Күні:
|
Пәні: әдебиет
|
Сыныбы:6
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан алынған үзінді «Тұтқын бала»
|
Жалпы мақсаты:
|
Шерхан Мұртазаның өмірі, шығармашылығы,«Тұтқын бала» («Қызыл жебе» романынан үзінді) жайлы толық мәлімет беру. Көркем шығарма мазмұнын, қаһармандарының іс-әрекетін, мінез-құлқын жете түсіну, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны туралы мәлімет беру.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Тақырыптың мазмұнын түсінеді.Мәтін бойынша постер жасайды.Сыни тұрғыдан салыстыра біледі Тұрар бейнесі арқылы адамгершілікке, туған жерге деген сүйіспеншіліктері артады .
|
Сілтеме:
|
Оқулық, сабақ жоспары
|
Негізгі идеялар:
|
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін қорғауға дағдыландыру, дүниетанымын кеңейту, ойлау өрісін дамыту, зерттеу жұмыстарына баулу.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Үлестірмелі парақтар,стикерлер,маркерлер,т.б.
|
Оқыту әдістері:
|
Диологтік оқыту, жекелей, постермен жұмыс, Жигсо әдісі , сыни тұрғыдан ойлау.
|
Тапсырмалар:
|
Топтық,жұптық,дараланған жұмыстар
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
1.Ұйымдастыру бөлімі.(5 мин)
|
Алғашқы рефлексия кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу.Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу.Оқушы зейінін сабаққа аудару.Жоқ оқушыларды анықтау. Ынтымақтастық атмосферасын орнату Сыныпты 4 топқа бөлу.
|
Оқу материалдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады. топқа бөлініп отырады.Әр топта баяндамашы, хатшы, таймкипер, төраға болады.
|
Үй тапсырмасын сұрау (5 мин)
|
«Сен-маған,мен-саған» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын тексеру. М.Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.Қалаған өлеңін жатқа сұраймын.Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
|
Әр топ бір-біріне дайындап келген сұрақтарын қояды.
|
ІІ. Тұсаукесер
(5 мин) Жаңа сабақты түсіндіру.
|
Шерхан Мұртазаның өмірі, шығармашылығы, «Тұтқын бала» («Қызыл жебе» романынан үзінді) жайлы түсіндіремін.Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Оның әңгіме повестері, негізінен, ел ішіндегі еңбекті, жас адам тағдырын арқау етеді. «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», «Қырық бірінші жылғы келіншек», т.б. хикаяты оқушы қауымға кеңінен танымал. Жазушының көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмір жолына арналған «Қызыл жебе» атты романдар циклы бар.Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беріп болған соң, шығарманың мазмүныны жайлы толық түрде түсінік беремін.
|
Сабақтағы мақсатымыз жазушының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат аламыз. Мәтінмен жұмыс жасау арқылы Тұрардың бейнесін ашамыз.
жазушының суретін көріп, деректерді түртіп алады.
|
III.Негізгі бөлім.
(топтық тапсырма) мәтінмен жұмыс: ЖИГСО әдісі.
|
Мәтінді төрт бөлікке болу. топтарға ресурстарды тарату ( оқушыларға ресурстар кітап бойынша беріледі)
Б) оқушылар топ ішінде 1,2,3,4 саналу арқылы жұмысшы топқа бөлініп, ресурстарды талқылай отырып постер жасайды.
С) Талқыланған мәтін бойынша ойын ортаға салады.
Д) Әр топтан бір спикер шығып, постерге сүйене отырып басқа топтың жұмысын қорғайды.
|
Әр топ өздері оқып, түсініп, басқа топтағыларға түсіндіреді. бір-бірімен толықтырады.
|
Сергіту сәті
|
«Кім?Қайда?Қашан?» ойыны
|
оқушылар қай кейіпкердің қашан,қайда айтқанын айтады.
|
Түсіну үшін тапсырма (жұптас-ойлан-талқыла)
Жұптық жұмыс.
|
әр топ постерде жеке тапсырмалар орындайды.
|
Постерлерін қорғайды.
|
ІV. Қорытынды
Ойтолғаныс
|
«Кезбе тілші»Тұрар кімді үлгі тұтты?Әке көрген оқ жонар деген сөзді қалай түсінесің?Бронников бала санасына қалай әсер етті?Әке мен баланың арасындағы сүйіспеншілікті жазушы қалай суреттеген?Наташадан Тұрар нені үйренді? Тұрар қандай бала болды?
Ол түрмеде жүргенде нені үйренді?
Куәлікке ол неге шын тегін жазды? Дұрыс істеді ме?
Тұрардың кейінгі өмірі қандай болды деп ойлайсыңдар?
|
Ой бөліседі.Пікірлерін айтады.
|
Бағалау (1 мин)
|
Бағалау «арба дөңгелегі» оқушылар өз-өзін бағалайды.
|
Бағалау өлшемдері бойынша әр топ оқушылары бір-бірін бағалайды.
|
Үй тапсырмасын беру (2 мин)
|
Мазмұнын толық оқу. Сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалу
|
Күнделіктеріне жазады
|
Рефлекция (2 мин)
|
-Шығармадан алған әсерің қандай?
-Шығармадан өзіңе не түйдің?
|
Стикерлер таратылады.Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып, тақтаға жабыстырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |