Сабақтың тақырыбы Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері, тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығына есептер шығару



Дата10.12.2019
өлшемі25,74 Kb.
#53285
түріСабақ
Байланысты:
9 сынып геом


Сыныбы-9




Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері, тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығына есептер шығару.

Мақсаты

Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін есептер шығаруда қолдана алу

Күтілетін нәтижелер


1. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін, тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығының белгілерін біледі

2. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін, тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығының белгілерін есептер шығаруда қолдана алады

3. Өмірден алынған есептерге үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін, тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығының белгілерін қолдана алады

Керекті жабдықтар

Кесте, слайд, стикер, бағдаршам

Сабақ барысы:




Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


1. Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу

2. 3 топқа бөлу (үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш, шеңбер) 3. Үй тапсырмасын тексеру Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерімен тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін байланыстыра отырып айтады



  1. Оқушылар жоқ оқушыны атайды, топқа бөлінеді

  2. Оқушылар топқа бөлінеді

  3. Оқушылар өткен тақырыпты есіне түсіреді

Тұсаукесер



  1. Сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру.

  2. Сабақтың критерийін оқушыларға айтамын




  1.  Сабақтың мақсатын, жоспарын біледі, күтілетін нәтижені біледі

2.Бағалау критерийін біледі

Негізгі бөлім
Негізгі бөлім


1.Оқулықпен жұмыс: №350, №351

2. Оқушының құзыреттілігін арттыруға тапсырмалар

Тапсырма 1: Бойының ұзындығы-1,2 м болатын оқушы, баскетбол себеті ілініп тұрған бағаннан 4 қадам жерде тұр. Оқушының көленкесі 4 қадам болса баскетбол себеті неше метр бағанға ілінген? Тапсырма2: Бойының ұзындығы- 1,6 м болатын қыз шам жарығынан 12 м қашықтықта тұр. Шам 4.8 м бағанға ілінген болса, қыздың көленкесін табыңыз?

  • 3. Графикалық диктант (Оқылған сөйлем дұрыс болса ^ белгісін қою керек, қате болса - белгісін қою керек )

  • 1)тең қабырғалы екі үшбұрыш өзара ұқсас болады

  • 2)Төбелеріндегі бұрыштары тең болатын теңбүйірлі екі үшбұрыш ұқсас болады

  • 3)Кез-келген екі үшбұрыш ұқсас болады

  • 4)Сүйір бұрыштары тең тікбұрышты екі үшбұрыш ұқсас болады

  • 5)Гипотенузалары тең болса, екі тікбұрышты үшбұрыш ұқсас болады

1. "Топтық әңгіме" әдісі бойынша жұмыстанады. Топтағы оқушылар білмегенін бір-бірінен сұрайды, көмектеседі, ақылдасады. Үшбұрыштың ұқсастық белгілерін қолдана отырып тапсырмаларды орындайды

3. Әр оқушы жеке орындайды. Орындап болғаннын кейін екі оқушы бір-бірінің жауаптырын тексеріп бағалайды.



Қорытынды



Жаздың ыстық күнінде данышпан қария келе жатырса ауыр құрылыс тастарын тасып алып келе жатырған үш адам кездеседі. Данышпан олардың әрқайсысына «бүгін немен айналыстың» деп сұрақ қояды? 1-шісі былай деп жауап береді: «Күні бойы қарғыс атқыр тастарды тасумен болдым» депті, 2-шісі: «Мен тек өз міндетімді адал атқардым» деп күрсініпті, ал 3-шісі: «Мен мешіттің тастарының қалануына ат салыстым» деп күлімсіреп өзінің атқарған жұмысына баға берген екен .

  1. Рефлексия

Балалар, сіздерде өздеріңіздің бүгінгі жұмыстарыңызға баға беріңіздер

- 1-ші адам сияқты жұмыс атқарғандарымыз стикерлерімізді қызыл түске апарамыз.

- Жұмыстарын адал атқарғандар– сарыға.

- Тастардың қалануына ат салысқандар– жасыл түске стикерлерімізді жапсырамыз

Сикерге жазу:

Мен үшбұрыштар ұқсастықтың белгілерінің бәрін толық білемін, толық білмеймін, білмеймін

Топта қасымдағыларға көмектестім, маған көмектесті, есептерді ешқандай көмексіз шығара аламын

Сабақ ұнады, ұнамады

2. Бағалау

3.Үйге тапсырма:№354, №358


1. Оқушылар өз ойларын ортаға салады, яғни рефлексия жазады

2. Графикалық диктант, "бағдаршам " әдісі тапсырмаларды орындауы бойынша оқушылар бағаланады



Үйге тапсырма алады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет