Сабақтың тақырыбы: Сызықтық және кеңістік перспективасы Сыныбы: 6 Мерзімі: Сабақтың мақсаты



Дата07.05.2017
өлшемі70,47 Kb.
түріСабақ
Сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық және кеңістік перспективасы

Сыныбы: 6

Мерзімі:

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Сызықтық және кеңістік перспектива заңдылықтары негіздерімен таныстыру. Перспектива заңдылықтарын қолдана отырып, сурет салуға баулу.

Ә) Дамытушылық: Сурет салуда перспектива заңдылықтарының ерекшеліктерімен кеңінен таныстыру, графикалық материалдардың мүмкіншіліктері және тордар жайлы жалпы түсінік қалыптастыру.

Б) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, қоршаған ортаның сұлулығы мен көркемдігін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Талдау, іздендіру, топтық жұмыс

Көрнекілік: Слайд, түрлі түсті фигуралар, пән құралдары

Пәнаралық байланыс: сызу, дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдасмтыру кезеңі

ІІ. Өткен сабақты қайталау

ІІІ. Жаңа сабақ

VІ.Сергіту сәті

V. Шығармашылық жұмыс

- топпен жұмыс

- сурет салу.

VІ. Сабақты бекіту.

VІІ.Бағалау

VІІІ. Үй тапсырмасы



І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу

Топқа бөлу: көкжиек, кеңістік, жарық

Тыныштық сәті



Балалар, еркін отырайық. Көзімізді жұмып, бәріміз терең демалып, таңның атуын елестетейікші.

  • Тіршіліктің оянуын,

  • Табиғаттың сұлу, әдемі, көркемдігін сезінейікші.

Шығыс жақ сарғайып енді таң да атып келеді.

Атып келе жатқан таң, шіркін қандай тамаша! Қандай керемет, әдемі, сұлу десеңші! Біз бәріміз таңның атуын күтіп, ойланып отырмыз. Жаңа ғана шыққан жасыл шөп те, жылы жел де, жұп-жұмсақ жапырақтар да бізді айналады, жақсы көреді. Күннің жаңа ұядан шыққан сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады. Гүлдердің бәрі де ұйқыдан оянды.

Шуақ шаша алтын таң да, мөлдір таза ауа да оянды. Әлемнің бәріне жарық жайылды. Құстар да оянды. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.

Табиғат та оянған, оян сен де!

Терең дем алып, көздеріңді ашыңдар. (көңіл - күйлерін) сұрау
ІІ. Өткен сабаққа қысқаша шолу жасау, қайталау\Аукцион жүргізу

  1. Композиция дегеніміз не? (Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі)

  2. Композицияның әсерлі құралдарын атаңыз (ритм, симметрия, асимметрия, тепе теңдік, контраст, нюанс)

  3. Бейнелеу өнерінің жанрларын атап бер? 

  4. Пейзаж дегеніміз не? (табиғат көрінісін бейнелейтін бейнелеу өнері жанрларының бірі)

  5. Мольберт дегеніміз не? (суретшінің арнайы сурет станогы)

  6. Нюанс деген не? (көзге көріне бермейтін болар болмас реңдік қатынастар, Аздаған мағыналық ерекшелік, сәл ғана өзгешелік)


ІІІ. Жаңа материалдың баяны.

Тақтаға назар аударамыз!

Интербелсенді тақтада әр түрлі картиналар бар, бұл картиналарға ортақ қандай ерекшелік бар? (жауап: алыс жақындық, алыстаған сайын кез келген зат немесе құбылыс өзгереді.)

Дұрыс! Біз табиғат бізге қалай көрінсе, қағаз бетінде де соған сәйкес бейнелейміз. Біз кәсіпқой суретшылердің, фотографтардың картиналарын көру барысында кеңістіктің тереңдігін айқын сезіндік. Мысалы, кейбір заттар бізге жақын, ал кейбірі алыс болып көрінеді. Мәселен, егер автобус бекетінде тұрып жүріп кеткен автобустың соңынан карасақ, ол алыстаған сайын кішірейіп барады, табиғаттағы бұл құбылыстарды перспектива деп атаймыз. Яғни бүгінгі тақырыбымыздың мақсаты осы перспективаның заңдылықтары, сызықтық және кеңістік перспектива заңдылықтары негіздерімен танысу. Перспектива заңдылықтарын қолдана отырып, сурет салуды үйрену. Перспектива бейнелеу онерінің грамматикасы. Сондықтан әрбір бейнелеу өнері туындылары алдымен перспектива заңдылықтарына сүйене отырып, бейнеленеді. Перспектива сызықтық және кеңістік болып екіге бөлінеді.

Ал енді балалар әр топтан бір оқушы тұрып орталарыңызда тұрған түрлі түсті текшені қолымызға аламыз, мінекей менде де бар оның біреуі, балалар қараймыз,

Егер біз осы текшенің бір жағын көрсек, не көреміз? (жауап: шаршы)

Иә, шаршы, жаңағы айтып өткен сызықтық перспективамыздың өзі екіге бөлінеді, соның біріншісі фронталь сызықтық перспективасы болып табылады, яғни жаңа өздерініз көргендей суретшіге заттың бір жақ бөлігі беті толық көрінеді де, қалған беттері көрінбейді, бұл құбылыс бізде фронталь сызықтық перспективасы болып табылады, Ал енді келесі мысал егер дәл осы текнің үстіңгі оң жақ бұрышынан қарасақ, бізге не көрініп тұр? (жауап: текшенің үш қабырғасы мен бір бұрышы)

Яғни бұл дегеніміз сәйкесінше көрушіге заттың бір бұрышы менен екі немесе үш қабырғасы айқын көрінеді міне бұл бізде сызықтық перспективаның екінші бір түрі бұрыштық сызықтық перспективасы.

Түсіндік қой?! Отырамыз рахмет, балалар! Мысал ретінде, интербелсенді тақтаға назар аударамыз! Ә.Қастеев ағамыздың «Темір тұлпар» картинасын көреміз! Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).

Сызықтық перспективады есте сақтау керек



  1. Белгілі бір бұрышпен горизонт сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады. (фото)

  2. Параллель сызықтардың қосылу нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады. (фото)

  3. Көрушіден алыстаған сайын вертикаль бағыттағы сызықтардың арақашықтығы өлшемі кішірейе түседі. (фото)

  4. Көкжиек сызығы дегеніміз біздің көз деңгейімізді білдіретін сызық.

Енді тақтаға назар аударамыз?!

Салыстырмалы сурет көрсетілген, бұл жерде қандай айырмашылықты байқап тұрсыздар? (жауап: түстердің өзгерісі, көлеңкелердің өзгерісі)

Егер көрушіге жақын орналасқан заттардың ашық, айқын, ал алыстағылардың түстері солғын және жиынтық түстер ретінде қабылданса, суретшіге жақын орналасқан заттар түрі айқын, ал алыстағылар бұлыңғыр, көмескі болып қабылданса, онда біз бұны кеңістік перспективасы деп қабылдаңыз.

Аубәкір Исмаиловтың «Челкара қойнауында» атты туындысында кеңістік перспективасын анық байқауға болады.



VІ.Сергіту сәті

Жақсы балалар, бүгінгі тақырыбымыздан бөлектеніп кішкене ойын ойнап жіберсек қайтеді?!

«Кім тапқыр, кім жылдам?»

Интербелсенді тақтада екі бірдей сурет көрсетіледі, сол суретте неше айырмашылық бар қандай, соны табуымыз қажет! Бюджетімізде әлі ақша баршылық, сондықтан белсенді атсалысқан оқушыларға ақшалай марапатталады.

Ал кеттік!

V.Топпен жұмыс

Перспектива құрастырамыз

- Шығармашылық жұмыс, сурет салу.

Оқулықпен жұмыс\ 59 бет, Кеңістік перспективасы



Сабақты бекіту.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»-деп Қадыр ағамыз айтқан сөз, бүгінгі күннің мақсат, міндеті болды. Қазақ тілін білу-бұл өзің өмір сүріп отырған мемлекеттің халқын, тілін құрметтеу болып табылса, орыс, ағылшын тілін білу арқылы заман көшіне ілесерің хақ. Дей отырып «Үш тілді меңгеру, еңселі елдің мақсаты» Бұл мақсатқа жету жолында біздің қолданар әдісіміз әр сабақты қорытындылауда бүгінгі өткен жаңа термин сөздерімізді үш тілде қарасытырамыз



  • Перспектива – prospect [ ‘prospekt]

  • Сызыктык перспектива – линейная перспектива – linear prospect

  • Фронтальная перспектива – Frontal prospect

  • Бұрыштық перспектива – угловая перспектива – corner prospect

  • Кеңістік перспективасы – пространственная перспектива – spatial prospect

  • Көкжиек сызығы – линия горизонта – linear horizon

Сабағымызды қорытындылау мақсатында келесі сұрақтарға зейін қойып дұрыс әрі нақты жауап айтсаңыздар деймін

  1. Перспектива дегеніміз не?

  2. Перспективаның қандай түрлерін білесіз?

  3. Сызықтық перспектива дегеніміз не?

  4. Сызықтық перспективаның қандай негізгі ережелерін білесіндер?

  5. Кеңістік перспективасы дегеніміз не? (заттардың жарывқ пен ауа кеңістігінің әсерінен түсін өзгертуі)

Бағалау

Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, аукцион өткізейік, аукционға әрине ақшасы бар адам қатысады, ақшасы бар деген сөз ол бүгінгі сабақта барынша белсенділік танытқан оқушылар деп білемін, аукционға мен өз қолымнан шыққан Бәтима Зәуірбекова апамыздың «Сәукеле киген қыз» атты портретін кішкене ғана өзгерістермен nшығарғым келіп тұр, рахмет!

Оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасы: 60 бет «Шөп шабу» Қ.Қожықов

Маңғыстау облысы


Түпқараған ауданы
Форт-Шевченко қаласы
Форт-Шевченко мектеп - лицейі

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Сызықтық және кеңістік перспективасы»

Бейнелеу пәнінің мұғалімі


Рысбаева Райхан


2016-2017 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу