Назар аударыңдар! Дамыған көшпелілер империясының ерте көшпелілер империясынан басты айырмашылығы - заңның болуында. Моңғол империясындағы құқықтық ережелер «Ұлы жасақ» пен Шыңғыс ханның біліктері болды. Уақыт өте келе, моңғолдардың бір бөлігі исламды қабылдап, шариғат заңына бағына бастады.
Моңғолдар құрған империя Тархандардың құқықтық жағдайы. Империяда әскери ақсүйектер болды. Оларға Шыңғыс ханның өзі және басқа да моңғол хандары атақтар, марапаттар мен ерекше сіңірген еңбегі үшін артықшылықтар сыйлады. Мұндай адамдар тархандар деп аталды. Олар алым- салықтардан босатылды, хан сарайына кез келген уақытта және ерекше рұқсатсыз кіре алды, жиын-той кезінде құрметті орындарды иеленді. Тархандар «Ұлы жасаққа» қатысып, артықшылықтарға ие болды. Олар жауапкерпгілікке тоғызыншы рет жасаған елеулі қылмысы үшін (өлім жазасы қолданылатын) ғана тартылды. Сондықтан тархандар құқықтық тұрғыда Шыңғыс хан ұрпақтарынан да жоғары тұрды.