бірінің қанша сөз жазғандарын санап, есебін шығарады.

Төртінші белгілеу

Ең көп сөз қорын жазған оқушы мен ең аз жазған дауыстап, жылдам оқиды.


8 кезең

Бағалау

Әр берілген дұрыс жауапқа «+» қойылып, матрица толтырылып отырады, сол нәтиже бойынша оқушы бағаланады .

«5» - ++++; «4» - +++; «3» - ++;

Оқушылардың білімін бағалау

9 кезең

Үй тапсырмасы

Ш.Мұртаза. «Қызыл жебе» романынан үзінді композициялық талдау, ««Ана-өмірдің шуағы»» туралы мәлімет жинау





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет