Сабақтың тақырыбы: «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері»



Дата26.08.2017
өлшемі162,15 Kb.
#29188
түріСабақ
Маңғыстау облысы,

Маңғыстау ауданы,

Шетпе селосы,

Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Каламбаева Назгуль.

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері».

Сабақтың мақсаты: Бастауыш пен баяндауыштың тұрлаулы мүше екенін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері: а)Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу. Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.

ә) Оқушылардың ой — өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

б) Сауатты жазуға ұқыптылыққа тәрбиелеу .

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ойын элементтері көрнекілік, сұрақ –жауап ,ереже, іздену.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта,слайд, суреттер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Келген қонақтармен амандасу.

Психологиялық дайындық

Ұйқыашар”



Он саусақ,

Он саусақты жұм-сақ

Болады (көрсетіп) жұдырық

Олай болса бәріміз

Бастайық сабақ,бастайық

Он саусақтай бірігіп

Жұдырықтай жұмылып!

Барлығымыз бірігіп

Алға қадам басайық!


Сабақтың ұраны: Ұйымшылдық,тәртіп,ең бастысы-білім.

Оқушыларды топқа бөлу.Шартты белгілермен.

1-топ:Сұраулы сөйлем

2-топ:Лепті сөйлем.



3-топ:Хабарлы сөйлем.

«Бағдаршам әдісімен» бағалау


5

4

3


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 57-жаттығу.Қарамен жазылған сөйлемді бастауышы да,баяндауышы да зат есімнен болатындай етіп қайта құрастыр.

ІІІ. Өтілген сабақты қорытындылау: Жинақтау әдісі:

Тест (сигналды белгілер арқылы)

  • Қазір ауызша тест аламын. Мен сұрақтарды оқимын. Жауабын алдарыңда жатқан сигналды белгілер арқылы көрсетесіңдер. Егер А жауабын дұрыс деп тапсаңдар А белгіні, Ә жауабын дұрыс деп тапсаңдар Ә белгіні көтересіңдер. Дайын болсаңдар тесті бастаймын.

1.Бастауыш та баяндауыш та зат есімнен жасалса ,бастауыштан кейін.....

А) Үтір қойылады.



Ә) Сызықша қойылады.

2.Нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді .....

А) Сөйлем мүшелері.

Ә) Мәтін.



3.Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлем.

А) сұраулы сөйлем.



Ә) лепті сөйлем.

ІҮ. Жаңа сабақ.

— Жақсы, балалар, енді жаңа сабағымызды бастайық. Дәптерді ашып, бүгінгі күнді және жаңа сабағымыздың тақырыбын жазып қойыңыздар.

---Көркем жазу минуты.

— Балалар, айтыңдаршы, қазір қай жыл мезгілі ?

— Күз, бірақ біздің жақта қыс ерте басталады. Сондықтан да қар жауып, борандар да басталды.

— Ал енді, мына екі сөйлемге назар аударыңдаршы:

1. Қар жауды.

2. Бүгін жапалақтап қар жауды.

— Осы екі сөйлемде қандай ұқсастық бар ? Қандай өзгешелік бар ? (балалардың жауабы)

— Өте дұрыс. Екі сөйлемде де қар туралы айтылып, оның жауғанын білдіріп тұр. Айырмашылығы – бірінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан ғана тұрады. Ал екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған.

— Демек, балалар, бастауыш пен баяндауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Тұрлаулы мүшелері сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.


  1. Топтық жұмыс.

І- топ

62- жаттығу

  • Мәтінді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз.

  • Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.

  • Мәтінге ат қой.

Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.

  • Бұл жаттығуда сөйлемнің қандай мүшелерін таптық? (бастауыш пен баяндауыш)

  • Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері? (тұрлаулы мүшелері)

  • Тұрлаулы мүшелер деп қандай сөйлем мүшелерін айтамыз? (бастауыш пен баяндауышты)

ІІ- топ

63-жаттығу

  • Мақалды жатқа жаз.

  • Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.

  • Мақалдардың мәнін түсіндір.

1.Әкеге қарап ұл өседі,

Шешеге қарап қыз өседі.

2.Жаман жолдас жолда қалдырады.

ІІІ -топ

65-жаттығу


  • Сурет бойынша бойынша әңгіме құра.

  • Әңгімеге ат қой.

  • Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тап.

V.Cергіту сәті: 10,20,90,100

Тойлаймыз Нұн атаның 80 жылдығын біз.

Математикалық сандардың астында бізге берілген логикалық есептер бар.

10- Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады.Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? (2 сағ)

20- 4 жұмыртқа 4 минутта піседі.Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек? (4 мин)

90- 1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса,неше бұрыш бар? 5

100- Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда біреуін аңшы атып алады. Неше түйеқұс қалды?

VII.Ұжымдық жұмыс: 64-жаттығу.


  • Сөйлемдерді оқы.Мағыналық байланысына қарай ретімен орналастыр.

  • Тұрлаулы мүшелерді тап.

  • Қай ертегіден алынған сөйлемдер.

  • Ертегіні жалғастыр.

ҮI. Қосымша тапсырма: «Адасқан сөздер»

1.Шықты күн.

2.Ойнады найзағай.

3.Сыныпқа кірді мұғалім.

4.Болды ашық сабақ сыныпта бүгін.

Мақалды жалғастыр:

1.Ас атасы- ..... .

2.Оқу инемен құдық .... .

3.Еңбек түбі .... .

4.Жалқаудың жаны .... ,

Еңбектің наны .... .





ҮІIІ. Үйге тапсырма. 61 – жаттығу.Ереже жаттау.

XI.Бағалау қорытындысын айту.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет