Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнердің тарихы мен даму кезеңдері және жанрлық ерекшеліктері



Дата08.09.2017
өлшемі92,6 Kb.
#31091
түріСабақ
9 -сынып қазақ әдебиеті сабағынан қысқа мерзімді сабақ жоспары


Күні:

Пәні: қазақ әдебиеті


Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы:

Шешендік өнердің тарихы мен даму кезеңдері және жанрлық ерекшеліктері


Жалпы мақсаты:

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры шешендік өнер арқылы халқымыздың тіл қазынасы мен тарихи шежіреміз жайында білімдерін қалыптастыру.

Сілтеме:

Әдебиет оқулығы,

Электронды оқулық



Оқу нәтижесі:

Шешендік сөздер оқушылардың терең ойын, ұтқыр шешімін, тапқырқырлығын жетілдіруге дағдыландырады.


Негізгі идеялар:

Адамдар бойындағы шешендік құндылықты ұғыну;

-адам өміріндегі мәселені шешудегі шешендік өнердің рөлін түсіну;

- ой елегінен өткізу арқылы шебер сөйлеуге жетелеу;

-осы мәтін бойынша оқиға барысындағы жұмбақтап, тұспалдап берген жауапты қарапайым сөзбен жеткізе білу;

-құнды мұра,асыл сөз,тапқыр ой екенін білу.


Табыс критерийлері

1.Шешендік сөздер туралы ұғыну:

2.Шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктерін ажырату:

3.Тәуке ханның тұсында жанданғанын дәлелдей білу:

4.Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерінің түрлерін түсіну:

5.Зерттеген ғалымдарды ойлары мен еңбектерін анықтау:

6.Шешендік өнерді зерттеп,оқулық жазған Апресян екенін ұғыну.




Қолданылатын материалдар:

Интерактивтік тақтадан слайд көрсету,бейнежазба көрсету.

Постер жазып қорғау, карточкалар



Оқыту формасы, технологиясы, әдістері



Топ құру,топпен жұмыс, жеке жұмыс

«5жол өлең»стратегиясы

Блум таксономиясы

АКТ



Сабақ кезеңдері


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


әдіс-тәсілдер

Психологиялық ахуал



Сабақ басталғанда музыка қосып тұрады. Оқушыларды билердің суреттері арқылы 3 топқа бөлемін.Топқа бөлінгеннен кейін топ ережесін сақтауды ескеремін.

Топ мүшелері рөлдерге бөлінеді.

Бүгінгі сабақта оқушылар өз-өздерін бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

Критерийлерді таныстырамын.

(Топ ережесі ілулі тұрады.)


Оқушылар билердің суреттері арқылы топқа бөлінеді.

Оқушылар өздері бекіткен топ ережелерін еске түсіреді.

Топ басшысы бағалау критерийлерін арқылы топ мүшелерін бағалап отырады.


Топтық жұмыс

Қызығушылығын ояту


Шешендк сөздер туралы бейнежазба көрсетемін.

Сұрақ қаямын:

Бейнежазба не жайлы болды?

Қандай шешендер туралы айтылды?

Олар қалай билік жүргізген екен?

Ұтымды жауап берген оқушылар мен топтарды мадақтап отырамын.



Оқушылар бейнежазбадан көргендері бойынша әңгімелейді.

Сұрақтарға жауап береді.




Ұжымдық жұмыс

Білу


Сабақтың мақсатын айқындау.

Табыс критерийлерін білгізу.

Шешендік сөздер бойынша оқыған білімдерін еске түсіріп,топ болып талқылап, әр топқа постер дайындауға уақыт беремін.Әр топқа тақырыпшаларды бөліп беремін.

I Қазақ әдебиетінің ерекше бір жанры-шешендік сөздер

II Шешендік сөздердің жанрлық түрлері

III Қазіргі шешендік сөздер

Постерді қорғау кезінде «терең тыңдалымды»талап етемін.


Оқушылар өздеріне мақсат қоя білуге үйренеді.

Табыс критерийлерін танысады.

Әр топ өз постерін қорғауға дайындалады.

Әр топтан баяндамашы шығып тақырыптарын қорғап, шешендік сөз туралы алған білімдерін ортаға салады.Бір- бірін мұқият тыңдайды.



Топпен жұмыс
постер дайындау

Түсіну

Әр топқа бір- біріне сұрақтар қойғызып, білімдерін анықтау.(АВС оқушыларының мүмкіндігін ескеру)

Топтар 2 жұлдыз 1 тілек арқылы бағалауларын айтамын.


Топ басшылары постерлерін бағалу үшін бағалау критерийлері беремін.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады.

Топтар бір -біріне

2 жұлдыз 1 тілек айтайтып бағалайды.

Постерді бағалау критерийлері

критерийлер

ұпай

Оқушылар аты




0-5










Постерлеріні талақа сай безендірілуі













Әр топ өз тақырыпшаларын

қорғауы аша алуы















Дұрыс сұрақ қоя алуы













Тапсырмаларды орындауы













Барлық ұпай















2 жұлдыз

1 тілек

Топпен жұмыс



Қолдану



Барлық топты жұпқа бөлемін. Жұп болған оқушыларға «5 жол өлең»стратегиясы бойынша тақырыпқа байланысты тапсырма беріп,сратегияның құрлысымен таныстырамын.

Жеке оқушыларға (АВС) шешендердің сөз жазылған үлестірмелер беремін.

Оқушылар уақыты үнемдеп,сын тұрғысынан ойланып , жауап беруге итермелеймін.
Ұтымды жауап берген оқушылар мен топтарды мадақтап отырамын.

Топ басшысы топ мүшелерін бағалауын ескертіп отырамын.




«5 жол өлең»стратегиясы

1 зат есім

2 сын есім

3 3етістік

4 сөзді бір сөйлем

1-ші жол зат есімнің синонимі

Жұп болып,ойланып, құрастырады
Жеке тапсырмалар

А деңгейіндегі оқушы:“Сөзден тәтті нәрсе жоқ.Сөзден ащы нәрсе жоқ.Сөзіңді тіліңе билетпе,

ақылыңа билет.Ақылыңды,сөзіңді

ақылсызға қор етпе,ақылдыға айт,кімге қай жерде, қай кезде сөйлейтініңді біл.”-деп қай шешен айтқан айтқан.Шешендік сөздің мәнін қалай түсінесің? Өзің сөзді қалай қолданасың?

В деңгейіндегі оқушы: “Қазақтар... мүдірмей,кідірмей,ерекше екпінмен сөйлейді.Ойын дәл айқын ұғындырады.Ауызекі сөйлеп отырғаның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен,ырғақпен келетіні соншалық,бейне бір өлең екен деп таңғаласың”,-деп кім айтқан айтқан.Сонда ғалым қазақтың қандай қабілетін бағалап тұр?

С денгейіндегі оқушы:


“Көш бастау қиын емес-

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес –

Шабаты жерде жау бар.

Шаршы топта сөз бастау қиын –

Шешімін таппас дау бар”,- деп кім айтқан.Ақын нені ең қиын деп тұр?

Оқушылар уақыты үнемдеп,сын тұрғысынан ойлана отырып жауап беруге тырысады.
Топ мүшелерінің жалпы жұмысын бағалау

критерийлер

ұпай

Оқушылар аты

Постер қорғау

0-5










Жеке тапсырма

0-3










“5 жол өлең” шығаруы

0-3










“Ой кестесі” бойынша салытыруды орындауы

0-3










“Ыстық орындық”

стратегиясы



0-3










Барлық ұпай

16
















Сергіту сәті

«Әлқисса» музыкасы бойынша сергіту.

Оқушылар билеп сергиді




Талдау


Қазірғі шешендік өнер мен бұрынғы шешендік өнерді салыстыру үшін кесте беремін.
Топ басшысы топ мүшелерін бағалауын ескертіп отырамын.

Ұтымды жауап берген оқушылар мен топтарды мадақтап отырамын.





Оқушылар ойлана отырып, салыстырып жазады.

Ой кестесі



Бұрынғы шешендік сөздер

Қазіргі шешендік сөздер












Оқушылар сын тұрғысынан ойланып салыстыра жазып,оқиды.



Салыстыру әдісі

Жинақтау

Оқушылардың өздері жинақтаған білімдерін тексеру үшін сын тұрғысынан ойландыратын сұрақтар туындатамын.

Әр топтан суырылып шыққан оқушылардан “Ыстық орындық” стратегиясы арқылы сұраймын.



I топ :Қалай ойлайсыңдар,неге шешендер бірде шешендік сөздің авторы,бірде кейіпкері ретінде айтылып келеді?

II топ:Тәуелсіз еліміздің қандай шешендерін білесіңдер?

III топ :“Шешеннің бойында қандай қасиеттер болу керек?”


“Ыстық орындық” стратегиясы

Бағалау


Сабақтың түйінді сөзін оқушылардан сұрау.

Топтардың сабақтың әр кезеңдеріндегі алған ұпайларын есептеп шығаруды тапсырамын.



Топ басшысы топ мүшелерінің ұпайларын есептеп айтады.




бағалау критерийлері

Рефлексия


Сабақтың соңында алған әсерлерін стикерлерге жазу.

Оқушылар стикерлерге жазып,іледі.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет