Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы эгж, Табиғат жағдайы мен ресурстары, Халқы



Дата14.06.2017
өлшемі351,17 Kb.
#19107
түріСабақ
Абдрахманова Клара Сайновна Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББ мектептің география пәні мұғалімі

Пән: география

Сынып : 9

Күні : 23.02.17.

Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы ЭГЖ, Табиғат жағдайы мен ресурстары, Халқы.

Сабақтың білімділік мақсаты:Оқушыларға Шығыс қазақстан табиғатның алуан түрлілігі және арзан су энергиясымен бай поли металл кені негізінде дамыған түсті металлургия салалары мен ауыл шаруашылығы туралы білім беру

Сабақтың дамытушылық мақсаты:Оқушылардың карталармен, сызбамен жэне қосымша материалдарды іріктей алу қабілетін қалыптастыру

.


Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық мамандануы мен өнім түрлерінің республика экономикасындағы алатын орнына баға беру.

Сабақтың көрнекілігі:карта, сызба, кестелер (қосымша материалдар). Сабақтың түрі және әдісі: СТО әдістері , топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңін өткізу. Оқушыларды түстер бойынша 3 топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Үй тапсырмасын тексеру 1. Топ -- Қарағанды қаласы; 2 топ Теміртау қаласы; 3 топ Балқаш - Жезғазған қалаларын сипаттайды.



1. Қызығушылықты ояту. Бейнефильм көрсету. Бейнефильмде қандай жер суреттелген? Шығыс Қазақстан жерінің табиғаты несімен көрікті? Жаңа сабақтың тақырыбын кластер арқылы ашып алу.

2. Мағынаны тану . Постер қорғау. Жаңа сабақ жоспары:1топ: Шығыс Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы, құрамы (картамен жұмыс) Шығыс Қазақстан қандай облыстарымен шектеседі?



2 топ: Халқы (республикадағы орны, тығыздығы, орналасуы) Шығыс Қазақстандағы

экономикалық белсенді халықтың үлес салмағын анықтаңыздар. Негізгі халық жұмысының қандай түрінде қызмет етеді? Қандай қорытынды жасар едің ?

3 топ:Табиғат ресурстары, шаруашылығы.

1 топ тапсырмасы Пайдалы қазбалар. Сәйкестендіру тестісі

1

Мырыш , қорғасын

а

Бақыршық, Большевик

2

Титан , алтын

в

Оңтүстік Алтай , Қалба жотасы

3

Күміс, мыс, темір, сирек металдар

с

Малеев, Риддер, Тишин, Греков

4

Қалайы, вольфрам

д

Николаев

5

Қаражыра

е

Негізгі металдар

6

Риддер, Зыран , Березов

ж

Тас көмір

2 топ тапсырмасы. Географиялық диктант

Қысы ......... болып келсе , жазы ыстық. Ылғалдың түсуі ........ байланысты біркелкі емес. Жазық жерлерге түсетін жауын- шашын ......... мм ден басталса , тау етегінде ........мм- ге дейін барады. Қысы ...... (қаңтардың орташа температурасы- ........, жазы ыстық .......... . Жауын- шашын аумақта біркелкі таралмайды, жазық жерлерде ........., таулы аймақтарда ......... дейін жетеді.



3 топ тапсырмасы

Нені есте сақтау керек:

1.Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы көлемі бойынша ең

кішісі мен халықтың саны жөнінен ең соңғы орында.

2.Шығыс Қазақстанда минералды ресурстар: мырыш, қорғасын, титан, магний,

алтын, күміс, мыс, сирек металдар қоры көп.

3.Шығыс Қазақстан республикамыздың түсті металлургия орталығы.

4. Өскеменде қорғасын - мырыш комбинаты, титан - магний комбинаты жұмыс жасайды.


5.Ірі полиметалл комбинатты Риддер, Зырянда салынған.

Кен өндіру,байыту,рафинадталған мысты алу кешенді жүргізілді.Мыстың мұндай

түрін тек Шығыс Қазақстан шығарады.

6. Түсті металлургия арзан электр энергиясымен жұмыс жасауда.СЭС.

7, Шығыс Қазақстан су , орман ресурстарына бай.

8.Мал шаруашылығының жетекші саласы-қой шаруашылығы,

марал шаруашылығы мен бал шаруашылығы
дамыған.

9. Техникалық дақыл- күнбағыс өсіруден республика бойынша 1 орын алады.



3. Ой толғаныс. Сабақты бекіту. Тест жұмысы.

1.Шығыс Қазақстан қандай экономикалық ауданмен шектеспейді?

а)Батыс в)Солтүстік с) Оңтүстік д) Орталық е) барлығы

2.Аудан халқының орташа тығыздығы (1 км 2).

а)3 адамнан аз в)3 адамнан көп с) 4,9 адам д) 6 адам е) 6,5 адам

3. Шығыс Қазақстанның маманданған саласы.

а)мұнай және газ өндіру в)көмір және қара металлургия

с)түсті металлургия және арзан электр энергиясы

д) ауыл шарауашылық салалары е) жеңіл және тамақ өнеркәсібі

4.Толық циклді тау- кен комбинаты орналасқан қаласы

а)Риддер в) Семей с) Зырян д) Өскемен д) Шемонайха

5.Риддер комбинатының басты маманданған өндірісі

а)ет өндіру в)көмір өндіру с)полиметалл өндіру д)мыс өндіру

е)күкірт қышқылын өндіру

Тест жауаптары: 1- а 2- с 3- с 4- д 5- с

Бағалау:

5+ “5”


4+ “4”

3+ “3”


2+ “2”

Үйге тапсырма: 44 параграфты мазмұндау . Шығыс Қазақстанның ауданының ЭГЖ, Табиғат жағдайлары, Халқы.

Бағалау.

Рефлексия . Даналық ағашы Кері байланыс, Бүгінгі сабақ саған несімен ұнады?

Бүгінгі сабаққа не қосар едің?

Сау болыңыздар!

Бағалау парағы

Оқушының аты – жөні

Үй тапсырмасын тексеру .

Сәйкестендіру тестісі

Географиялық диктант

Венн диаграммасы

Сабақты бекіту тест жұмысы

Қорытынды баға





















































































19 -17 ұпай «5»16- 13 ұпай «4»12 – 8 ұпай «3»

Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББМ

«Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы ЭГЖ, Табиғат жағдайы мен ресурстары, Халқы»



(9 «Б» сынып) (ашық сабақ)

География пәнінің мұғалімі К. Абдрахманова

2016-2017 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет