Психологиялық дайындық..
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Білу
Сұрақ - жауап әдісі бойынша өтілген материалды қайталау.
1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
2. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
3. Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер тауып атаңдар.
4. Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер тауып атаңдар.
к, п, а, і, т
оқушы, оқыды, кітап.
Проблемалық сұрақтар қою:
- Балалар, бірінші қатарда нелер жазылған?
- Әріп деген не?
- Жоғарыдағы әріптерден қандай сөз құрауға болады?
- Ал екінші қатарда ше?
- Сөз дегеніміз не?
1 - тапсырма: Ендеше, екінші қатардағы сөздерден сөйлем құрастырып көрейік.
Сөйлемнің ережесі қайталанады.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді, бас әріптен басталып жазылады, сөздер бір - бірінен бөлек жазылады, айтылу мақсатына қарай тыныс белгісі қойылады.
Ой қозғау
Талдау
Оқулықпен жұмыс:
148 - жаттығу. 1. Әр сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар.
2. Әр сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар. Сөйлемдегі сөздердің бір - бірінен бөлек жазылатынын аңғарыңдар.
149 - жаттығу. Ізденушілік деңгейдегі тапсырма.
1. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар.
Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазыңдар.
(Алғашқы үш сөйлемін жазу.)
Шығармашылық тапсырма:
Оқылатын сөздердің ішінен кім? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді атайық. Әнші, биші, жыршы, күйші.
Бұл сөздерді бір сөзбен қалай атауға болады? Өнер адамдары.
Сөздік жұмыс: Әр сөздің мағынасына тоқталу, оқушылардың ойын тыңдау.
Әнші - ән айтатын адам.
Биші - бидің қыр - сырын танитын, жақсы билейтін адам.
Күйші - домбырада күй тартатын адам.
Қазір біз жыр, жыршы, жырау сөздерінің мағынасының талдап түсініп көрейік. Сонымен жыршы сөзінің түбірі жыр, ендеше жыр дегеніміз не екен? соған тоқталайық.
Жыршы дегеніміз - жыр айтушы, таратушы, жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақалмен, әнмен айтады.
Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі.
Жырауларды атап айтатын болсақ Асан қайғы, Қазтуған жырау, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Шал ақын.
С. Мәуленовтің «Жырау» өлеңін мәнерлеп оқып, мағынасына мән беру.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Қисса - әңгіме, аңыз, ауыз әдебиетіне тән эпикалық жанр, дастан.
Абыз - ел басқару ісіне араласып отырған саяси тұлға болған ғұлама, көріпкел.
Мына шешендік сөздерге назар аударайық.
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас. ( Бұқар жырау)
Шығармашылық жұмыс
Бекіту
«Үндемес тест» (жауабы а болса оң ,б болса сол қолын көтереді.)
1. Сан есім қандай сұраққа жауап береді.
а) қандай б)қанша
2.Сан есімді тап.
а) бес б) балық
Тест жұмысы
Үйге тапсырма
151 - жаттығу, ережені қайталау. С. Мәуленов. «Жырау» оқу